2 ОБӨЖ –ДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады. Диплом жұмысындағы қабылданған шешімнің және барлық деректердің объективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті студент – диплом жұмысының авторы – өз мойнына алады. Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын орындау ережесінің стандартында жоғары оқу диплом жұмысын орындау ережесінің стандартында жоғары оқу орындарыеда бітіруші курс оқушыларының диплом жұмыстарын жазу және қорғау талаптары
анықталғанда, жоғары оқу орындарында мемлекттік аттестациалауды және аккредитация өткізу барысында қолданылады. Диплом жұмысы жазбаша және тәжірибелік бітіру жұмысы болып табылады.
Диплом жұмысының көлемі мен мазмұнын анықтау:
Дипломшы диплом жұмысын қандай салада қорғайтынын анықтап; диплом жұмысының тақырыбын бекітеді;
Диплом жұмысының көлемі жетекшімен бірлесіп анықталады және кафедра мәжілісінде бекітіледі;
Дипломның жазбаша бөлімнің мазмұнын студент өзі құрастырады;
Библиографиялық тізім жазғанда қолданған әдебиеттердің принциптік жүйесін сақтау өте маңызды. Олар : пәндік – тақырыптық принцип, логикалық принцип, хронологиялық принцип, жеке прицип.
Қолданылған әдебиеттер тізімін жасау.
Диплом жұмысының мазмұны мен көлемін анықтау:
Оқу жылының басында студент диплом жұмысының тақырыбын жетекшімен анықтап кафедрада бекітуі қажет;