ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары: 1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары: 1. Компьютерде жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70 см) сақтау керек.
2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.