Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі


бөлім. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайы (9 сағат)



бет25/48
Дата22.12.2021
өлшемі0,57 Mb.
#339
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
2 бөлім. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайы (9 сағат)

Қазақстанда хандық биліктің жойылуы. «Сібір қырғыздар жөніндегі жарғы» және Орта жүзде хандық биліктің жойылуы. «Жарғыдағы» әлеуметтік мәселелер. «Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы», Кіші жүзде хан билігінің жойылуы «Жарғыдағы» әлеуметтік мәселелер.Сыртқы округтердің құрылуы.

Реформа бойынша әкімшілік бөлініс. Қазақстанда патша үкіметінің нығаюы. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан экономикасында болған өзгерістер. Қазақ қоғамының әлеуметтік жағдайы. Қазақтардың 1812 жылғы соғысқа қатысуы.

Қазақстанда отарлық езгінің күшейе түсуі. Патша өкіметінің бекеттері, станицалары мен линияларының салынуы. Қазақ жерін зорлықпен отарлау. Ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы, барысы, қозғаушы күштері. Көтеріліс туралы түрлі көзқарастар. Қасым Абылайұлы және оның ұлдары- қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының басшылары.
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

Кенесары Қасымұлы- қаһарман батыр, қолбасшы, дипломат, мемлекет қайраткері. Кенесары хандығы. Ұлттық тәуелсіздік жолындағы бүкіл халықтық қозғалыс. Қоқан билеушілеріне қарсы күрес. Патша үкіметінің ұлт-азаттық қозғалысқа қарсы шаралары. Кенесарының опат болуы. Қозғалыстың жеңілуі, маңызы.



1836-1838ж. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс. Бөкей хандығының құрылуы. Территориясы. Шаруашылық, әкімшілік және саяси жағдайы. Көтерілістің себептері. Көтеріліс басшылары- Исатай Тайманұлы. Махамбет Өтемісұлы. Көтерілістің негізгі ошақтары. Көтерілістің жеңіліске ұшырауы.

Жаңқожа Нұрмұхамедов бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі.

Көтерілістің себептері, барысы. Орыс әскерлерінің Хиуаға жорығы. Қоқан хандығы ұстанған бағыт. Есет Көтібаров бастаған көтеріліс. Патша әскерлерінің Ақмешітті алуы. Қазақтардың Қоқан бектерінің үстемдігіне қарсы күресі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет