Бағдарламасы ( 2020 ж.) негізінде құрастырылды. Құрастырушылар


Сағат саны: 4 Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары



бет14/52
Дата20.12.2021
өлшемі0,99 Mb.
#104340
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52
Байланысты:
Тұлғаның өзін-өзі өзектендірумен өзін-өзі іске асыру негіздері

Сағат саны: 4

Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:

1. Жоғары білім беру тəжірибесіндегі акмеологиялық технологиялар

2. Контексті оқыту технологиясы

3. Жобалық оқыту технологиясы

4. Оқытудың ойын технологиялары

Дәріс тезисі

Тұлғалық-бағдарлы оқытудың аясында əртүрлі технологияларды қолдануды талап ететін білім беру үдерісінің бірнеше түрлері қолданылуы мүмкін. Олардың үйлесімі жоғары оқу орнының оқытушысына кешенді технологияларды қолданып, студенттерді жүйелі-модельдеуші деңгейге сатылы түрде жетелеуге мүмкіндік береді. Мұндай технологиялар акме-бағдарланған технологиялар болып саналады. Акме-бағдарланған технологиялар тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы ұйымдастырылатын, жүзеге асырылатын əдістер, тəсілдер мен техникалардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Технологиялардың айрықша ерекшелігі ретінде, олардың гуманизм принциптеріне сүйенуі, адам дамуының жоғары деңгейлеріне, соның ішінде кəсіби іс-əрекет саласында жетістікке жетуге бағдарлануы алынады.

Қазіргі кезде көптеген авторлар əлеуметтік технологияларды қолданудың қажеттілігін (Ю.М. Резник), білім беру технологияларын (Г.К. Селевко), педагогикалық технологияларды (В.П. Беспалько, Б.Т. Лихачев, М.В. Кларин жəне т.б.), оқыту технологияларын (Б.С. Гершунский, П.И. Пидкасистый, М. Чошанов жəне т.б.), мамандарды кəсіби даярлау технологиясының қажеттілігін құрастыруда (Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин, Б.Н. Кулюткин). Г.Е. Муравьеваның пікірі бойынша, олар категориялармен арақатынаста болады: педагогика, білім беру жəне оқыту. Ең ауқымды ұғым ретінде педагогикалық технология ұғымы алынады, ол білім беру, оқыту жəне тəрбие үдерістерін қамтиды, оқытушының кəсібилігін дамыту құралы, инструменті ретінде қарастырылады. Б.Т. Лихачев аталған ұғымға келесі анықтама береді: «Педагогикалық технология – оқытудың формаларының, əдістерінің, тəсілдерінің, тəрбие құралдарының арнайы жинағын анықтайтын педагогикалық-психологиялық бағдарлар жиынтығы; ол педагогикалық үдерістің ұйымдастырушылық-əдістемелік құралдары.

Ақпараттық акмебағдарланған технология. Ақпараттық акмебағдарланған технологияны қолдануды оқытушының іс-əрекеті жалпылама, дерексіз ақпаратты айқындауды, əлемнің ғылыми бейнесін қалыптастыруды, қолжетімді деңгейде теориялық тұжырымдамаларды құруды, теориялық білімді практикалық міндеттерді шешуге алмастыруды қамтиды. Мұнда іс-əрекетте компьютер ақпаратты іздеу жəне өңдеудің, дидактикалық жүйенің барлық субъектілерінің іс-əрекетін интеграциялау құралы ретінде болады. Мұнда таным объектісі ретінде, пəннің теориялық мазмұны алынады, ал өзіндік зерттеудің пəні ретінде – басты нəрсені айқындау қабілеті, ақпаратты жүйелеу жəне интерпретациялау, теориялық жалпылау жасау қабілеті алынады. Іс-əрекеттің негізгі алгоритмдері – салыстыру, талдау жəне біріктіру, абстракциялау жəне нақтылау, жүйелеу жəне жіктеу, логикалық операциялар, ұғымдарды қалыптастыру операциясы – символдық формадағы анықтама, белгілер, индуктивті, дедуктивті, нəтижелі ой қорытындысын жасау алынады. Оқытудың негізгі əдістері – эвристикалық, проблемалықзерттеуші.

Жоғары кəсіби білім берудің негізгі мақсаты, студенттің жоғары оқу орнында оқыту кезеңінде болашақ кəсіби іс-əрекетінің біртұтас құрылымын қалыптастыру болып табылады. Белсенді іс-əрекеттің көмегі арқылы, əлеуметтік тəжірибені меңгеру, адамның психикалық функцияларын жəне қабілеттерін дамыту, оның объективті əлеммен, басқа адамдармен, өзімен қатынастар жүйесі жүзеге асырылады. Əлеуметтік тəжірибені меңгерудің əрекеттік теориясының аясында А.А. Вербицкий белгілік-контексті оқыту тұжырымдамасын құрастырды. Осы теорияның тұрғысында инновациялық, «белсенді» оқытудың формаларын, əдістерін жəне құралдарын қолданудың алуан түрлі эмпирикалық тəжірибесі тұжырымдамалы, саналы ұғынылған. «Контекст» категориясы студенттің болашақ кəсіби іс-əрекетінің, оның оқу іс-əрекетінің формаларына, үдерісіне жəне нəтижесіне мағына-құраушы əсерін қамтамасыз етеді. Контекст жағдаяттың мəнін жəне мағынасын тұтасқа, оның компоненттеріне ұсынып, нақты жағдаятты қабылдау, түсіну жəне қайта құрудың ерекшеліктеріне əсер ететін, адамның өмір сүру əрекетінің сыртқы жəне ішкі факторларының, жағдайларының жүйесі ретінде анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет