Бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер



Дата31.07.2020
өлшемі17,05 Kb.
#75790
түріБағдарламасы
Байланысты:
1 сынып АКТ


Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныптарына арналған "Ақпараттықкоммуникациялық технологиялар" пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша оқу бағдарламасы

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Бастауыш орта білім беру деңгейінің 1-сыныптарына арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабының 6 тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету. 3. Негізгі міндеттері:

1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;

2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;

3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;

4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру;

5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету.

4. Оқу бағдарламасында үш тілде оқыту ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың мектептен тыс сабақтарын үш тілде (қазақ, орыс және шетел тілдерінде) ұйымдастыруды көздейтін үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған.

5. Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.

6. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде дамуы - білім алушылардың бойында: "қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік", "құрмет", "ынтымақтастық", "еңбек және шығармашылық", "ашықтық", "өмір бойы білім алу" сияқты базалық құндылықтарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушылардың мінез-құлқына және күнделікті іс-әрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.

2-тарау. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

7. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні бойынша білім жүктемесінің көлемі:

1) 1-сыныпта, аптасына 0,5 сағаттан, оқу жылында 17 сағат;

8. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнін оқытудағы негізгі талап - компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. "Ақпараттықкоммуникациялық технологиялар" пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:

1) гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар);

2) Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі;

3) перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта;

4) робототехникаға арналған жиынтықтар.

9. Оқу пәнінің негізгі мазмұны 5 бөлімнен тұрады:

1) компьютер;

2) ақпаратты ұсыну және өңдеу;

3) интернет желісінде жұмыс істеу;

4) есептей білу;

5) робототехника.

10. "Компьютер" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:

1) компьютердің құрылғылары;

2) программалық қамтамасыз ету;

3) қауіпсіздік.

11. "Ақпаратты ұсыну және өңдеу" бөлімі келесі бөлімдерден тұрады:

1) мәтіндер;

2) графика;

3) презентациялар;

4) мультимедия.

12. "Интернеттегі жұмыс" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:

1) ақпаратты іздеу;

2) ақпаратпен алмасу.

13. "Есептей білу" бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды:

1) алгоритмдер;

2) программалау.

14. "Робототехника" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:

1) жалпы робототехника;

2) роботтың қозғалысы.

15. 1-сыныпқа арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәнінің базалық мазмұны:

1) "Компьютер": Информатика кабинетінде жүріс-тұрыс ережелері; Интернет желісінде жұмыс істеу қауіпсіздігі;

2) "Интернет желісіндегі жұмыс": желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;

3) "Есептей білу": алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;



4) "Робототехника": білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет