техно-олтимистік
көзқарас дейміз.
Алайда шың бар жерде құз да барын ескеру керек. XX ғ. 70 жж. бастап ғылым мен
техниканың теріс жақтары да айқында-лып, (қоршаған ортаның бүзылуы, климаттың өзгеруі,
адамның техника құлына айналуы т.с.с.) көрсетіле бастады.
Антисциен-тистік, техно-
пессимистік
бағыт ұстаған ғалымдар қазіргі ғылымды «құмырадан шығып кеткен жынға»
теңеп, «енді әрі қарай жаңа өндіріс кешендерін салуды тоқтату керек, әйтпесе жердегі тіршілік
оған шыдамай құрып кетеді» деген пікір айтты. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала
аш болам деп ойламайды» демекші, жаңа ғана дамьш келе жатқан елдер өз өндіріс
кешендерін орнатып, халықтарының әл-ауқатын көтергісі келеді, Батыс ойшылдарының
алаңдауын олар ескермейді.
Сонда әрі қарай не істеу керек деген заңды сұрақ туады. Кейбір кезде, мүмкін,
Табиғаттың баласы болып, оған қарсы шықпай, үндесті өмір сүрген біздің көшпенді
бабаларымыз дұрыс істеген болар деген де сұрақойымызға келеді. Әрине, ол -романтикалық
көзқарас.
Достарыңызбен бөлісу: |