Бағдарламасы 2021 жыл мазмұны кіріспе. Pisa халықаралық зерттеуі 7



бет5/36
Дата03.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#156438
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Áà?äàðëàìàñû 2021 æûë ìàçì?íû ê³ð³ñïå. Pisa õàëû?àðàëû? çåðòòåó³

PISA-2012 тестінде жоғарыда аталған форматтар бойынша тест сұрақтарының бөлінісі келесідей: тұтас мәтіндер 39%, тұтас емес мәтіндер 30%, аралас мәтіндер 23%, құрамдас мәтіндер 8%.

Электрондық мәтіндер


PISA-2018 халықаралық зерттеуінде қазақстандық оқушылар алғаш рет компьютерлік форматта тест тапсырды. ХХІ ғасырдағы сауаттылық деңгейіне қойылып отырған жаңа талаптар оқырманға қатысты әлеуметтік-экономикалық сенім артып отыр.

  • Электрондық технологиялармен жұмыс жасаудағы әмбебап дағдылар.

  • Ақпараттық сауаттылық – ақпаратты өз бетімен табу, талдау, сын тұрғысынан ойлану.

  • Әлеуметтік медиадағы ақпараттар туралы сын тұрғысынан ойлану.

  • Бірнеше дереккөзден алынған ақпараттарды жалпылай алу және өз сөзімен түсіндіре алу.

  • Интернеттегі этикет нормалары мен желілік қауіпсіздік негіздерін түсіну.

PISA электронды мәтіндік материалдары сызықтық немесе сызықтық емес мәтіндер түрінде ұсынылуы мүмкін. (4-сурет)

  1. сурет. Мәтіндік материалдардың ұйымдастырылуы


Көптеген электронды мәтін гипермәтін үлгісінде беріледі. Сызықтық емес мәтіндерді осылай да атайды, себебі мәтіндер арасында байланысты орнату үшін бір бөлімнен басқа бір бөлімге ауысуға болады, яғни оқу ретін оқырман таңдай алады. Мәтін материалын осындай үлгіде ұйымдастыру кезінде оның бірліктерінің арасындағы ықтимал өзара байланыс бір жүйе ретінде көрсетіледі. Осы байланыстарды басшылыққа ала отырып, сызықтық жүйе жасауға, яғни мәтінді кез келген ретпен оқуға болады. «Сызықтық емес мәтіндер» бірнеше кері шегінісі бар,
шашыраңқы байланыстар мен комментарийлерден тұрады. Мысалы, сілтемелерден тұратын сөздік. Гипермәтінге тән сілтемелер, бір жүйеде баяндаудың жоқтығы ойнақы әсер қалдыру үшін қазіргі таңда постмодернистік әдебиеттерде қолданылады.
Оқырман өзінің ойына сай құрылымдай отырып (яғни гиперсілтемелер мен түйінді сөздер бойынша), өзінің мәтінін құрастырады. Оқу ретін оқырман өзі таңдайды. Сызықтық емес құрылым гиперсілтемелер бойынша ақпаратты тез іздеп-табуға көмектеседі. Мұндай іздеу жолын метаіздеу деп атайды. Сондықтан электронды анықтамалық басылымдармен жұмыс істеу баспа нұсқалардан қарағанда тиімдірек болып саналады, яғни көлемінің ықшамдылығы, жылдамдық, салыстыру үшін бірнеше қосымша басылымды қарау мүмкіндігі бар.
Жиі кездесетін гипермәтіннің үлгісі – бірнеше тармақтан тұратын құрылымдағы гипермәтін. Ол бірнеше мәтіннің басын біріктіріп, бірнеше оқу нұсқасына жағдай жасайды (мысалы, Википедияны оқып отырғанда бір сілтемеден бір сілтемеге ауысу; не болмаса рет-ретімен оқып шығу, мұндайда сілтемелерді не басынан, не аяғынан бастау талабы жоқ және с.с.). Төменде Википедиядан алынған «өнер» ұғымымен танысуға болады. Бір ұғымның аясында бірнеше сілтеменің көрсетілгеніне назар аударыңыз. (5- сурет)

  1. сурет. Гипермәтін үлгісі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет