Өзектілік
Курс оқушылардың аналитикалық дағдыларын дамытуға және мектеп пәндерін оқып-үйрену барысында алынған білімдер арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған; логикалық, алгоритмдік және бағдарламалау ойлау қабілетін практикалық және жобалық қызметте, бейіндік бағдарлау, робототехника және бағдарламалау бойынша аудандық, қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарға белсенді қатысуға қолдану.
Оқу жоспарының мазмұнын іріктеудің негізі және оның жүйелілігін белгілеудегі жалпы логика Б.Блумның білім беру мақсаттарының жаңартылған таксономиясы бойынша негізделген. Элективті курс оқудың барлық деңгейлерін қамтиды: робототехника және программалау бөлімдерінде негізгі мектеп бағдарламасы аясында информатика пәні бойынша оқу бағдарламалары еске сақтау(remembering), түсіну (understanding), қолдану (applying), бағалау(evaluating) және құру(creating), кеңейту және байытуды мақсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |