БАҒдарламасы 24 тамыз 2007 жылғы №404 Қазақстан Республикасының оқу және білім Министрлігі бұйрығына Қосымша 1



бет6/7
Дата19.02.2017
өлшемі0,58 Mb.
#10848
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
6-СЫНЫП




р/т

айы

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

1.

қыркүйек

Жол қозғалысы ережелері (қайталау).

1

2.

қыркүйек

Көлік құралдарының қозғалысы.

1

3.

қазан

Көлік құралдарының аялдау жолы.

1

4.

қазан

Көлік құралдарының нөмір, айырым белгілерінің және жазбаларының мақсаты.

1

5.

қараша

Оқушылардың жол-көлік оқиғағасы кезінде өзін-өздері ұстаулары.

1

6.

қараша

Әртүрлі жарақат алғанда алғашқы медициналық көмек көрсету.

1

7.

желтоқсан

Жарақаттанғанда, жаралап алғанда және жазатайым жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің ерекшеліктері.

1

8.

желтоқсан

Жол қозғалысының қауіпсіздігі.

1

9.

қаңтар

Қозғалыстың жас инспекторлары – ҚЖИ.

1

10.

қаңтар

Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі.

1

11.

ақпан

Жүргіншілерге арналған жол қозғалысы ережелері. Жол «қақпандары».

1

12.

наурыз

Велосипедке қойылатын техникалық талаптар. Велосипедшілер қозғалысына қойылатын қосымша талаптар.

1

13.

сәуір

Жол-көлік оқиғасына әкеліп соғатын жол жағдайларын зерттеу.

1

14.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1




Барлығы:

14




  1. Жол қозғалысы ережелері (қайталау).

Жүргіншілердің көшелердегі және жолдардағы қозғалысы ережелерін қайталау, бағдарлық көлік құралдарын (автобус, троллейбус, трамвай, бағдарлық такси) пайдалану.

24.


  1. Көлік құралдарының қозғалысы.

Көлік құралдары қозғалысының жылдамдығы. Жылдамдықты шектеу.

Жүргізуші автомобилін елді мекенде, халықаралық жолдарда қандай жылдамдықпен жүргізуге тиіс?

Автомобильдердің арасындағы қашықтық деген не?

Қозғалыстың басталуы және көлік құралдарының қозғалыс кезіндегі орналасуы. Қозғалыс бағытын өзгерту.

Автомобильдер мен мотоциклдердегі жарықтандырғыш аспаптар. Жарықтандырғыш аспаптарды қолдану ережелері.


  1. Көлік құралдарының аялдау жолы.

Көлік құралын тоқтатуға қажетті уақыт.

Аялдау жолы. Аялдау жолының есебі.

Аялдау жолына әсер ететін факторлар.


  1. Нөмір, айырым белгілерінің және көлік құралдарындағы жазбалардың мақсаты.

Нөмір, айырым белгілері және көлік құралдарындағы жазбалар және олардың мақсаты.

Нөмір белгілерінің орнатылатын жерлері.

Автопоезға, қолмен басқарылатын автомобильге, оқу-жатығу автомобиліне айырым белгілері.

Көлік құралын иілмелі сүйретпемен тартып жүргізген кезде тарту тросының таңбалануы.

Айырым белгілерінің жүргіншілер үшін мәні. Сүйретіп келе жатқан көлік құралының қозғалысы кезіндегі жүргіншілердің сақтық шаралары.


  1. Оқушылардың жол-көлік оқиғасы (ЖКО) кезінде өзін-өздері ұстауы.

Жол-көлік оқиғасына қатысқандар мен оны көрушілердің өзін-өздері үстауы.

«Жедел жәрдем» шақыру. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету мүмкіндігі. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезіндегі іс-әрекеттер тізбегі.


6. Әртүрлі жарақаттар алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету.

Жараларды өңдеу тәсілдері. Асептик және антисептик шаралары.

Жарақаттанған кезде ауруды бәсеңдету тәсілдері.

Басты ауыртып алған және омыртқа зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері.


7. Жараланған, жарақаттанған және жазатайым оқиғалар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету. Зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің ерекшеліктері.

Жараланған кездегі алғашқы медициналық көмек.

Жаралардың асқынып кетпеуінің алдын алу.

Таңу және орап, байлау түсініктері.

Бас пен кеудеге, іш пен аяқ-қолға және бұт аралығына зарарсыздандырылған таңғыш салу ережелері.

Клиникалық өлім туралы түсінік.

Өкпенің тыныс алуының бұзылуы. Белгілері. Алғашқы көмек.

Жүректің тоқтауы. Белгілері. Алғашқы көмек.

Жүрекке сыртқы массаж жасау техникасы.

Қолдан демалдыру. «Ауыздан ауызға» қолдан демалдыра және жүрекке жабық (тікелей емес) массаж жасай білу дағдылары.


8. Жол қозғалысы қауіпсіздігі.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі не нәрсеге байланысты?

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің сақталуын қадағалайтын кім?

Жол полициясы қызметкерлерінен басқа көшелер мен жолдардағы тәртіпті тағы кім қадағалайды?

Жол қозғалысы ережелерін бұзған велосипед жүргізушілері мен жүргіншілерге қандай шаралар қолданылады?

Егер мектеп оқушысы ЖҚЕ бұзса, онда бұл үшін қандай жағдайларда ата-анасын жауапкершілікке тарта алады?


9. Жол қозғалысының жас инспекторлары – ҚЖИ.

Қозғалыстың жас инспекторлары немен айналысады?

ҚЖИ отрядтары қызметінің негізгі бағыттары.

Қозғалыстың жас инспекторларының слеттері.




  1. Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары,

міндеттері және жауапкершілігі.

Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – қауіпсіздік кепілі.

Жол белгілерін бұзатын адамды қалай жазалауға болады.

Егер бұл орайда адам қаза тапса, ЖКО-ға кінәлі қандай жауапкершілік жүктейді.




  1. Жүргіншілерге арналған жол қозғалысы ережелері.

Жол “ қақпандары”.

Жүргінші тротуармен қозғалыс кезінде қай жағын ұстануға тиіс?

Жүргіншілерге велосипед жолымен қозғалуға рұқсат беріле ме?

«Автоарна» белгісімен таңбаланған жолда жүргіншіге қозғалуға рұқсат беріле ме?

Жүргінші жолды кесіп жүріп өте отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай ережені орындауға тиіс?

Жүргіншіге көшені (жолды) егер жүргінші өтпесі жоқ болса, кесіп жүріп өтуге рұқсат беріле ме?

Жол бойында өсіп тұрған бұта несімен қауіпті?

Жүргінші тоқтап тұрған екі автомобильдің арасынан жолды кесіп жүріп өтуді бастағанда қандай сақтық шараларын қабылдауға тиіс?

Автобустан түсісімен жолды қалай қауіпсіз кесіп жүріп өтуге болады?

Егер жүргін бөлікте машина көрінбесе, жолды қалайша дұрыс және қауіпсіз кесіп жүріп өтуге болады?

Жолда қандай «тұрмыстық» дағдылар қауіпті?

Егер жолды кесіп жүріп өтіп бара жатқаныңда қандай да бір затыңды түсіріп алсаң не істеу керек?




  1. Велосипедке қойылатын техникалық талаптар.

Велосипедшілердің қозғалысына қосымша талаптар.

Велосипедті шығар алдында тексеріп алу. Велосипедті бойыңа қарай іріктеп алу.

Велосипедтегі ақаулар және оларды жою. Велосипедшілер үшін жасқа қарай шектеулер. Жүргін бөліктегі қозғалыс тәртібі.

Маневр жасау, реттелмейтін көше қиылыстарынан жүріп өту ережелері.

Велосипедші жолдың әр бағытында екі жолақтан болған жағдайда велосипедтен түспей кері бұрылуға құқығы бар ма?

Велосипедші қозғалыс бағытын өзгертетіні туралы әрқашан ескерту белгісін беруге тиіс пе?

Жүк тасымалы ережелері.


  1. Жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғатын жол жағдайларын зерделеу.

Қала (кент) бойынша экскурсия.

Көлік пен жүргіншінің қозғалысын, жол полициясының жұмысын бақылау.




  1. Қорытынды сабақ.

Тестілеу.

7-СЫНЫП


р/т

айы

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

1.

қыркүйек

Автомобиль көлігінің республика экономикасындағы рөлі.

1

2.

қыркүйек

Көлік құралдарын пайдалану ережелері.




3.

қазан

Көлік құралдарының аялдамасы және тұрағы.

1

4.

қазан

Интервал және арақашықтық. Қозғалыс жылдамдығы.

1

5.

қараша

Қозғалыс жолағы. Басып озу.

1

6.

қараша

Жүргізушілердің жұмыс қабілеттілігі және олардың сенімділігі.

1

7.

желтоқсан

Автомобильдегі медициналық қобдиша.

1

8.

желтоқсан

ЖКО-да зардап шегушінің киімін шешу ережелері.

1

9.

қаңтар

Жараланғанда, жарақаттанғанда және жазатайым оқиғалар кезіндегі алғашқы медициналық көмек.

1

10.

қаңтар

Сынған кездердегі алғашқы медициналық көмек.

Қан аққан кездегі алғашқы медициналық көмек.



1

11.

ақпан

Теміржол өтпелерінен жүріп өту.

Қала сыртындағы жолдарда.



1

12.

наурыз

Велосипедшілер, мопедшілер қозғалысының ережелері. Велосипедтерде, мотоциклдерде және мотороллерлерде жолаушылар мен жүк тасымалы ережелері.

1

13.

сәуір

Велосипедшілермен арнайы белгіленген алаңда практикалық сабақтар.

1

14.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1




Барлығы:

14


1. Автомобиль көлігінің республика экономикасындағы рөлі.

Автомобиль паркінің және жүк-жолаушы тасымалы көлемінің өсімі.

Автомобиль жолдары қашықтығының артуы.

Үдемелі жол қозғалысы жағдайларында көлік және жүргіншілер қозғалысын ұйымдастыру.





  1. Көлік құралдарын пайдалану ережелері.

Көлік құралдарының түрлері және олардың мақсаты.

Жалпылама пайдаланылымдағы көлік құралдары. Жалпылама пайдаланылымдағы көлік құралдарын пайдалану ережелері.

Жолаушыларды отырғызу және шығару ережелері.

Жүк және жеңіл автомобильмен тасымалдау кезіндегі балалардың өін-өздері ұстау ережелері.

Қозғалыс кезінде жолаушыларға бағдарлық көлік құралы жүргізушісін басқарудан назарын аударуға рұқсат етіле ме?

Қоғамдық көлік жолаушыларының қозғалыс кезінде түрегеліп тұруларына рұқсат етіле ме?

Қандай жағдайда жолаушыларды жолдың жүргін бөлігі жағынан мінгізіп, түсіруге рұқсат беріледі?


  1. Көлік құралдарының аялдамасы және тұрағы.

«Аялдама» және «тұрақ» терминдерінің түсінігі.

Көліктің аялдамасы мен тұрағына қай жерде рұқсат беріледі.

Автомобильдер жолдың жүргін бөлігінде қай жерге қойылады.

Ұзақ аялдамаға қай жерде рұқсат берілген.

Қандай жағдайларда көліктің аялдамасы мен тұрағына тыйым салынады.


  1. Интервал және арақашықтық. Қозғалыс жылдамдығы.

«Интервал» және «арақашықтық» терминдерінің түсінігі.

Жүргіншінің қауіпсіз арақашықтықты таңдауы.

Автомобильді жолдың тайғақ жағдайында басқару. Кенеттен тежеу.

Жылдамдықты арттыру ЖКО-ға әкеліп соғады.

Жол-көлік оқиғаларының мысалдары.


  1. Қозғалыс жолағы. Басып озу.

«Қозғалыс жолағы», «басып озу», «маневр» терминдерінің түсінігі.

Қозғалыс жолағын ауыстыру.

Қозғалыстың қарсы жолағына шығып кету.

Сенімді болмасаң – басып озба!

Қозғалыстың қарсы жолағына шығып кетудің ақыры ауыр зардапты ЖКО-мен аяқталуы мүмкін.

Жол-көлік оқиғаларының мысалдары.




  1. Жүргізушілердің жұмысқа қабілеттілігі және олардың сенімділігі.

Жүргіншілердің шаршауы және олардың сенімділігі.

Шаршағандық автомобиль жүргізушісінің мұқияттылығына және реакциясына әсер ете ме?

Алкоголь және оның қозғалыс қауіпсіздігіне әсері.

Жүргізушінің денсаулығы. Сырқаттық жай-күй (созылмалы аурудың асқынуы, психикалық күйзеліс). Руль ұстап отырып ұйықтау.

Есірткі және дәрі-дәрмектік заттар тұтыну. Шылым шегуге қарсы күрес.


  1. Автомобильдегі медициналық қобдиша.

Автомобильдің дәрі-дәрмектік қобдишасындағы калий перманганаты (марганцовка) қандай мақсаттарға пайдаланылады?

Автомобильдің дәрі-дәрмектік қобдишасындағы йод қандай мақсаттарға арналған?

Қандай дәрі-дәрмектер ауруды баяулататын болып табылады?

Автомобильдің дәрі-дәрмектік қобдишасындағы аммиактың 10% су ерітіндісі (нашатыр спирті) не нәрсеге арналған?

Егер жолаушының ыстықтығы 39 градустан жоғары көтеріліп кетсе, оған қалай көмектесуге болады?

Автомобильдің дәрі-дәрмектік қобдишасындағы энтеродез немесе белсендендірілген көмір қандай жағдайларда қолданылады?

Жүйкеге күш түскен жағдайда автомобильдің дәрі-дәрмектік қобдишасындағы қандай дәріні қолдану керек?

Адамның бір жері сынғанда автомобильдің дәрі-дәрмектік қобдишасындағы қандай дәрілерді ауруды басу үшін қолдануға болады?

Автомобильдің дәрі-дәрмектік қобдишасындағы S-тәріздес түтікше не үшін қажет?

Автомобильдің дәрі-дәрмектік қобдишасындағы эластикалық таңғыш не үшін қажет?




  1. ЖКО-да зардап шегушінің киімін дұрыс шешіп алу ережелері.

Зардап шегушінің сол жақ қолы жарақаттанған кезде көйлегін қалай дұрыс шешіп алуға болады?

Зардап шегушінің қолы жарақаттанғанда көйлегін, пиджагін қалай дұрыс кигізуге болады?

Жансақтау шараларын жүргізген кезде өкпеге ауаның еркін өтуі үшін не істеу керек?

Зардап шегушінің аяғы сынған кезде иммобилизациялық шинаны салу үшін оның киімін шешу қажет пе?



  1. Жараланған, жарақаттанған және жазатайым оқиғаларға ұшыраған кездердегі алғашқы медициналық көмек.

Ішкі ағзалардың зақымдануы және ондай кездердегі алғашқы медициналық көмек.

Органдарды ауыртып алу, шығарып алу, буындарды созып алу жағдайындағы түсінік және ондай кездердегі алғашқы медициналық көмек.

Созып алу, шығарып алу, сындырып алу кездерінде аяқ-қолды иммобилизациялау әдістері.


  1. Сындырып алған кездегі алғашқы медициналық көмек.

Қан аққан кездегі алғашқы медициналық көмек.

Сүйектердің сынуы жайындағы түсінік және олардың белгілері.

Сынықтардың түрлері және олардың асқынып кетуі.

Жарақаттан есеңгіреу және оның алдын алу.

Сүйектердің: бас сүйегінің, иық тұсының, кеуде қуысының, аяқ-қолдың сынған кездерінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері.

Қан аққан кездегі алғашқы медициналық көмек.

Қан ағуын уақытша тоқтату тәсілдері.

Артерияны саусақпен басу нүктелері.

Қолда бар заттардан қан тоқтататын бұрау салудың ережелері.

Қанның көп кеткен кезіндегі көмек.




  1. Теміржол өтпелерінен жүріп өту. Қала сыртындағы жолдарда.

Велосипедшілердің теміржол өтпелерінен жүріп өту ережелері.

Автомобильдің, мотоциклдің (мопедтің) жолаушыларының теміржол өтпесінде аялдауға мәжбүр болған кездегі өзін-өздері ұстау ережелері.

Жүргіншілерге теміржолды қай жерден кесіп жүріп өтуге рұқсат беріледі?

Ауыл көлігі. Тракторлар мен олардың тіркемелері. Өздігінен жүретін ауылшаруашылық машиналары.

Көлік-арба. Мал айдап жүру. Көлік-арба және мал айдау қозғалысына қойылатын қосымша талаптар.

Балалар колоннасын тәуліктің қараңғы уақытында қала сыртындағы жолмен жүргізуге бола ма? Адамдар колоннасы тәуліктің қараңғы уақытында жолмен қозғалып келе жатқанында қалай белгіленуге тиіс?

Жүргіншілер, егер жол жиегімен жүру мүмкін болмаса, елді мекеннен тыс жерде айырма жолағы бар жолдың қай жерімен жүруге тиіс?

Елді мекеннен тыс жерде жолды қай жерден кесіп жүріп өтуге болады? Мотоциклші, егер елді мекеннен тыс жерде мотоциклін қолмен ұстап жүргізіп келе жатса, қай жермен жүруге тиіс?



  1. Велосипедшілер мен мопедшілер қозғалысының ережелері. Велосипедтерде, мотоциклдерде және мотороллерлерде жолаушылар мен жүк тасымалы ережелері.

Қай жастан бастап велосипедпен жалпылама пайдаланымдағы жолға шығуға рұқсат беріледі?

Велосипедпен қай жолақта жүріп өтуге болады?

Жолдың жүргін бөлігінің қандай кеңдігінде велосипедші велосипедінен түспей сол жаққа бұрыла алады?

Егер қатарында велосипед жолы бар болса, велосипедшінің жолдың жүргін бөлігімен жүруіне құқығы бар ма?

Велосипедті басқа велосипедпен немесе мопедпен сүйреп жүруге бола ма?

Мопед жүргізушісіне жүргінші жолдарымен жүруге рұқсат етіле ме?

Қай жастан бастап мопедпен жалпылама пайдаланымдағы жолдармен жүруге рұқсат беріледі?

Қай жастан бастап мотоцикл жүргізуге оқытуға рұқсат беріледі?

Мотоциклде (мотороллерде) жүрген кезде міндетті түрде мотошлемдер пайдалану.

Жолаушылардың екіаяқты мотоциклде (мотороллерде) және арбашасы бар мотоциклдегі қозғалыс кезіндегі өзін-өздері ұстау ережелері.

Жүк таситын мотореллерлерде жолаушыларды тасуға тыйым салынады.

Мотоциклдер мен мотороллерлерде жолаушылар тасымалына салынған басқа да тыйымдар.

Велосипедте жолаушы тасымалына рұқсат етіле ме?

Мотоцикл жүргізушісіне жолаушыны артқы орындықта алып жүруге рұқсат етіле ме?

Жүк мотороллерінің қорабында жолаушы тасымалына рұқсат етіле ме?

Велосипед пен мопедте қандай жүкті тасуға тыйым салынған?




  1. Велосипедшілермен арнайы белгіленген алаңда практикалық сабақтар.

Велосипедшілердің Жол қозғалысы жөніндегі ережелер бойынша автоалаңдағы ойындары мен сайысы.

Жол қозғалысы ережелері біліміне теориялық емтихан.

Велофигураларды орындай білуге практикалық емтихан.

Жарыс қорытындыларын шығару.


14. Қорытынды сабақ.

Тестілеу.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет