Сабақтың түрі: Қайталау, бекіту сабағы. Сабақтың әдісі: Топтық, жұптық жұмыс, өз бетінше жұмыс



Дата07.02.2022
өлшемі15,69 Kb.
#86529
түріСабақ
Байланысты:
Көпмүше және бірмүше


Сабақтың тақырыбы: Бірмүше және көпмүше тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың, бірмүшенің, көпмүшенің стандарт түрін, және оларға амалдар қолдану ережелерін қайталау.
Дамытушылық: Ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Қайталау, бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: Топтық, жұптық жұмыс, өз бетінше жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша есеп, көбейту кестесі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылмен сәлемдесу, сабаққа қатысуын тексеру, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Бақылау жұмысы:
I нұсқа
1.Ұқсас бірмүшені көрсет : 1) 9ас; 2) – 17; 3) 9ху; 4) – 17ас.
2.Қай өрнек көпмүше бола алмайды?
1) 3а + b; 2) 7а2 + b + 3; 3) 7а2 × b × 3
3.Берілген көпмүшені стандарт түрде жаз. а3 × а5 – 3а × а × а × 0,5 + 7а2
4.Жақшаны ашып ұқсас мүшелерін біріктір: 11 + (7а – 11).
5.Көбейтуді орында : 5(а + 1).
6. Көбейтуді орында : 3а2 (7 – а).
II нұсқа
1. Бірмүшені стандарт түрге келтіріңіз : -6 х2 3 у3 х2 у
2. Бірмүшедегі в дәрежесін анықта: -12а2 в3 с
3. Ұқсас мүшелерді біріктір: а2+2ав+в2+а2-2ав+в2
4. Көбейтуді орында: (-7ав3) * (-9ав)
5. Көбейтуді орында : 5(а + 1). Б). 5а. В). 5а + 5. А). 5а + 1
6. Көбейтуді орында: х2 (9х3-3)
IV. Бекіту сұрақтары
1. Бірмүше дегеніміз не?
Санды және әріпті көбейткіштермен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.
2. Ұқсас мүшелер дегеніміз не?
Ортақ әріпті бөлігі бар және бір-бірінен айырмашылығы тек қана коэффицентте болатын бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады
3. Бірмүшеге мысалдар келтіріңдер.
4. Көпмүше деп нені айтамыз?
Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысын көпмүше деп айтамыз.
5. Көпмүшені біріктіру дегеніміз не?
Көпмүшелерді қосу арқылы оның барлық мүшелерін өз таңбаларымен тізбектеп жазып, ұқсас мүшелерді біріктіру
6. Көпмүшені бірмүшеге көбейту дегеніміз не?
Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін, бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу (азайту) керек.
V. Үй тапсырмасы: Анықтамаларды жаттап келу.
VI. Бағалау: Сыныпта белсенді оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет