Қорытынды қайталау.
8 сынып
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
(XVІІІ ғ.басы - 1914 жылға дейін)
(барлығы 51 сағат, аптасына 1,5сағат)
1 бөлім. Қазақстанның XVІІІ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы (12 сағат)
Кіріспе. XVІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандықтарының ішкі, сыртқы жағдайы.
Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы соғысы.
Жоңғар мемлекетінің күшеюі. XVІІІ ғасырдың басында жоңғарлардың қазақ жерлеріне басып кіруі.
Негізгі шайқастар. 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды».
Шапқыншылыққа қарсы азаттық күрес. Басқыншыларды қазақ жерінен қуу. Қарақұм пен Ордабасындағы құрылтайлар. Азаттық күрестің көрнекті қайраткерлері; Абылай, Бұқар, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай т.б
Кіші жүздің Ресейге қосылуы. Қазақ хандықтарының Ресеймен дипломатиялық, экономикалық, сауда және саяси байланыстары. Патша үкіметінің отарлық саясатының басталуы. ХҮІІІ ғасырдың 40-жылдарындағы Кіші жүз бен Орта жүзде қалыптасқан жағдай.
XVІІІ ғасырдың ортасындағы Қазақстан. Кіші жүздегі қайшылықтардың шиеленісуі. Қазақ- башқұрт қатынастары. Ресеймен экономикалық қатынастардың дамуы. Жер мәселесінің шиеленісуі.
Абылай хан билігі. Абылай ханның сыртқы саясатының сипаты. Жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беруді ұйымдастыруы. Жоңғар хандығының әлсіреуі. Абылай ханның бүкіл қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі. Абылай хан – аса көрнекті саяси қайраткер.
Қазақтардың 1773-1775 ж. Е.И. Пугачев Шаруалар соғысына қатысуы. Оның себептері, қатысу барысы, соғыстың жеңілуі.
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Кіші жүз қазақтарының азаттық күресі. Себептері, барысы, аяқталуы және маңызы.
XVІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Ресей ғалымдарының Қазақстанды ғылыми зерттеуі. Олардың еңбектеріндегі Қазақстанның жағырапиясы, тарихы және этнографиясы. Қазақ әдебиеті. Ақтамберді, Бұқар жырау және т.б.
Қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |