Оқу сауаттылығы
Оқу сауаттылығы – адамның ақпараттың мазмұнын бағалау, түсіну және интерпритациялау қабілеті болып табылады. Оқушының бұл басты төрт оқырмандық құзыреттілігі оның коммуникативтік дағдыларын анықтайды. PISA тесттері оқу сауаттылығын бағалаудың екі негізгі параметрін қарасырады.
Бірінші. Мәтін (көркем әдебиет, ғылыми мәтіндер, кестелер, графиктер, диаграммалар мен ақпараттық материалдар). Олар форматтары бойынша ерекшеленді, мысалы, тұтас, дискретті, аралас және құрама мәтіндер болып бөлінеді. Тұтас мәтінде
ақпаратты табу әрекеттері қаріп түрі мен өлшемдері тәрізді ерекшеліктермен оңайлатылған. Дискретті мәтіндер оқу дағдыларының кейбір әрекеттерін талап етеді. Олардың мазмұнында диаграмма, кесте, график және хабарландыру түріндегі материалдарды қамтиды. Аралас – тұтас және дискретті мәтіндердің түрлерін біріктіреді. Журналдар мен веб-беттердегі материалдардың көпшілігі аралас мәтін түрлеріне жатады. Құрама мәтін - әрқайсысы бір-біріне тәуелсіз және бірнеше мәтіннен құрастырылған, негізгі ойы аяқталған мазмұндағы форматта беріледі.
Екінші. Ахуалдар (жеке, қоғамдық, оқу мақсаты және іскерлік). Жеке өмірлік ахуалдарға берілген мәтіндер мазмұны хат, беллетристика, өмірбаян және ақпараттық хаттар түрін құрайды. Электрондық форматтағы мәтіндер хабарлама, күнделікті жаңалық блоктарын қамтиды. Қоғамдық мақсаттар үшін оқу - ресми құжаттар, газет жаңалықтары, Интернеттегі форумдар жатады. Оқу ахуалы мәтіндеріне классикалық мысал ретінде оқулықтар және электронды интерактивтік оқу бағдарламалары кіреді. Іскерлік ахуалдар мәтіні – газеттің немесе Интернеттің сәйкес беттерінен қажетті ақпаратты іздеуі, хабарландыруды, нұсқаулықтарды және т.б. қарауы болып табылады.
Тестілеуге қатысушылар тапсырмаларды орындау барысында мәтіннің негізгі ойын анықтап, оны жалпы мәтін контекстінен бөліп алып, өз қөзқарасын дәлелдермен негіздеу қабілеттерін көрсете білуі қажет.
PISA тапсырмаларының ерекшелігі - ол шындыққа жақындатылып құрастырылуы болып табылады. Әрбір жағдаят- өмірден алынған мысал. Тест тапсырмаларының құрылымы оқушылардың оқу ептіліктері мен оларға сәйкес әрекеттерін анықтауға негізделген.
PISA-2018 кезеңіндегі тест тапсырмаларының шеңбері білім алушылардың оқу сауаттылығы жетістіктерін бағалаудың келесі түрлерін қарастырады. Олар: мәтінге көз жүгірте қарап негізгі ойды анықтау; мазмұнын түсінуі; қажетті мәліметтерді табу және таңдай білуі; синтез және талдау дағдысы; мәселені шешу және айқындауы; ақпараттың нақтылығын анықтау мен сапасын бағалай білуі.
Қорытындылай келе, тестілеуге қатысушы өзінің әртүрлі форматта берілген мәтіндермен жұмыс істей алу ептілігін, ақпаратты біріктіру мен ұғына білу дағдысын және сыни ойлау құзыреттерін көрсете білуі қажет.
Мәтін және мәтін типтері
«Мәтін» сөзі шынайы тіл қолданылған баспа түрде немесе бейнелік мәтіндерді білдіреді. Мұндай мәтіндер диаграмма, сурет, карта, кесте, график түріндегі визуал бейнелерді қамтуы мүмкін. Бір ғана мәтіннің өн бойында әртүрлі мәтін типтері кездесе береді. Мәтіннің (формасы) нысаны 4 – ке бөлінеді.
Тұтас мәтін ( көркем әдебиет мәтіндері, репортаж, өлең, пьеса, мақала, жұлдыз жорамал, техникалық мәтін, заң, ғылыми негіздемелер, нұсқау)
Достарыңызбен бөлісу: |