тіл жоғалған жерде халық өз-өзінен айырылады. Мүмкін, ол халық тіршілікте болуы мүмкін, бірақ ол
тарихтың субъекті ретінде өшеді. Екінші жағынан, ұлттық философиядағы өмір құлдылықтары терең зерттеліп, олардың
адамды қалыптастырудағы, тәрбиелеудегі мүмкіншілігі қазіргі өтпелі заманда толығынан
пайдаланылуы керек. Өмірдің талабына сәйкес біз «ашық қоғам боламыз» деген ұранмен қазіргі
мәдениет, рухани саладағы батыс құндылықтарын, үлгілерін жаппай ішке кіргізу (оның өзінде
жақсы үлгілерінен гөрі, тұрпайы адамдардың күңгірт, тағы инстинкттерін оятатын үлгілерді)
халықтың шынайы мәдениетіне, дүниетанымына үлкен соққы жасап отырғаны біздің
алаңдатуымызды тудырады. Бұл да болса, біздің әлі жас ұлт екенімізді, солақай еліктеушілігімізді,
басқару жүйесінде отырған көп азаматтарымыздың философиялық рухани тайыздығын көрсетеді.
Ал мұның бәрі философияның