Бағдарламасы 6 Дәрістердің қысқаша мазмұны 8


-тақырып. Кәсіпкерлік іс-әрекеттердегі субъектілер жауапкершілктер



бет30/52
Дата26.08.2020
өлшемі251,92 Kb.
#77018
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52
Байланысты:
кәсіпкерлік

10-тақырып. Кәсіпкерлік іс-әрекеттердегі субъектілер жауапкершілктер
Мақсат: Кәсіпкерлік істер субъектілерінің жауапкершілік түрлерін ашып, анықтау.
Сұрақтар:

  1. Әкімшілік жауапкершілік

  2. Экономикалық жауапкершлік

  3. Қылмыстық жауапкершілік

  4. Субъекттің кәсіпкерлік ісінің тоқтатуы


Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: кімшілік , экономикалық, қылмыстық жауапкершіліктері. Заңды тұлғаларды қайта құру, заңды тұлғаларды жою
Қазақстан Республикасының 30.01.01 ж. №155–II кодексінде қаралған әкімшілік жауапкершілік мынандай жағдайларда туындайды:

Кәсіпкерліктің қандай болмасын бір түрімен рұсаты бар куәліксіз, лицензиясыз, арнайы рұқсат құжатынсыз шұғылданған жағдайда төмендегі жағдайда айыппұл төлейді:



  • азаматтар үшін – 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)

  • лауазымды қызметкерлер үшін – 40 АЕК

  • заңды тұлғалар – 50 АЕК

Заң бұзушылық қайталанған жағдайдағы айыппұл мөлшері:

  • азаматтар үшін – 50 АЕК

  • лауазымды қызметкерлер үшін – 20-дан – 50-ге дейін АЕК

  • заңды тұлғалар үшін – 700 АЕК-дейін

Монополияға қарсы заңдылықтарды бұзған жағдайда:

– азаматтар үшін – 50 АЕК

– лауазымды қызметкерлер үшін –100 АЕК-дейін

– жеке кәсіпкерлер үшін – 100 АЕК

– заңды тұлғалар үшін – 1000 АЕК-дейін

Заң бұзушылық қайталанған жағдайда:

– азаматтар үшін – 80 АЕК

– жеке кәсіпкерлер үшін мен лауазымды қызметкерлер үшін – 150 АЕК

– заңды тұлғалар үшін – 1500 АЕК-дейін

Заңды тұлғалардың экономикалық жауапкершілікке тартылуы – ҚР президентінің 17.04.95 ж. №22198 Қаулысының 18 статьясын бұзған жағдайда болады да барлық табысы бюджетке аударылады.

Заңды тұлғалар немесе кәсіпкерлер лицензиясыз жұмыс жасайтын болса, онда Қ.Р. 17.04.95 №2200 заңын бұзған болып табылады да 24 статьяға сәйкес барлық табысы (сол кәсіпкерліктен түскен) бюджетке аударылады.

Жеке тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі Қ.Р. 16.07.97 ж. №167-1 Қылмыстыөқ Кодексін бұзуына байланысты туындайды.

Тіркелмей лицензиясыз кәсіпкерлікпен шұғылданған жағдайда мынандай жазалар қолданылады:

– 300 ден 500-ге дейінгі мөлшерде АЕК. айыппұл немесе ,

– қоғамдық жұмыс істету 180-240 сағатқа дейін немесе 6 айға тұтқындау немесе айыппұмен қоса 2 жыл бостандығынан айыру.

Кәсіпкерлік іс субъектін соттың шешімімен қызмет тоқтатуға мынандай жағдайларда мәжбүр етеді:



  • кәсіпорын банкрот болған жағдайда ;

  • тіркеу кезінде түзетуге мүмкін емес заңдылықтарды бұзған болса;

  • лицензиясыз жұмыс істеуге рұқсат етілмеген жағдайда, лицензиясы болмаса;

  • бір жылда бірнеше рет тәртіп бұзған болса;

  • басқа да заң актілері нұсқауларын орындамаған жағдайларда.

Жеке кәсіпкерлердің ісі бақылау жүргізуші мемлекеттік органдардың өтініші бойынша тоқтатылады. Лауазымды мемелекеттік орган Қ.Р. 19.06.94 ж. №2135-1 заңының 33 бабына 27.12.97 ж № 268- XII заңының 19 бабына байланысты кәсіпкерлікті тоқтату туралы сотқа өтініш түсіреді.

Туристік кәсіпорынның қызметін тоқтату үшін заңды тұлға қызметін қайта құру немесе жою қажет.

Заңды тұлғаны қайта құру жағдайында кәсіпкерлік іс-әрекет мүлдем жойылмайды, оның кейде оның құқықтық иелігі уақытша өзгереді.

Заңды тұлға жұмысын жалғасатыруға ешқандай заңдылық құқы болмасы, оны қайта құрудың бес түрін білу керек: қосу, біріктіру, бөлу, шығарып алу, қайта құру.

Қайта құрудың жоюдан айырмашылығы кәсіпорын жойылғаннан кейін басқадай міндеті де құқы да болмайды.

Заңды тұлғаның жойылуы екі түрлі болады, өз еркімен жойылуы, мәжбүр ету арқылы жою.

Заңды тұлған жою тәртібі мемлекеттің азаматтық кощдексі арқылы және мемлекеттің тіркеу жою ережелері бойынша жүзеге асады. Жою процесі мемлекеттік регистрға кәсіпорынның қызметінің тоқтағаны туралы жазғаннан кейін аяқталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет