Қайталау ( 1сағат)
9 сынып
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЗАҚСТАН
( 1914-2009)
(барлығы 51сағат, аптасына 1,5 сағат)
Кіріспе (1сағат)
Бірінші бөлім.
ХХ ғасырдың басы Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс және 1916жылғы көтеріліс жылдарында (6сағат)
Қазақстан Бірінші дүниежүзілік соғысы жылдарында. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік –экономикалық жағдайы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстанға тигізген зардаптары. Қазақстан еңбекшілері жағдайының нашарлауы.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. Патша өкіметінің 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы. Қазақ демократияшыл интеллигенцияның қызметі. Стихиялық көтерілістің басталуы, оның қозғаушы күштері мен сипаты. Көтерілістің Жетісу, Торғай және басқа ошақтары.
Көтерілістің басшылары: Амангелді Иманов, Тоқаш Бокин, т.б.
Көтеріліске байланысты қазақ демократияшыл интелегенцияның ұстанымы. Көтерілісшілерге қарсы патшаның жазалаушы отрядтары. Қазақстан аумағынан қазақтарды қуу. Көтерілістің жеңілу себептері және оның тарихи мәні.
Қазақстан 1917 жылғы ақпан төңкерісі кезінде. Ресейдегі ақпан төңкерісінің жеңісі. Қос өкіметтің құрылуы. Қазақстанда Кеңестердің жәнеУақытша органдарының құрылуы. 1916 жылы бас сауғалап Қытай мен Ауғанстанға көшкендерді қайтару жөніндегі шаралар. Тыл жұмысына алынғандардың қайтып келуі.
Бұқараның революциялық белсенділігінің артуы.
Қазақ комитеттері. Саяси партиялар және ағымдар. Облыстық қазақ съездері.
«Алаш» партиясы және оның бағдарламасы. Партияның көрнекті қайраткерлері. Басқа да да партиялар мен ұйымдар. Жастар ұйымдары ( « Еркін дала», «Бірлік», «Жас қазақ» т.б) және олардың қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: |