Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер


(methodos - грек сөзі, зерттеу жолы). Әртүрлі әдістер



Pdf көрінісі
бет94/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   189
Байланысты:
umkd-4

(methodos - грек сөзі, зерттеу жолы). Әртүрлі әдістер
жеке, жалпы, ең 
жалпылық (философиялық) болып бөлінеді. Әдістер жөніндегі жалпы ілімді біз методология 
дейміз. 
Бірде-бір таным, әсіресе философиялық, қайсыбір саналы адамның іс-әрекеті белгілі бір 
әдістердің, олар арқылы соған сәйкес методологиялық түсініктердің болуы мүмкін емес. Жаңа 
Дәуірдегі философия негізін қалаушылардың бірі Ф.Бэкон адамның дүниетанудағы қолданатын 
әдістерін қараңғыда жол көрсететін шамшырақпен салыстырған болатын. Орыстың ұлы ғалымы 
И.П.Павлов: «Ғылымда қолданатын әдістермен көбінесе зерттеудің нәтижелігі тығьп 
байланысты. Жақсы әдістер арқылы өте талантты емес ғалым да көп нәрсені ашуы мүмкін. Ал 
қолданылатын әдістер нашар Гюлса, онда данышпан ғалымның өзі бостан-босқа өзінің күш-
қуатын жұмсайды», - деген болатын. Француз ғалымы И.Лаплас ұлы ғылыми жаңалывда 
жеткізген жолды сол жаңалықтың өзінен кем емес екендігі туралы пікір айтқан. 
Философия болмыс пен ойлаудың ең жалпы формаларын зерттегеннен кейін, олардың 
әдістемелік қызметі объективтік шындықтың универсалды модельдерін жасау арқылы, сол 
тұрғыдан жеке ғылымдардың орнын, зерттеуге керек таным құралдарын -категориялар, заңдар, 
принциптер, - ұғымдарды анықтау арқылы жүреді. Әсіресе гуманитарлық пәндерді зерттеуде 
философияның құндылық, өмірдегі мән-мағыналық бағытты анықтаудағы қызметін асыра 
бағалау өте қиын. XX ғасырдағы ғылым мен техниканың өте тез дамуына байланысты 
философияның әдістемелік қызметінің де мәні өсуде. Бір жағынан, жаңа ғылым салалары пайда 
болып жатса, екінші жағынан, әртүрлі ғылым салаларын жақындататын «шекаралық» пәндер 
дүниеге келіп жатыр. Қазір адамзаттың алдында неше түрлі экологиялық, демографиялық
урбанизациялық, ғарыштық т.с.с. мәселелер тұр. Оларды шешу үшін әртүрлі жеке 


ғылымдардың басын біріктіріп, үлкен күрделі ғылыми бағдарламаларды жасау керек. Ал мұның 
өзі белгілі философиялық көзқарастың, әдістемелік принциптердің негізінде ғана іске аспақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет