Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет115/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   189
Байланысты:
umkd-4

8 - сабақ тақырыбы:
Адам философиясы және құндылықтар әлемі Өмір және өлім. 
Өмірдің мәні 
 
Дәріс мақсаты:
Адам туралы философиялық ой, құндылықтар әлемі, адам өмірінің мәні, 
адам туралы тарихи тұжырымдарды шолу арқылы білім алушыларға адам туралы түсінік 
қалыптастыру.
Дәріс мазмұны.
Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім). 
Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны. Адам, оның ажалдығы және 
ажалсыздығы. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну. Уақыт, мәңгілік және мақсат. 
Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі. Философиялық ойлар тарихындағы 
өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм. Өмірдің мәні – 
қазақ философиясының негізгі категориясы. . Фәлсафа дәстүріндегі Қожа Ахмет 
Яссауидің мистикалық дүниетанымы. Абай философиясындағы махаббат мән-мағына 
туғызатын бастама ретінде. «Махаббатпен жаратқан адамзат ...». 
Дәріс мәтіні
. Адам өз өмірінде, басқа тіршіліктер саяқты, әртүрлі қажеттіліктерін өтейді.
Американ ғалымы А. Маслоу адам қажеттіліктерінің төменнен жоғары көтерілетін 
тізбесін жасаған болатын.
1. физиологиялық (тамақтану, тыныс алу, қозғалу, киім, баспана т.с.с.) жыныстық 
(дүниеге ұрпақ әкелу) қажеттіліктер.
2. экзистенциалдық қажеттіліктер (қауіпсіздік, ертеңгі күнге деген сенімдік, өмір 
сүру жағдайларының және қарым-қатынасқа түсетін қоршаған адамдардың тұрақтылығы 
т.с.с).
3. әлеуметтік қажеттіліктер (басқа адамдармен бірігіп, қарым-қатынасқа түсіп, 
солардың сый-сияпатына ие болу).
4. престиждік, яғни беделді басқалардың назарына ілігу, еңбек сатыларымен 
жоға-рылау, жоғары тұлғалық бағаға ие болу т.с.с. 
5. рухани қажеттіліктер - шығармашылық арқылы өз мүмкіндігіңді өмірге енгізу, 
іске асыру. 
А. Маслоудың ойынша, өменгі қажеттіліктер өтелмейінше, жоғарғылар әлі де 
болса адамға қызықты емес. Өтелген қажеттіліктер өз күшін жойып, адамды жоғарғы 


қажеттіліктерді игеруге итермел ейді. Егерде төменгі қажеттіліктерді өтеу қоғамның даму 
деңгейіне байланысты қиын мәселеге айналса, ол адам өмірінің негізгі мән-мағынасына 
айналуы мүмкін.
Сонымен өмірдің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет