Бағдарламасы № рупп 2017-18-002 «Дипломалды практикасы»


Тәжірибе аяқталған соң білім алушылар біледі



бет3/4
Дата06.02.2022
өлшемі152 Kb.
#77336
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Тәжірибе аяқталған соң білім алушылар біледі:

  • мектептің педагогикалық кеңесінің құзыретін және жұмысының мазмұнын;

  • бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік жұмысының жүйесін;

  • мұғалімнің оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау жүйесі;

  • Психологиялық-педагогикалық диагностикалауды.

Меңгереді:

  • Сабақтың мақсат-міндеттерін, оған сай оқыту әдістері мен мазмұнын таңдауды;

  • Бастауыш сынып білім алушыларымен оқу тәрбие жұмысын өткізуді;

  • Пәндер бойынша сабақта және сыныптан тыс шаралардың конспект-жоспарларын құрастыру;

  • Бастауыш саты сабақтарын және сыныптан тыс шараларды бақылау мен талдау;

  • Мұғалім портфолиосының мазмұнын жаңарту;

  • Педагогикалық кеңестің, әдістемелік бірлестіктің, сыныптың оқу тәрбие жұмыстарын жоспарлауға қатысу;

  • Пәндер бойынша сабақтың және сыныптан тыс шаралардың конспект жоспарын құрастыру.

  • Пәндер бойынша әдістемелік ақпараттық тәсілдерін меңгеру.

  • Сабақта инновациялық технологияларды пайдалану.

  • Білім алушылардың оқудан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыра білуді;

  • Курстық және диплом жұмыстарын дайындауда педагогикалық эксперимент немесе шығармашылық жұмыс жүргізу;

  • Атан-аналар жиналасын өткізу, білім алушыл ардың ата-аналармен байланыс орнату.

0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша орта буын маманына тән құзіреттерді қалыптастырады:


КҚ 3.1.1. Білім алушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін, оқу үдерісінің мәнін, дидактика заңдылықтарын білу.
КҚ 3.1.2. Оқу-бағдарламалық құжаттарын жасақтау негіздерін меңгеру, бастауыш мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу.
КҚ 3.1.3. Бастауыш мектептің пәндерін оқыту әдістемесін меңгеру.
КҚ 3.1.4. Оқу ақпаратын модульдеу әдістерін меңгеру.
КҚ 3.1.5. Сабақты жобалау және құрастыру, педагогикалық мақсатқа жету үшін алған білімін саралауға, талдап және жинақтауға қабілетті ойлауды дамыту тәсілдерін меңгеру.
КҚ 3.1.6. Мақсат пен міндеттерді анықтай, білім алушылардың іс-әрекетін жобалай, ұйымдастырушылық дағдыларын дамыта білу.
КҚ 3.1.7. Өзін-өзі бақылау, бақылау, тиімді әдістер мен құралдарды таңдау, жоспарлау әдістерін меңгеру.
КҚ 3.1.8. Топ жетекшісінің қызметін, жұмыс мазмұнын, білім алушылар ұжымын диагностикалау әдісін білу.
КҚ 3.1.9. Оқу-бағдарламалық құжаттарын жасақтау негіздерін меңгеру, бастауыш мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу.
КҚ 3.1.10. Ақпараттық - оқыту ортасын құрастыра білу.
КҚ 3.1.11. Мұғалім мен білім алушының портфолиосының мазмұнын жинақтау (жинау) әдістерін меңгеру.
КҚ 3.1.12. Оқу сапасының мониторингін жүргізе білу.
Педагогикалық тәжірибе қорытындысы бойынша қорытынды конференция өтеді, пәндер бойынша машықкерлердің портфолиосы бағаланады.
Машықкерге берілген мінездеме, баға және біліктілік комиссиясының машықкердің есеп құжаттарына қойған бағасы негізінде қорытынды баға қойылып, баға ведомосқа, сынақ кітапшалары мен практика журналына қойылады



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет