Бағдарламасы ( 2020 ж.) негізінде құрастырылды. Құрастырушылар


Сағат саны: 2 Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары



бет10/52
Дата20.12.2021
өлшемі0,99 Mb.
#104340
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52
Байланысты:
Тұлғаның өзін-өзі өзектендірумен өзін-өзі іске асыру негіздері

Сағат саны: 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:

1. Акмеологиялық мəдениет

2. Акмеологиялық мəдениетті дамыту тиімділігі

3.Тұлғаның кеңістігіндегі акмеологиялық мəдениеттің дамуы



Дәріс тезисі

Акмеологиялық мəдениет – тұлғалық жаңа құрылым, ол адамның тұтастық ретінде қалыптасуын негіздейді, оның өзін-өзі жүзеге асыруының нəтижелілігі, акмеге жетуінің дара траекториясының оңтайлылығын жүзеге асырудың сатысы ретінде болады. «Акмеологиялық мəдениет» ұғымының проблемалық бірыңғай өрісіне «акме», «өзін-өзі жүзеге асыру», «адамның тұтастығы», «өзінөзі дамыту», «мəдениет» категориялары енеді. Акме субъектінің өмірлік жолын өзіндік жүзеге асыру тəсілінің кульминациясы болып табылады, адамның өзін-өзі жүзеге асыруының субъектісі ретінде шығармашылық əлеуетін жүзеге асыру, жетілдіру жəне көбейтуде шыңға жетудің белгісі болып саналады. Өзін-өзі жүзеге асыру, процессуалды тұрғыда адамның біртұтас тұлғалық-əрекеттік күйінің тереңдігінің басым өзгерісі ретінде болады, оның барысында адам өзіндік тұрғыда ашылады, жаңарады, оның рухани мəні жетілдіріледі.

Нəтижелі тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыру, адамның іс-əрекеттің алуан түрлі формаларында өзін-өзі жүзеге асыруының, тұтастығын қалыптастырудың қорытындысы ретінде болады. Осылайша, акме саты ретінде, ал адамның тұтастығы – өзін-өзі жүзеге асырудың көрінісі ретінде болады. Мұнда акме күйіне жетуге, нəтижесінде өзін-өзі жүзеге асыруға адам тек өзін-өзі дамыту барысында қол жеткізе алады. Өзін-өзі жүзеге асыру – бұл бір мезгілде үдеріс (өзінің мəнді, шынайы бастауларына қозғалыс) жəне нəтиже (шындықтың болмысы жəне болмыстың шынайылығы) ретінде болады; өзін-өзі жүзеге асыру мəнге қозғалыс үдерісінде, ал белсенділік адамның өзінен басталатынын қамтиды, яғни тек адам ғана өзін-өзі жүзеге асыра алады; өзін-өзі жүзеге асыру мақсат түрінде құрастырылған нəтиже ретінде, адамның біртұтас өзін-өзі дамыту бағытын ұсынады. Өмірлік жолдың субъектісінің өзін-өзі жүзеге асыру тəсілінің кульминациясы ретінде акмеге жетудің салдарында, адамның тұлғалық мүмкіндіктері тек жетілдіріліп қоймайды, сонымен бірге көбейеді (шексіз болады). Сонымен бірге, акмеологиялық адамның өзін-өзі жүзеге асыру субъектісі ретінде, шығармашылық əлеуетті жүзеге асыруда, жетілдіруде жəне көбейтудегі шыңның белгісі ретінде болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет