Бағдарламаның мазмұны



бет17/19
Дата26.04.2023
өлшемі75,82 Kb.
#175494
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
3 Балжан - 21 Хит рецепт

«Клубничка» тәттісі
(пирожное «Клубничка»)


Құрамы:
Бисквит:
Жұмыртқа – 220 гр.
Қант – 100 гр.
Ұн – 110 гр
Құлпынай (клубника) – 40 гр.


Құлпынайлы компоте (клубничное компоте):
Құлпынай пюресі (клубничное пюре) – 350 гр.
Құлпынай «балғын» (свежая клубника) – 300 гр.
Қант – 170 гр.
Пектин NH – 14 гр.
Лимон қышқылы (лимонная кислота) – 2 г.


«Құлпынай - пломбир» муссы ( мусс «Клубника - пломбир»)
Құлпынай пюресі (клубничное пюре) – 100 гр.
«Италия» меренгасы – 140 гр.
Желатин – 12 гр.
Су - 72 гр.
Шайқалған кілегей 33-35% (взбитые сливки) – 150 гр.


«Италия» меренгасы: («Итальянская меренга»)
Су – 40 гр.
Қант – 130 гр.
Ақуыз (белки) – 80 гр.


Глазурь:
Ақ шоколад (белый шоколад) – 500 гр.
Сұйық май (растительное масло) – 110 гр.
Бояғыштар «майда еритін» – ақ/қызғылт
(Жирорастворимый краситель – белый/розовый)


Дайындалуы:
Бисквит:
Жұмыртқа мен қантты жақсылап миксерлейміз, масса ұлғайып, ағарып, тығыз көбік (плотная, пышная пена) болғанға дейін миксерлейміз. Ұнды електен өткізіп қосып, силиконды күрекшемен (силиконовая лопатка) араластырамыз. Табаға (противень) 1 см биіктікке жайып, үсіне текшелеп (кубик) туралған құлпынайды орналастырып 170°С-та 12-14 минут шамасында пісіріп аламыз.


Құлпынайлы компоте (клубничное компоте):
Құлпынай пюресі мен балғын құлпынайды қайнағанға дейін жеткіземіз. Қант пен пектинді бөлек араластырып алып саламыз. 20 секунд шамасында қайнатамыз. Лимон қышқылын қосамыз.


«Италия» меренгасы: («Итальянская меренга»)
Миксердің ыдысына ақуызды салып (белок) төменгі жылдамдықта шайқай бастаймыз. Жылдамдығын ақырындап қосамыз. Бөлек ыдысқа су мен қантты араластырып 110°С-қа деін қайнатамыз. Ақуыз өз формасын ұстап, екі есеге ұлғая бастаған кезде сиропты ақырын ағызып (тонкой струей) құямыз. Сосын миксердің ыдысы суығанша миксерлейміз.


«Құлпынай - пломбир» муссы ( мусс «Клубника - пломбир»)
Желатинге су құйып алдын ала бықтырып қоямыз. Түбі қалың ыдыста құлпынай пюресін ерітіп,қыздырып, алдын-ала дайындаған желатинді саламыз. Пюрені 32°С-қа деін суытамыз. Жартылай шайқалған кілегейді суыған пюреге араластырамыз.


Глазурь:
Ақ шоколадты бу моншасында (водяная баня) н/е микротолқынды пеште (микроволновая печь) ерітіп қалаған түсіңізді шығару үшін бояғышты қолданасыз. Үстіне сұйық майды құямыз да қол блендерін (погружной блендер) пайдаланып біркелкі болғанша езіп аламыз. Кептірілген таңқурай н/е құлпынай (сублимированная малина или клубника) қосуға болады, бірақ маңызды емес !!! (не важно!!!)


Тәттімізді (пирожное) видеода көрсетілгендей етіп жинаймыз.
Бізде формамыз 20/30 см.
Дайын болған пирожныйларымыздың тігінен ортасынан (по вертикали от середины) кесеміз. Тігінен кесу өз табаларыңыздың ұзындығына байланысты. Ал ені 3 см болады. Бізде 8/3 см пирожный шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет