Бағдарламаның теориялық негіздері 1-тапсырма



Дата08.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#121237
Байланысты:
Тулебаева


Бағдарламаның теориялық негіздері


1-тапсырма: бағдарламаның концептуалдық негізі болып табылатын теорияларды зерттеңіз және кез-келген форматта (кесте, схема, менталдық карта және т.б.) теориялардың негізгі идеяларын ұсыныңыз.


Тапсырманы бағалау критерийлері:
1. сызба, кестелерді немесе инфографиканы қолдана отырып бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерінің (теорияларының) негізгі идеяларын түсіндіреді.


Ресурстар: Студенттерге арналған нұсқаулық 12-26 бет.




Пиаже теориясы

Пиаже зияткерлікті барлық жеке тұлғаларда бірдей дамитын бірыңғай жалпы қабілет деп есептеген. Кеңістік,уақыт және сандық аспектілерді қамтитын дамудың жалпы кезеңдерін анықтады.

Стернбергтің айтуы бойынша, адами зият – бұл «жеке тұлғаның өміріне қатысты шынайы ортаны бейімдеуге, іріктеуге және құруға бағытталған ой әрекеті»

Говард Гарднер (2006) зияткерліктің өзара байланысын тап басып көрсету мүмкін емес деп, ондай дәлелдемелердің басым бөлігін жоққа шығарады.

Зият жалғыз да тұрақты ішкі қасиет емес, керісінше ол қоршаған орта ықпалына бейім түрлі компоненттерден тұрады деген болжам жасауға болады

Оқудың ынталандырушы және аффекттік теориясы

Маслоу оқуды өзін өзі көрсетудің бір жолы ретінде қарастыруға болады деп ойлайды.

Карл Роджерс «Мен» тұжырымдамасы өмiрдiң нақты кезеңдерiнде дауды шешуге және шынайы әлем жағдайында шеберлікке ұмтылатын құзыреттiлiктің белсендi компоненті ретінде қабылданады.

Өзін өзі сыйлау «мен» тұжырымдамасының бағалау және эмоциялық параметрлерiне жатады

Гуманистік психология адамдарға және олардың өз тағдырын бақылау қабілетіне оң көзбен қарайды, жеке тұлға дамуындағы шексіз болып көрінетін мүмкіндіктер сыныптағы оқушылар туралы мұғалімдердің пікіріне әсерін тигізеді.

Бандура өзіндік тиiмдiлiктi қалыптастыруға ықпал ететiн 4 факторды атап көрсетеді :

  1. Тәжірибе

  2. Модельдеу

  3. Адамдардың пікірі

  4. Физиологилық пікірлері

Оқудың әлеуметтік-мәдени теориясы

Жеке тұлғаның дамуына қоғамның қосатын үлесінің маңызын қарастырады. Бұл теория дамып келе жатқан адамдар мен өздері тұрып жатқан мәдениет арасындағы өзара қарым-қатынастың маңызын атап өтті

Маңызды ұғым – жақын арадағы даму аймағы.

«Көпіршелер» – оқушыға ЖАДА бойынша қолдау көрсетіп, біреудің көмегінсіз орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру үшін мұғалімдер ұсынатын интерактивті мүмкіндіктерді сипаттау үшін қолданылатын метафора

Мерсер және Фишер (1993) ЖАДА-ның тапсырманы орындау жауапкершілігін білім алушыға жүктеу қасиетін көпіршелердің басты мақсаты деп қарайды.

Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара әрекеттестік оқуда маңызды рөл атқарады. «Мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» жағдайындағы қарым-қатынас түсінікті дамытып, мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет