Қ.Кеменгеров атындағы орта мектеп
«Алаштану» таңдау курсының оқу бағдарламасы
(9-сыныбы үшін)
Орындаған: Сембеков Тұяқ Бүркітбайұлы
Күркелі
2013
Түсінік хат
Ұсынылып отырған бағдарлама 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42-тармақтарына,Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығының 112-қосымшасына сәйкес әзірленді.
Тәуелсіздік әр бір ел үшін үлкен жетістік, қуаныш, ерекше жауапкершілік. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері тарих пен мәдениет саласында ірі серпілістер болып, көптеген нәтижелерге жетті.
Солардың ішінде бірегей тұрғаны Алаш алыптарының ардақты есімдерінің еліне, халқына қайта оралуы болатын. ХХ ғасырдың басындағы Алаш қозғалысы ұлттық сананың биік көрінісі болатын. Ол біз үшін тарих тағылымы болып қала бермек. [3]
Алаш – қазақ үшін қасиетті ұғым. Арғы жағында қандай тарих, қандай түсінік жатқандығына қарамастан, бүгінгі жұртшылық бұл ұғымды ХХ ғасырдың басында қазақ ұлтының тәуелсіздігі үшін күрескен «Алаш» қозғалысымен және соның басында тұрып, «Алаш» партиясын, «Алашорда» өкіметін құрған ұлт зиялыларының есімімен байланыстырады.Алаш қозғалысы – қазақ елі тарихының жарқын бір беті, ұлттық рух пен мемлекеттілік идеясының, отандық ғылым мен білімнің, мәдениет пен руханияттың айқын көрінісі.
Қазіргі уақытта қоғамымызда Алаш идеясы – тәуелсіздік идеясы деген ой-пікір берік қалыптасуда. Қазақта «көргені бар көргенін істейді, көргені жоқ ойына келгенін істейді» деген сөз бар. Яғни ұрпақты тұлғалар арқылы тәрбиелеу керек. Солардың үлгі-өнегесін, ел игілігі жолында атқарған істерінің мән-маңызын жастар жадында жаңғыртып отырған абзал. Қуғын-сүргін жылдарында қазақтың сүт бетіне шығар қаймақтарының бәрі қызыл қырғынға ұшырады. Елді бірлікке, кісілікке, парасатқа тәрбиелейтін тұлғалардың бәрін құртып жіберді. Біз ылғи орындаушыларды үлгі тұттық. Жоғарғы жақтың тапсырмасын кім мүлтіксіз орындаса, сол батыр болды, барлық құрметті сол иеленді. Рухани байлық, ұлттық құндылық деген жайына қалды. Соның салқыны тиген ұрпаққа ұлы тұлғалар өнегесін үйрету – бірден-бір қажетті нәрсе. Ал қазақ зиялыларының ең соңғы тұяғы «Алаш» азаматтары болатын. Сол үшін «алаштықтардың» өмірін, азаматтық тұлғасы мен күрескерлік жолын, шығармаларын оқытып-үйрету – парыз [1], оқушылардың түсінігін, талдау дағдысын қалыптастыру – ел тәуелсіздігі талаптарымен орайласып жатқан көкейкесті міндет.
Бағдарлама оқушылардың отаншылдық қабілетінАлаш тұлғаларының мемлекеттік және ғылыми-шығармашылық қызметін білу арқылы арттыруға бағытталған.
Мақсаты:
Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің және оның қайраткерлерінің қазақ жері мен мемлекеттілігі және ұлттық идея мен рухани-мәдени сананы қалыптастыру жолындағы қызметтерін тарихи арнада талдап оқыту.
Міндеттері:
жаңа замандағы білім беру үдерісінде Алаш қозғалысына байланысты құбылыстар, тарихи оқиғалар, тұлғалар келбеті, сан салалы еңбектер туралы оқушылардың тарихи түсінігін қалыптастыру;
өлкеміздің Алаш қозғалысына қатысқан тарихи тұлғаларын тану;
оқушыларды Алаш тұлғаларының мемлекеттік және ғылыми-шығармашылық қызметі арқылы отаншылдық қасиеттерге баулу және тәрбиелеу;
оқушылар бойында тәуелсіздік, ел, жер, ұлттық болмыс, ұлттық таным, ұлттық намыс, ұлттық сана категорияларын Алаш қозғалысы тарихы арнасында қалыптастыру;
қазақ мемлекеттілігінің тәжірибесі санатындағы Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметі, Алаш автономиясы және Түркістан автономиясы сияқты тарихи құбылыстар туралы оқушылар санасында жүйелі білімді орнықтыру;
Алаш тұлғаларының отандық ғылым мен білімнің бастауындағы мұраларын зерделеу;
оқушылардың «Алаштану» курсы бойынша тарихи үдерістерді дербес талдай білу біліктілігін дамыту, тарихи фактілер, құбылыстар мен тұлғаларға дербес көзқарас білдіру бейімін жетілдіру және тақырыптық негізде түйінді тұжырымдар жасауды қалыптастыру;
оқушылардың алаштануға қатысты деректермен жұмыс істей білу және осы саладағы білімін шығармашылықпен дамыту дағдысын арттыру;
ізденімпаздық қабілеттерін жетілдіру, тұлғалық әлеуметтену үдерісіне ықпал ету;
мемлекеттік қайраткерлік қызметін қадірлейтін және елдік дәстүр құндылықтарын жете түсінетін саналылық келбетін дамыту;
оқушылардың Алаш тәжірибесіндегі әлем мәдениетіне, зайырлылық пен өркениетке құрметпен қарау дағдысын жетілдіру.
Оқу жүктемесінің аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.
Мазмұны
«Алаштану» оқу пәнінің базалық мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:
1) Кіріспе: «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны. «Алаш» ұғымының жаңғыруы мен жандануы. Алаш қозғалысы – ұлт-азаттық күрестің айрықша белесі. Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі. Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу (1 сағат).
Достарыңызбен бөлісу: |