Бағдарламаның мақсаты: Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушыларды қазаақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, оқушыға поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы тілдік-көркемдік ерекшеліктерді таба білуге үйрету;
Бағдарламаның міндеттері:
1.Оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
2.Бағдарламада беріліп отырған ақындардың өлеңдерімен байланыстыра отырып, ақындар әлеміне енуге жағдай жасау;
3.Зерттей оқу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;
4.Жазушы шеберлігіне көз жеткізу;
5.Әдеби тіліміздің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, байланысын меңгерту;
6.Оқушылардың кез келген көркем туындыны келістіре оқуын, көркем шығармадағы сөз сырын, мағынасын ұғынуын,сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Өзектілігі: Қазақ әдебиетінің жыр әлемін,өмір шындығын көркем тілде шеберлікпен жырға қосып жүрген асқан талантты,көркем сөз шеберлерінің поэзия әлеміне ену.