Құрамы: Шоколадты бисквит (Шоколадный бисквит): Жұмыртқа – 220 гр.
Қант – 100 гр.
Ұн – 80 гр
Какао – 25 гр.
Карамель: Қант – 100 гр.
Глюкоза – 80гр.
Қоюлатылған сүт (сгущеное молоко) –60 гр.
Кілегей 33-35% (сливки) – 120 гр.
Сарымай (слив.масло) – 80 гр.
Желатин – 5 гр.
Су – 25 гр.
Шайқалған ганаш (взбитый ганаш): №1 Кілегей 33-35% (сливки) – 150 гр.
Глюкоза – 30 гр.
Сүтті шоколад (молочный шоколад) – 210 гр.
Желатин – 6 гр.
Су – 36 гр.
№2 Кілегей 33-35% (сливки) – 420 гр.
Глазурь: Қара шоколад (темный шоколад) – 500 гр.
Сұйық май (растительное масло) – 110 гр.
Жержаңғақ (арахис) – 50-70 гр.
Дайындалуы: Шоколадты бисквит (Шоколадный бисквит): Жұмыртқа мен қантты жақсылап миксерлейміз, масса ұлғайып, ағарып, тығыз көбік (плотная, пышная пена) болғанға дейін миксерлейміз. Ұнды және какаоны електен өткізіп қосып, силиконды күрекшемен (силиконовая лопатка) араластырамыз. Табаға (противень) 1 см биіктікке жайып, 170°С-та 12-14 минут шамасында пісіріп аламыз.
Карамель: Желатинге су құйып алдын ала бықтырып қоямыз. Түбі қалың ыдыста қант пен глюкозаны қант ерігенше қыздырамыз. Кілегей мен қоюлатылған сүтті қосамыз, 108°С-қа деін қайнатамыз. Үстіне сарымай мен быққан желатинді саламыз.
Шайқалған ганаш (взбитый ганаш): Желатинге су құйып алдын ала бықтырып қоямыз . Түбі қалың ыдыста №1 кілегейді мен глюкозаны қосып қайнатамыз. Үстіне желатинді саламыз. Массаны шоколадқа құйып, шоколад ерігенге дейін араластырамыз. Қол блендерін (погружной блендер) пайдаланып эмульсия күйіне дейін араластырамыз. №2 салқын кілегейді қосып араластырамыз, бетін пленкамен «в контакт» жауып тоңазытқышқа шамамен 4 сағатқа қоямыз.
Глазурь: Қара шоколадты бу моншасында (водяная баня) н/е микротолқынды пеште (микроволновая печь) ерітіп, үстіне сұйық майды құямыз. Жержаңғақ (арахис) саламыз.
Тәттімізді (пирожное) видеода көрсетілгендей етіп жинаймыз. Бізде формамыз 20/30 см. Дайын болған пирожныйларымыздың тігінен ортасынан (по вертикали от середины) кесеміз. Тігінен кесу өз табаларыңыздың ұзындығына байланысты. Ал ені 3 см болады. Бізде 8/3 см пирожный шықты.