Бағдарламаны берудегі мақсаты мен міндеттері



Дата26.08.2017
өлшемі108,41 Kb.
#29413
Түсінік хат
«Қазақстан Республикасы жалпы Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес және Қазақстан Республикасының әдістемелік нұсқау хатын басшылыққа ала отырып, мектеп компонентнің 1 сағаты «Сөз сыры» атты курсына арналды. Аптасына 1 рет. Сағат саны жылына-34 сағат.

Ауыз әдебиетінің інжу-маржаны деуге боларлық бір түрі – шешендік сөздер. Бұл сөздердің қаны мен жаны- төзім, мәрттік, кеңдік, адалдық, ақ жүрек қайырымдылық сияқты халықтық қасиеттер. Сол сөздердің астарын, сөз сырын ұғыну өте күрделі қасиет болып табылады. Қазақтың атақты билері Төле би, Қазыбек би, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Олардың қастерлі мұралары, даналықпен қара қылды қақ жарған әділдіктің айғағы шешендікпен айтылған сөздерін оқушылардың бойына сіңіріп, сол арқылы өз еліміздің айтулы тұлғаларын қастерлеуге, көркем сөйлеуге және сөз сырын түсіне білуге үйрету.

Қазақтың тілі қонымды да, сұлу толымды тіл. Сөз кестелеп өріп,, өрнектеп, өлмейтін, өшпейтін ғажайыптар тудырады. Асыл мұра, қазынасы сарқылмайтын алтын сандық- ауыз әдебиетінің мол мұрасы.
Бағдарламаны берудегі мақсаты мен міндеттері:
1. Ата-бабамыздың ауыз әдебиетін-ғажайып мұрасын қастерлеу.

2.«От ауызды, орақ тілді» би, шешендердің ел арасында сақталып қалған асыл сөздерімен таныстыру.

3.Қара қылды қақ жарған сөз сырының старын түсіне білуге баулу.

4.Әлі де болса үлкен іске бастар, тарихымыздың тереңіне сүңгітер билер сөзін жүйелей ширақтап, халқымыздың асыл мұраларын сүйетін оқушыларға ұсыну.




Бағдараманы берудегі әдіс-тәсілдер:

  1. Тапсырмалар орындату.

  2. Мәнжазба жаздыру

  3. Баяндамалар.

  4. Шығарма жазу.

  5. Диалог.


Бағдарламаны берудегі күтілетін нәтиже:


  1. Оқушылардың шығармашылық, іздендіру, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

  2. Өз бетінше қосымша мағлұматтар іздеп, оны саралап, ең керекті деген ой түйіндерін жеткізу.

  3. Оқушылардың сөздік қорын молайту.

  4. Жақсы әдеттер мен жаман қасиеттерді айыра білу.

  5. Сөйлегенде ойланып, әр сөзге жете мән беру.

  6. Ана тіліне құрметпен қарау.

  7. Мақал мен мәтелі айыра білу.

  8. Ауызша, жазбаша тілін жетілдіру.

  9. Әдет-ғұрыптардың өзіндік ерекшелігін білу.

  10. Қазақ халқының тарихи-мұрасын тіл арқылы танытып, меңгерту.

«Сөз сыры» курсының жылдық жоспары





Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Уақыты

1

Кіріспе сабақ

1

Лекция




2

Едіге би. Едігенің төрт билігі

1

лекция




3

Төле би. Төле бидің төрінде.

1

Тірек схемамен жұмыс




4

«Ел баласы екенсің», «Атадан ұл туса игі»

1

Тапсырма




5

Қаз дауысты Қазыбек би

1

Мәнжазба




6

«Қазып айтқан Қазыбек», «Қазыбектің қалмаққа үш рет елші боп баруы»

1

Тірек схемамен жұмыс




7

Әйтеке би

1

Лекция




8

«Жігіттің жақсысы қандай болады?»

1

Тапсырма




9

Жәнібек би

1

Лекция




10

Жәнібек пен Абылай «Үлкеннің батасы»

1

Мәнжазба




11

Тіленші би. Тіленші мен Жәнібек

1

Тапсырма




12

Асаубай мен Тіленші

1

Мәнжазба




13

Есет би

1

Мәнжазба




14

Жанкісі би «Қоқан ханына айтқаны»

1

Лекция




15

Тайкелтір шешен.

1

Лекция




16

Сырым би

1

Мәнжазба




17

Сырым би мен Төленді би, Сырымеың жауабы

1

Тапсырма




18

Сырым бидің батасы

1

Тапсырма




19

Алтыбай шешен

1

Лекция




20

Балаби

1

Лекция




21

«Бөрібас байдың қара жорғасы»

1

Тапсырма




22

Досбол би

1

Лекция




23

«Қол бастау қиын ба, жол бастау қиын ба?»

1

өзіндік жұмыс




24

Досбол би мен шешен қыздың айтысы

1

тапсырма




25

Ақтайлақ би

1

Лекция




26

Ақтайлақ пен Жанақ ақын

1

Мәнжазба




27

Жанқұтты шешен

1

Лекция




28

Жанқұттының қартайған шағында

1

Тапсырма




29

Киікбай би

1

Лекция




30

Тоқсан би. «Жұбату»

1

Тапсырма




31

Тоқсан би мен Құнанбай

1

Мәнжазба




32

Саққұлақ шешен.

1

өзіндік жұмыс




33

Мөңке би

1

тапсырма




34

Жылдық қорытындылау тест жұмысы

1

Тест жұмысы





Мазмұны:

  1. Кіріспе сабақ.

Шешендік сөздердің сөз астарын, сөз сырын ұғыну.

  1. Едіге би, Едігенің төрт билігі.

Едіге би туралы мағлұмат беру

  1. Төле би. Төле бидің төрінде.

Төленің білгір-көрегендігі, әулелігі туралы айту.

  1. «Ел баласы екенсің», «Атадан ұл туса игі»

Төленің шешендігін насихаттау.

5.Қаз дауысты Қазыбек би.

Қазыбек би-шешендігімен дараланып, көзге түскен тарихи тұлға.

6.«Қазып айтқан Қазыбек», «Қазыбектің қалмаққа үш рет елші боп баруы»

Қазыбектің шешкен дауы

7.Әйтеке би.

Әйтекенің елдің татулық-бірлігін, тұтастығын сақтауға дәлелді, қисынды сөздерін айту.

8. «Жігіттің жақсысы қандай болады?»

Әйтекенің шешкен дауларына тоқталу.

9.Жәнібек би

Жәнібек би туралы айту.


  1. Жәнібек би мен Абылай. «Үлкеннің батасы»

Жәнібек би мен Абылайдың бірлесіп шешкен билігі туралы кең мағлұмат беру.

  1. Тіленші би. «Тіленші би мен Жәнібек»

Тіленші мен Жәнібектің шешендігін дәріптеу.

  1. Асаубай мен Тіленші.

Асаубай туралы кең мағлұмат беру.

  1. Есет би.

Есет би туралы мағлұмат.

14.Жанкісі би. «Қоқан ханына айтқаны»

Жанкісі би туралы кең мағлұмат.

15.Тайкелтір шешен.

Тайкелтір шешеннің билігін насихаттау.

16. Сырым би.

Сырымның батырлығы мен билігін айту.

17. «Сырым мен Төленді би», «Сырымның жауабы»

Сырым бидің шешкен дауларына тоқталу.

18.Сырым бидің батасы..

Сырымның батасының тәрбиелік мәнін ұғыну.

19. Алтыбай шешен.

Алтыбай шешен туралы мағлұмат.

20.Балаби.

Балаби шешеннің сөздеріне назар аудару.

21. «Бөрібас бидің қара жорғасы»

Балабидің шешкен сөздерінің сырын табу.

22.Досбол би.

Досбол би туралы кең мағлұмат беру.

23. «Қол бастау қиын ба, жол бастау қиын ба?»

Досбол шешеннің сөздеріне назар салу.

24. Досбол би мен шешен қыздың айтысы

Шешендік сөздердің мағынасын ұғыну.

25.Ақтайлақ би

Ақтайлақ бидің шешендік сөздерінің сырын ұғыну.

26.Ақтайлақ би мен Жанақ ақын.

Жанақ ақын мен Ақтайлақ бидің төрелігін ұғыну.

27.Жанқұтты шешен.

Жанқұтты шешеннің шешендік сөздерін ұғыну.

28.Жанқұттының қартайған шағында

Шешендік сөздерінің мағынасын ұғыну.

29.Киікбай би

Киікбай бидің шешендік сөздерінің сырын ұғыну.

30.Тоқсан би «Жұбату»

Тоқсан бидің шешендігін насихаттау

31.Тоқсан би мен Құнанбай

Ел арасында танымал Құнанбай мен Тоқсан бидің биліктерін насихаттау.

32. Саққұлақ шешен.

Саққұлақ шешеннің шешендігін дәріптеу.

33. Мөңке би

Мөңке би туралы шешендік сөздерді оқып танысу.

34. Жылдық қорытындылау тест жұмысы.



Пайдаланған әдебиеттер:



  1. «Ана тілі» газеті

  2. Ата-бабалардың ұлағатты сөздері

  3. Сөз сыры. Алматы 1996 ж

  4. Сөз тапқанға қолқа жоқ. Алматы 1999 ж

  5. Билер сөзі. Алматы. 2001 ж

  6. Ел аузынан кітабы Алматы 1994 ж


Оқушыға ұсынатын әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақ халқының салт-дәстүрі

  2. Қазақ мақал-мәтелдері.

  3. А.Байтұрсынов «Тіл тағылымы» Алматы. 2005 ж


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет