Бағдарламасы ( 2020 ж.) негізінде құрастырылды. Құрастырушылар


Сағат саны: 2 Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары



бет8/52
Дата20.12.2021
өлшемі0,99 Mb.
#104340
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52
Байланысты:
Тұлғаның өзін-өзі өзектендірумен өзін-өзі іске асыру негіздері

Сағат саны: 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:

1. Акмеологиялық дамыту

2. Жастық шақ кезеңінде тұлғаның акмеологиялық дамуы

Дәріс тезисі

Қазіргі қоғамда болып жатқан əлеуметтік-экономикалық жəне саяси өзгерістер, барлық əлеуметтік топтарға, соның ішінде жастар қауымына да əсер етеді. Жастардың мінез-құлқы аталған топқа тəн мінез-құлық сапаларымен, сонымен бірге олардың қоғамда алатын орнымен негізделген: психикалық жылдамдық, интеллектуалды ұтқырлық, эмоциялардың ақыл-ойдан басымдылығы. Жастардың тұлғалық жəне əлеуметтік нормаларын қалыптастыру мен меңгеру, олардың мінез-құлқын əлеуметтік-психологиялық реттеу мəселесінің ерекше мəні болады, себебі жастар қоғамның жарқын болашағын білдіреді, оның мүмкіндіктері мен мəселелерін айқын көрсетеді. Қазіргі кезде акмеологияның, психология жəне педагогика ғылымдарының алдына, білім берудің əлемдік жүйесінің уақытынан бастап, алғаш рет жастық шақ кезеңінде тұлғаны оңтайлы дамыту, болашақ мамандарды орта білім беру мекемесінде (мектеп), орта кəсіби білім беру мекемесінде (колледж) жəне жоғары кəсіби білім беру мекемесінде (ЖОО) оқыту кезеңінде тұлғалық жəне əлеуметтіккəсіби құзыреттіліктер кешенін жетілдіру міндеттері толыққанды түрде қойылып отыр. Акмеологияда нақты адамның кəсібиліктің шыңдарына жетудің тиімді факторы, оның кəсіби нəтижелі іс-əрекетінің міндетті элементі ретінде, шығармашылық əлеуетті дамыту қабілеті мен өзін-өзі жетілдірумен белсенді жəне нəтижелі шұғылдану қабілеті қарастырылады. Іс-əрекеттің кез келген саласында тұлғаны кəсіби өзін-өзі жетілдіру, көп жағдайда оның кəсіби құзыреттілігінің деңгейін анықтайды. Жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық дамытудың қажеттілігі, бірқатар себептермен негізделеді, ең алдымен: қазіргі жағдайда акмеологиялық дамудың рөлі мен мəнінің артуымен; психологиялық жəне əлеуметтік сипаттағы мəселелерді шешуде акмеологияның құбылыстарының кең таралуымен; жастық шақ кезеңінде тұлғаның іс-əрекетінің нəтижелілігін арттыру қажеттілігімен; жастар мен педагогтардың тұлғалық-кəсіби сапаларын жан-жақты дамыту жəне өзіндік жетілдіру, өзін-өзі тану, өзін-өзі көрсетудің құралы ретінде, олардың тұлғасын акмеологиялық дамуын оңтайландырудың қажеттілігіне негізделеді. Өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік білім алу, өзін-өзі бақылау, білімгерлер үшін маңызды қарама-қайшылықты шешудің құралы болып табылады: білімгерлердің санасында қалыптасқан «Кəсіби идеалды Мен» жəне «Кəсіби шынайы Мен» бейнелерінің арасындағы, олардың кəсіби өзін-өзі жетілдірудің құралдары ретінде болады. Кəсібиліктің аса жоғары деңгейіне олар шығармашылық əлеуетті жүзеге асыру арқылы, инновацияға деген қабілет арқылы жетеді. Болашақ мамандардың объективті өзін-өзі бақылау қабілетінің маңыздылығын атап өткен жөн. Оның даму деңгейіне, өз еңбегінің шынайы жəне əлеуетті нəтижелері туралы ұғымдардың адекваттылығына, кəсіби өзін-өзі дамытудың тиімділігі, оның кəсіби іс-əрекетінің тиімділігі байланысты болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет