Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:
1.Акмеологиялық факторлар
2. Акмеологиядағы негіз құраушы ретіндегі əдіснамалық принциптер
Дәріс тезисі
Акмеологиялық факторлар – іс-əрекеттегі жоғары кəсібилікке жетуді негіздейтін негізгі себептер (қозғаушы күштің сипатына ие) жəне кəсібиліктің басты детерминанттары болып саналады. Факторлар – бұл адамның кəсіби іс-əрекеттің шыңдарына, яғни жоғары жетістіктерге өзіндік қозғалысын негіздейтін объективті себептер. Акмеологиялық жағдайлар – іс-əрекеттегі жоғары кəсібилікке жету тəуелді болатын маңызды жағдайлар. Акмеологиялық факторлар мен жағдайлар мазмұны бойынша жақын болғанмен, оларды теңестіруге болмайды. Тұлғаның дамуының əртүрлі сатыларында олардың əртүрлі мəні болады, олар кəсібилікке жетуге əртүрлі əсер етеді. Акмеологиялық зерттеулерде маңызды жағдайлар ретінде, нышандар, жалпы жəне арнайы (атап айтсақ, кəсіби) қабілеттер, отбасы тəрбиесінің жағдайлары, бастауыш, орта жəне жоғары сыныптардағы тəрбие, кəсіби оқу мекемесіндегі білім беру, кəсібиліктің бастапқы кезеңіне жататын жағдайлар айқындалады. Жастардың дарындылығын дамыту мəселелерін талдау үдерісінде мазмұны бойынша акмеологиялық маңызды жағдайлар анықталды. Оларға жататындар: – қоғамдық-тарихи сұраныс (қоғамға талантты тұлғалар, өз ісінің танымал кəсіпқойлары шынымен қажет пе), еркіндік, қысымның болмауы, сөзсіз бағыну ахуалының болмауы, шеберліктің жоғары беделі; – лайықты өмірлік деңгей (күнкөрісті іздеуде өзінің талантын алмастырмау мүмкіндігін ұсынатын); – қоғамның ашықтығы, білім беруге жəне мəдени құндылықтарға барлығы үшін теңдей қолжетімділік; – құрмет пен мадақтаудың əрекеттік жүйесінің болуы.
Акмеологиялық факторлардың екі түрін ажыратуға болады:
1) нəтижеге жетуге бағытталған шынайы іс-əрекетте көрінетін объективті факторлар; 2) кəсіби іс-əрекеттің жетістік шамасының субъективті алғышарттарымен байланысты субъективті факторлар (мотивтер, бағыттылық, қабілеттер, құзыреттілік, шеберлік, қанағаттану, шығармашылық). Акмеологиялық факторларды жүйелі тұғырда жіктеуге болады. Жүйелі тұғырда олар жалпы, ерекше жəне бірегей болуы мүмкін. Жалпы факторларға мотивацияның жоғары деңгейі, күтпеген нəтижелерге жетуге қажеттілік, кəсіби-тұлғалық стандарттар, кəсібиліктің шыңдарына деген өзіндік қозғалыс жатады. Акмеологиялық талдау – кəсібилікті зерттеудегі акмеологиялық жағдайлар мен факторларды анықтау үдерісі. Ол маңызды категория болып келеді. Акмеологиялық талдаудың пəні ретінде, қоғам мен тұлғаның алдында барынша жауапты іс-əрекетті жүзеге асыру жағдайында барлық психикалық механизмдердің болуының жоғары түрлерінің қалыптасуын жəне жоғалуын зерттеу алынады. Акмеологиялық талдау мен зерттеулер ғылыми негізделген принциптерге сүйенген жағдайда нəтижелі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |