Жыл сайынғы қайта бекіту туралы мәлімет:
№ р/н
|
Оқу жылы
|
Оқу бағдарламасы туралы мәліметтер
|
Қайта бекіту күні, хаттама №
|
ОӘҚ төрайымының қолы
|
1
|
2017-18
|
№РУПП 2017-18-002
|
29.08.2017 №1
|
|
2
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
Мазмұны
1. Түсінік хат ………………………………………………….................................................3-4
2. Семестр бойынша бөлу …………….……………………… ……..........................................5
3. Тақырыптық жоспар және пәннің мазмұны……………….………...................................5-7
3.1. Тақырыптық жоспар ……………………………………………………..............................5
3.2. Пәннің жұмыс бағдарламасының мазмұны……………. ………...................................6-7
4. Әдебиеттер және оқыту құралдары…………………..……………………...........................8
Түсінік хат
Бұл оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының техникалық және кәсіптік білімнің 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «24» сәуір 2013 ж. № 150 бұйрығымен бекітілді.
Өндірістік оқытудың оқу бағдарламасының мазмұны оқу жоспарларына және біліктілік талаптарына сәйкес анықталады.
Кәсіптік тәжірибе кәсіптік білім берудегі негізгі білім бағдарламасының бір бөлігі және кәсіби қызмет көрсету мен білікті техникалық маман даярлауға ең тиімді жолдардың бірі болып табылады.
Кәсіптік тәжірибе мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл бағдарлама «Өндірістік диплом алдындағы тәжірбиеге» арналып құрастырылған.
Диплом алдындағы тәжірибенің мақсаты: түлектердің өзбетіндік кәсіби-педагогикалық қызметке даярлық деңгейін анықтау.
Міндеттері:
Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
200-240 сабақ және сыныптан тыс шаралар өткізу. Ата-аналар жиналысын өткізу. Балалармен жеке жұмыс жүргізу. Озық педагогикалық тәжірибелермен; мектептің әдістемелік жұмысымен танысу.
Педагогикалық кеңес жұмысымен танысу және бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жұмысына қатынасу. Мұғалім портфолиосы мазмұнын жаңарту. Жобалар презентациясы.
Өндірістік дипломалды тәжірибесі соңғы курста өтеді және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін мектептегі оқу-тәрбие жұмысын өзбетімен жүргізуге кәсіби даярлаудың соңғы кезеңі болып табылады.
Білім алушылар тәжірибені соңғы семестрде 216 сағат көлемінде өтеді. Мектеп әкімшілігінің келісуімен тәжірибе әдіскері сыныпқа бір машықкерден бекітеді, дипломалды тәжірибе бағдарламасында қарастырылған жұмыс көлемін орындайды.
Әр машықкер тәжірибе кезінде бастауыш сынып мұғалімі жоспарына сай күн сайын 6 сағаттан кем емес жұмыс жасайды. Машықкерлер мектептің жалпы тәртібі мен жұмыс режиміне бағынуға, бастауыш сынып мұғалімдерінің нұсқауларын орындауға міндетті. Оқу пәндері бойынша барлық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар, тәрбие шаралары бастауыш сынып мұғалімінің қатысуымен өткізіледі.
Педагогикалық тәжірибе кезінде машықкер күнделік жүргізеді, онда барлық өткізген оқу тәрбие жұмысының мазмұны тіркеледі, талданады, сонымен қатар сыныптың бір білім алушысына психологиялық-педагогикалық мінездеме жазу үшін зерттеу бойынша материалдар жинақтайды.
Сабақ пен сыныптан тыс шаралар өткізу үшін машықкер алдын ала жоспар-конспект жасақтап бастауыш сынып мұғалімі мен әдіскерге тексертеді, бекіттіреді.
Тәжірибе соңында машықкерлер педагогикалық тәжірибе күнделігін және есеп құжаттарын жасақтайды. Нәтижесінде машықкерлердің мектептегі жұмыстары, күнделікті жүргізуі тапсырмаларды орындау сапасы бағаланады, педагогикалық тәжірибе қорытындысы талданады, жетілдіру жолдары анықталады.
Кей жағдайларда білім басқармасының және мектеп әкімшілігінің сұранысына сай әкімшіліктің рұқсатымен жекелеген білім алушылар педагогикалық тәжірибені тұратын жеріндегі мектепте өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |