Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 469 бұйрығына 93- қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 533-қосымша
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 5-9 сыныптары үшін
«Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 5-9 сыныптары үшін «Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
«Танымдық әрекеттерін түзету» курсының мақсаты - ақыл-ой кемістіктері бар білім алушылардың танымдық саласы мен потенциалдық мүмкіндіктерін дамыту, Бағдарламаны табысты меңгерулеріне жағдайлар жасау.
Пәннің міндеттері:
танымдық қызметінің дамуы мен білімдік қажеттіліктерінің ерекшеліктерін анықтау;
білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жалпы даму деңгейін көтеру және мүмкіндіктерін жүзеге асыру;
танымдық уәждемесін қалыптастыру, сенсорлық-перцептивтік, мнемикалық және зерделік процестерін ынталандыру;
білім алушының танымдық белсенділігі мен дербестігін көтеру;
айналасындағы болмыстың толықтай және бүтіндей картинасы жайлы білім алушының түсінігін дамыту;
қажетті тіл икемділігін қалыптастыру арқылы ақпаратты түсіну, сақтау және өңдеу, адамдармен ақпарат алмасу процесін дамыту;
білімдерін, қабілеті мен дағдыларын тиісті жағдайда қолдану икемділігін дамыту;
оқу сабақтарға қызығушылығын, жаңа білімдер алуға ынталандыру;
білім алушылармен және үлкен адамдармен қатынас жасау қабілетін
дамыту.
2-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер
«Танымдық әрекеттерін түзету» пәні көрнекі, қолжетімді вербалды материалдар арқылы білім алушылардың айналасындағы әлемді саралай қабылдауын, уақыттық-кеңістіктік бейімделуін, меңгерген логикалық операцияларды (салыстыру, сараптау, синтездеу, қорыту, топтастыру, аналогияларын, заңдылықтарын, себептік-сипаттық байланыстарын табу) қолдануларын қалыптастыруға бағытталады.
Оқу-тәрбие процесінде білім алушылардың танымдық және эмоционалдық-тұлғалық даму салаларының кемшіліктерін еңсеруге бағытталаған арнайы педагогикалық тәсілдерін қолдануды қарастырады.
Түзеу жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері арнайы педагогиканың принциптеріне негізделеді, олардың жүзеге асырылуы жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың түзеу- дамытушылық бағытының принципі оқыту қызметінің арнайы әдістері мен тәсілдері арқылы жүзеге асып, ойлау процестерінің енжарлығы, ойлаудың қорыту және абстакциялық функцияларының әлсіздігі, тілдік дамудың тежелуі ескеріледі.
Білім алушылармен жұмыста еліктеу қабілетіне, көрнекі-әрекеттік ойлауының сақталған мүмкіндіктеріне сүйенеді. Танымдық әрекеттерін түзету сабақтарында психикалық функцияларын (қабылдауы, жады, сөйлеу тілі, ойлауы) дамытуға жағдайлар жасалады. Бастаған жұмысын соңына дейін жеткізу, қиындықтарды жеңу, ұқыптылық және дербестік сияқты қабілеттерін жетілдіруге көңіл бөлінеді.
Оқытудың әлеуметтік-бейімдеушілік бағытының принципі тұлғаның әлеуметтік бейімделмеушілігін азайту немесе жеңу, білім алушыға әлеуметтік өмірде жүріс-тұрыс нормаларын және қарапайым гигиеналық, қатынастық, тұрмыстық, күрделі әлеуметтік дағдыларын меңгерту бойынша арнайы жұмыс жүргізуді қарастырады.
Ойлауының, тілінің және қатынасының даму принципі білім алу құралы ретінде жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың тілінде, ойлау қабілетінде, қатынасында өзіне тән проблемалары болады, оқытылуы мен әлеуметтендірілуі табысты болуы үшін олардың орны педагогикалық құралдармен толтырылады.
Әрекеттік тәсіл принципі жоғары психикалық функцияларының сенсомоторлық негізін дамытуға (қабылдауы, тілі, ойлауы), білім алушының өмірлік тәжірибесінің жеткіліксіздігінің орнын толтыруға бағытталған заттық- практикалық іс-әрекет қолдану арқылы іске асырылады.
Сараланған және жекелік тәсіл принципі. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды ұжымдық оқыту жағдайындағы олардың түрлі типологиялық
ерекшеліктеріне байланысты келеді, олар оқу материалын меңгеру барысында көрініс алады және алатын білімнің сапасына әсер етеді.
«Танымдық әрекеттерін түзету» бағдарламасы түзеу жұмысының үлгілік мазмұнын анықтайды. Бір сыныпта оқитын білім алушылардың оқу қиындықтары мен ақыл-ой деңгейінің түрлі сипатын ескере отырып, бағдарламаның мазмұны балалардың жастары (сыныптары) бойынша қатал регламенттелмейді.
Мұғалім түзеу жұмысының мазмұнын білім алушының психикалық даму деңгейін зерделеу нәтижесі бойынша белгілейді.
«Танымдық әрекеттерін түзету» пәні келесі нәтижелерге бағытталған:
перцептивтік іс-әрекет тәсілдерін қолдану қабілетін қалыптастыру;
ойлау тәсілдерін қолдану қабілетін қалыптастыру (салыстыру, объекттерді топтастыру және іріктеу, кеңістікте бейімделу үшін шартты бейнелердің түрлерін колдану);
талдамалы және бүтіндей қабылдау түйсігін, жаттығулар кезінде түйсіктің константтығын, апперцепциясын және антиципациясын және де осылардың негізінде перцептивтік іс-әрекеті қабілетін дамыту (контурлық, сұлбалық бейнелерді, белгілері өзгертілген заттарды тану қабілеті);
әр-түрлі іс-әрекет барысында қалыптасқан қабілеттерін қолдануға үйрету;
Бағдарламаны меңгеру табыстылығын қамтамасыз ету.
Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу жетістікерін бағалау процедурасына қойылатын талаптар, осы категориядағы білім алушыларды мектепте оқытудың гуманизациясы (ізгілендіру), табиғи сәйкестілігі идеяларынан туындаған. Оқу жоспарының түзеу компонентіндегі пәндер бойынша оқытылатын білім алушылардың жетістіктерін белгілеу үшін балдық бағалау қолданылмайды. Әр білім алушының жетістіктері өткізілген түзеу жұмысының мақсатымен салыстыру арқылы суреттеледі.
Оқытудың деңгейлік мақсатымен белгіленген дағдыларының қалыптасуы бойынша берілген тапсырмалар - бағалау құралдары болып табылады.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктері ішкі бағалау құралдары арқылы жүзеге асырылады және оқу бағарламасын меңгеру нәтижелерін мұғалім сабақтағы оқу процесі барысында бағалай отырып, жүйелі түрде бақылаушылық бағалаушылық істерін жүзеге асырып отырады.
Ағымдық бақылау - білім алушының сабақ кезіндегі жұмысын бақылау, практикалық және өзіндік жұмыстарын, ұжымдық жұмыстарын саралау арқылы жүзеге асырылады. Бақылаудың бұл түрі оқытудың мазмұны мен әдістерін дәлдеу мақсатында жүргізіледі. Және де мұндай бақылаудың білім алушыға қарасты ынталандырушылық және тәрбиелік сипаты болады.
Қорытынды бақылау тоқсан, жыл аяғында жүргізіледі де, педагог оқытылатын сыныптың жыл бойғы даму динамикасын сараптайды, білім алушылар жетістіктерінің жиынтық картасына түсіріп отырады.
Педагогтың бағалау процедуралары арқылы алған ақпараты, оқу барысында пайда болған қиындықтарға дер кезінде және адекватты тұрғыда жауап табуына және білім алушыға қажетті жеке көмектің мазмұны мен тәсілдерін негізді түрде анықтайды.
Сипаттамалық бағалау дамудың нақты деңгейін, білім алушымен жүргізетін кейінгі қадамдарды белгілеп, білім алушыларда өзін-өзі адекватты бағалауды қалыптастырады. Білім алушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстыруға жол берілмей, өздерінің жетістіктерін бұрынғы жетістіктерімен салыстырылады.
Танымдық әрекеттерін түзету оқу және түзеу пәндерімен біріктіру арқылы жүзеге асырылады: «Айналадағы әлем», «Жаратылыстану»,
«География», «Қазақстан тарихы», «Қоғам және заң», «Тәртіп мәдениеті», «Тіл дамуының кемшіліктерін түзеу», «Түзеу ырғағы», «Белсенді-қозғалыстық сипаттағы жекелік және топтық сабақтар».
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін кабиенттер, санитарлық- гигиеналық нормалар ескеріле отырып, тиісті дидактикалық және ойын жабдықтарымен жарақтандырылады.
Сынып жиһаздары жұмыстың түрлері мен формаларын (жеке, топтық) өткізу үшін оңай жылжымалы болуы қарастырылады. Кітап сөрелері мен білім алушылардың жұмыстарын көрсететін стендтер, көрнекі құралдар үшін орындар қарастырылады.
Түзеу курсын жүзеге асыру үшін арнайы материалдық-техникалық жабдықталады, оның ішіне компьютерлік даму ойындары, дидактикалық ойындар, альбомдар мен кітаптар, түрлі фактурадағы материалдар үлгілері, сенсорлық панелдер, муляждар, паннолар кіреді.
3-тарау. «Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
«Танымдық әрекеттерін түзету» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағатты;
6-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағатты;
7-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағатты;
8-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағатты;
9-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағатты құрайды.
Бағдарламаның мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған: бөлімдер, әр сыныпта күтілген нәтижелері түрінде мақсатын қарастыратын, бөлімдерді қамтиды.
Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары мұғалімге білім алушының
танымдық қызметін дамыту бойынша жұмысын жүйелі жоспарлауға, жетістіктерін бағалауға, оқудың келесі кезеңі жөнінде оларға ақпарат беруіне мүмкіндік береді.
Пәннің мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1-бөлім «Сенсорлық процестері мен кеңістіктік бейімделуін дамыту»;
2-бөлім «Қимыл-қозғалыс саласын дамыту»;
3-бөлім «Зерде аясын дамыту».
«Сенсорлық процестері мен кеңістіктік бейімделуін дамыту» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
есту қабілетін дамыту;
көру қабілетін дамыту;
кеңістікте бейімделуін дамыту;
уақыттық бейімделуін дамыту;
тактильдік-қозғалыстық түйсігін дамыту;
дәм және иіс сезімін дамыту.
«Қимыл-қозғалыс саласын дамыту» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
ұсақ моторикасын дамыту;
мимика мен пантомимиканы дамыту.
«Зерде аясын дамыту» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
жадын дамыту (есту, көру, логикалық, қозғалыстық);
зейінін дамыту (есту, көру);
тіл мен ойлау қабілетін дамыту (қатынасын , көрнекілік-әрекеттік, көрнекілік-бейнелік және сөздік-логикалық);
қиялын дамыту.
4-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
Бағдарламада оқу мақсаттары кодтама арқылы беріледі. Кодта бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімшелер, төртінші сан
– оқыту мақсатының нөмірленуін көрсетеді. Мысалы, 6.2.1.4 кодтамасында:
«6» – сынып, «2.1» – бөлімше, «4» – оқыту мақсатының нөмірленуі.