Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:
1.Қарым-қатынас мәдениеті
2.«Өзін-өзі тану» пәнінде қарым-қатынас мәдениеті
3.Қарым-қатынас мәдениетін дамыту жолдары
Дәріс тезисі
Қазақ халқының қарым-катынас мәдениетіне деген көзкарастың өзіндік ерекшеліктері бар. Келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, балаларды ата-баба дәстүрінде тәрбилеуді мақсат тұтқан қазақ отбасылары баласын мәдениеттілікке, зерделілікке баулып, халқының рухани құндылықтары мен әдет-ғұрыптарын тәрбиенің бұлжымас құралы ретінде ұс-танған. Бұл ретте қазақ ауылындағы отбасы тәрбиесі туралы алғаш еңбек жазған Н.Құлжанова болды. Қ.Т.Шериязданова мен оның шәкірттері қарым-қатынасты болашақ педагогтарды кәсіби дайындау негізі ретінде қарастырған.
Адам қарым-қатынасының маңызын, құрылымын, типологиясын қарым-қатынастың әлеуметтік концепциясы қарастырады.
Қарым-қатынастың ғылыми концепциясы - оқыту процесі кезінде бізге осы мәдениет жетпейтінін В.И.Вернадский ашып көрсетті: «Ғылым тарихын және оның өткенін келер ұрпақ сын көзімен қарамау керек, білім қоры өзгереді жаңа ақпараттар пайда болады.
Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі, ең алдымен, адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты.
Мәдени қарым-қатынас іскер жандар арасында туындайды. Ол істі алға бастырып, өркениетке қол жеткізеді. Қазіргі іскер адамға мәдени қарым-қатынас керек. Олар өз ойларын түсіндіре, дәлелдей, жеткізе алулары керек. Біздің қоғамымызға қазір ізгілікті, мейірімді, адамгершілігі мол, мәдениетті азаматтар қажет.
Әр адамның қарым-қатынас мәдениеті оның жеке-даралық қасиеттеріменде тікелей байланысты.
Н.Д. Хмель концепциясы құнды саналады, оның ойынша «педагогикалық процесс – педагог – тәрбиеленушілер» жүйесінің қызмет етуі, бұл жерде оқушылар арасындағы өзара әрекеттесу барлық мәдениет байлығын меңгеруге, өскелең ұрпақты қоғам өміріне және еңбекке белсенді қатысуға дайындауға бағытталуы тиіс.
Б.Ф. Ломовтың пікірінше, қарым-қатынас адамдардың субъект ретінде көрінетін өзара әрекеттестігі.
В.С.Мухина: қарым-қатынас стилін педагогтың оқушыларға «әлеуметтік психологиялық әсер етуінің дара типологиялық ерекшелігі» деп анықтайды.
В.В. Кан-Калик педагогикалық қарым-қатынасты педагог пен оқушылардың «әлеуметтік – психологиялық өзара әрекетінің жолдары мен дағдылары кіретін жүйе» деп түсіндіреді.
Қарым-қатынасты зерттеген ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін, ұғымына мынандай анықтама беруге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |