Бағдарламалық қамтама жүйесінің негізгі принциптеріне және мақсаттарына келесілер жатады: Бағдарламалық қамтама жүйесінің негізгі принциптеріне және мақсаттарына келесілер жатады:
1. Мақсаттылығына байланысты ақпараттың мазмұнына және оның характеріне талаптарын анықтау;
2. Орталықтандырылған және қайта орталықтандырылған басқарудағы ақпараттың сақталу, қолданылу және ұсыну жүйесін өңдеу;
3. Бүкіл кәсіпорынның және әрбір жұмыс бөлімшелерінде техникалық құралдарға деген қажеттіліктерін анықтау (соның ішінде компьютерлік техникалар);
4. Бағдарламалық қамтамасын құру, мәліметтер қорын жасау және оны қолдану;
5. Цифрлық ақпаратты жинау және өңдеу, маркетинг, жоспарлау, бақылау бағдарламаларының құру процесінде көп варианттық есептер жүргізу;
6. Автоматтандырылған өңдеу және мәтіндік ақпаратты беру;
7. Кәсіпорындардың және оның бөлек бөлімшелеріне көшіргіш құрылғылармен, телекстермен, барлық байланыс құралдармен және коммуникациялармен қамтамасыздандыру;
8. Административті-басқару жұмысын компьтерлік техникаларын қолдану негізінде автоматтандыру.
Ақпараттық-іздеу жүйелерінің маңызды мақсаттарының бірі келесілер:
Басқарудың және өндірістік бөлімшелердің жоғары деңгейде қаражаттық есеп беру мәліметін жинау және өңдеу қызметін белгілеу, ол сапаны жоғарлату және кәсіпорын бойынша финанстік ақпараттың дер кезінде түсуі мақсаттарында жүргізіледі;
Алғашкы мәліметтің жинау, өңдеу және сақтау жүйелерінің негізгі бағыттарын анықтау;
Ақпаратты өңдеу технологиясының дамуының негізгі бағытын анықтау;
Әрбір басқарушының өзіне керекті нақты ақпараттың қажеттілігін анықтау - өте қиын жағдай және оның шешімі, басқарушының тәжрибесінен және функциясынан тәуелді болады, және де оның басқару шешімін қабылдаудағы өкілеттілігіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |