Бағдарламасы 9-сынып Оқу жоспарындағы ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі



Дата20.11.2019
өлшемі112,5 Kb.
#52133
Байланысты:
9сын био Күнтізбе Турсынбек-1

Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныптарына арналған
«Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

9-сынып


Оқу жоспарындағы ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі

Тақырып/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны

Оқу мақсаттары. Білім алушылар білуге тиісті.

1-тоқсан

9.1 Жасушалық биология

(3 сағат)



Жасушаның негізгі компоненттерінің қызметтері: плазмалық мембрана, цитоплазма, эндоплазмалық тор, жасуша орталығы, рибосомалар, Гольджи аппараты мен лизосомалар, митохондрия, пластидтер, қозғалыс органоидтары, олардың құрылысы және атқаратын қызметтері, жасушаның қосындылары

9.4.2.1 - өсімдік және жануар жасушаларының негізгі бөліктерінің құрылымы мен қызметін түсіндіру

Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу. Ұлғаю, актуальды өлшемі және суреттің нақты өлшемі. Өлшем бірліктерін СИ жүйесіне аудару (сантиметр-миллиметр-микрометр-нанометр)

9.4.2.2 - микрофотографияны пайдалана отырып, жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу

9.1 Тірі ағзалардың көп түрлілігі

(2 сағат)



Бинарлық жүйе

әр түрлі түрлерді сипаттауға арналған номенклатураны пайдалану. Анықтағыш көмегімен өсімдіктер мен жануарларды(жергілікті регионның) анықтау



9.1.1.1- әртүрлі түрлерді сипаттауда бинарлы; номенклатураны негіздеу

9.1.1.2 Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ерекшелік белгілері бойынша ажырату (анықтағыш бойынша)



9.1 Биосфера және экожүйе

(3 сағат)



Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы

9.3.1.1- популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдау

Экожүйедегі энергия тасымаланың тиімділігі. Энергия ағыны және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида түрлері. Экожүйелердің өнімділігі

9.3.1.2 - энергия ағымының тиімділігін есептеу

9.3.1.3 - энергия, биомасса және сандар пирамидаларын салыстыру



Табиғаттағы көміртек пен азот айналымы. Биосферадағы биохимиялық үрдістер. Топырақ пен шөгінді жыныстар түзудегі тірі ағзалардың рөлі.

9.3.1.4 - азот пен көміртек айналымының сызбасын ұсыну

9.1 Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері

(3 сағат)



Мұнай және басқа да пайдалы қазбаларды өндірудің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері. Атмосфера мен су жүйесінің ластануы. Ормандардың жойылуы. Топырақтың жағдайы. Шөлейттену. Биоәртүрліліктің азаюы

9.3.2.1 - мұнай және басқа пайдалы қазбалар өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру

Пестицидтер, гербицидтер мен инсектицидтердің қоршаған орта және адам денсаулығына әсері

9.3.2.2 - пестицидтерді пайдаланудың қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерін түсіндіру

Парниктік (булану) эффект және

озон қабатының бұзылуы



9.3.2.3 - парниктік (булану) эффектінің тірі ағзаларға әсерін түсіндіру;

9.3.2.4 - озон қабатының бұзылуының себептері мен салдарын түсіндіру



9.1 Қоректену

(4 сағат)



Ас қорыту, сіңіру, ассимиляция және бөліп шығару үдерістері. Ауыз қуысында астың қорытылуы. Асқазанда астың қорытылуы. Қарын сөлі ферменттерінің нәруыздарға әсері. Ұйқы безі сөлінің әсерінен он екі елі ішекте астың қорытылуы. Ішек сөлінің әсерінен астың қорытылуы. Ас қорытылуы: нәруыздардың аминқышқылдарына дейін, майдың май қышқылдары мен глицеринге дейін, көмірсулардың глюкозаға дейін ыдырауы. Астың аш ішекте сіңірілуі. Тоқ ішектің ас қорытудағы рөлі

9.1.2.1 - қорытылу, ассимиляция, сіңіру ,бөліп шығару үдерістерін бөлшектеп сипаттау

Ферменттердің белсенділігі. Зертханалық жұмыс «Ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың (температура, pH) әсерін зерттеу»

9.1.2.2 - ас қорыту процессіндегі органикалық заттар мен тиісті ферменттердің арасындағы байланысты орнату

Ферменттердің ас қорытудағы рөлі. Органикалық заттардың ферменттердің әсерінен ыдырауы.

9.1.2.3 - ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың (температура, pH) әсерін зерттеу

Өттің әсерінен майлардың эмульгациясы.

Зертханалық жұмыс «Өттің әсерінен майлардың эмульгациялануын зерттеу»



9.1.2.4 - өттің әсерінен майлардың эмульгациялануын зертте

9.1 Заттар тасымалы

(4 сағат)



Активті және пассивті тасымалдаудың ұқсастығы мен айырмашылығы

9.1.3.1 - пассивті және активті тасымалдауды салыстыру

Сыртқы және ішкі факторлардың транспирацияға әсері. Сыртқы факторлар: температура, ылғалдылық пен су буының қысымы, ауа қозғалысы.

Ішкі факторлар: буландыратын беттің ауданы мен бұл ауданның өсімдік көлеміне қатынасы (кутикула мен лептесіктер)



9.1.3.2 - транспирация (механизмін) үдерісінің мәнін түсіндіру;

9.1.3.3 - ішкі және сыртқы факторлардың транспирацияға әсерін зерттеу



Сыртқы факторлардың флоэмада зат тасымалына әсері: температура, ылғалдылық, жарық

9.1.3.4 - ішкі сыртқы факторлардың флоэма арқылы заттардың тасымалдануына әсерін зерттеу

2-тоқсан

9.2 Тыныс алу

(2 сағат)



Анаэробты және аэробты тыныс алу. Анаэробты және аэробты тыны салу үдерістерін химиялық реакция теңдеулерін қолданып қарастыру. Анаэробты және аэробты тыныс алудың тиімділіктері

9.1.4.1 - тыныс алу реакциясының химиялық теңдеуін пайдалана отырып, аэробты және анаэробты тыныс алуды салыстыру

Аэробты, анаэробты тынысалу үдерістерімен байланысты бұлшық еттердің қажуы. Физикалық жүктемелер артқан жағдайдағы ағзаның тіршілік әрекеттерін реттеудегі анаэробты тыныс алудың резервтік механизм ретіндегі рөлі

9.1.4.2 - бұлшықет қажуы және аэробты, анаэробты тыныс алу үдерістері арасындағы байланысты қарастыру

9.2 Бөліп шығару

(4 сағат)



Нефронның құрылысы және қызметі. Боумен-Шумлянский капсуласы. Неронның проксимальды және дистальды өзекшелері. Генле ілмегі. Жинақтағыш түтікше. Ультрафильтрация. Абсорбция және таңдамалы реабсорбция. Несептің құрамы. Фильтрация мен кері фильтрацияның себептері

9.1.5.1- нефронның құрылысы мен қызметін сипаттау;

9.1.5.2 -фильтрация және несептің түзілу үрдістерін сипаттау



Бүйрек жұмысын бұзатын факторлар: тамақтану рационы, дене температурасының күрт түсуі, дәрілік препараттар, созылмалы және инфекциялық аурулар: кариес, іріңді ангина

9.1.5.3 - бүйректің жұмысына әсер ететін факторларды сипаттау

бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары. Пиелонефрит, цистит, энурез, бүйрекке тастың жиналуы. Белгілері, себептері және алдын алу шаралары

9.1.5.4 - бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіру

Құрлықта, шөлде, тұщы және тұзды суларда тіршілік ететін тірі ағзалардың зат алмасуының соңғы өнімдері. Құрамында азоты бар органикалық заттардың ыдырау өнімдері: аммиак, несепнәр, несеп қышқылы

9.1.5.5 - әртүрлі ағзалардың мекен ету ортасы мен зат алмасудың соңғы өнімдері арасындағы байланысты орнату

9.2 Координация және реттелу

(7 сағат)




Нейрондардың түрлері мен қызметтері. Жүйке ұлпасының қызметі (глиальды жасушалар). Аксондардың миеленді және миеленсіз қабықтары. Синапстар және медиаторлар

9.1.7.1- жүйке жасушасының құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату;

9.1.7.2 -жүйке ұлпасының қызметі мен құрылымдық бөліктерінің қызметтерін талдау



Миеленді, миеленсіз аксондарда жүйке импульстарының туындауы және өткізілуі. Өткізу жылдамдығы. Мембраналық потенциал, тыныштық потенциалы және әрекет потенциалы

9.1.7.3- жүйке импульсінің туындауы мен өтуін сипаттау

Тыныс алу мен тыныс шығарудың реттелуі мысалында нейрогуморальдық реттелу механизмі. Жүйкелік және гуморальдық реттелуді салыстыру. Ағзаның стреске бейімделуі

9.1.7.4- жүйке және гуморалды реттелудің механизмін түсіндіру

Гомеостазды тұрақты ұстаудың механизмдері. Гомеостаздың мысалдары (термореттелу, қандағы глюкозаның мөлшерінің реттелуі

9.1.7.5 -гомеостазды сақтаудың механизмін түсіндіру

Өсімдіктердің өсуінің стимуляторлары. Өсімдіктердің өсуіне әсер ететін заттар ауксиндер мысалында

9.1.7.6 -өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін заттардың әрекетін талдау

3-тоқсан

9.3 Молекулалық биология

(2 сағат)



ферменттің әрекет ету механизмі. «Кілт-құлып» гипотезасы. Ферменттің белсенді орталығы

9.4.1.1- ферменттің әрекет ету механизмін зерттеу


Дезоксирибонуклеин қышқылы

молекулалық құрылысының қағидалары. Нуклеотидтердің комплементарлылығы.



9.4.1.2 -Дезоксирибонуклеин қышқылы молекуласының қос оралымды құрылымын сипаттау;

9.4.1.3 -Дезоксирибонуклеин қышқылын құрылымдық қағидалары негізінде үлгілеу



9.3 Жасушалық цикл

(4 сағат)




Интерфаза. Интерфаза кезеңдері: Gl, S және G2.

9.2.2.1- интерфазада жүретін үдерістерді түсіндіру

Митоз. Митоз фазалары Зертханалық жұмыс «Митоз фазалары»

9.2.2.2 -митоздың кезеңдерін сипаттау

Мейоз. Мейоз фазалары. Мейоздың митоздан айырмашылықтары

9.2.2.3- мейоз кезеңдерін сипаттау;

9.2.2.4 митоз және мейоз үдерістерін салыстыру



9.3 Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары (8сағат)


Мендельдің ашқан белгілердің тұқымқуалаушылық заңдылықтары. Тұқымқуалаушылықты зерттеудің гибридологиялық әдісі

9.2.4.1 -генетиканың дамуындағы Мендель зерттеулерінің рөлін бағалау

Тұқымқуалаушылық заңдылықтарының цитологиялық негіздері. Гаметалар тазалығы және оның цитологиялық негіздемесі. Моногибридті және дигибридті будандастыру. Басымдылық заңы. Ажырау заңы. Гаметалар тазалығының ережесі

9.2.4.2 -моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару;

9.2.4.3 -дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару



Аллельді гендердің әрекеттесуі толық, толымсыз. Доминанттылық құбылысы. Талдаушы шағылысты-ру ұғымы мен оның практикалық маңызы

9.2.4.4 -толық және толымсыз доминаттылықты салыстыру;

9.2.4.5 -талдаушы будандастыру-дың маңыздылығын бағалау



Жыныс генетикасы. Тұқымқуалаушылықты зерттеу тәсілдері. Жыныспен тіркесіп тұқымқуалау. Гемофилия және дальтонизм экологиялық жағдай гендердің өзгерісіне әсері. Гендердің әрекеттесуі. Қоршаған ортаның генотипке әсері

9.2.4.6 -жынысты анықтау теориясын сипаттау;

9.2.4.7- жынысты анықтау кезінде хромосомалардың рөлін түсіндіретін сызба жасау



Адам қан тобының АВО жүйесінде тұқымқуалауы және резус-фактор

9.2.4.8 -адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан топтарын анықтау механизмін түсіндіру

Адам генетикасы. Тұқымқуалаушы-лықты зерттеу әдістері. Медициналық генетика. Адамның генетикалық ауруларының алдын алу. Адамның генеалогиялық ағашын құру. Жеке шежірені құру және талдау

9.2.4.9 -адам генетикасын зерттеудің негізгі әдістерін сипаттау;

9.2.4.10 -шежіре сызбасын құру



өнімділікті арттыратын заманауи ауыл шаруашылық технологиялары.

Өнімділігі жоғары ауылшаруашы-лықты жүргізудің жаңа баламалы жолдары



9.2.4.11 -мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін заманауи ауылшаруашылық технологияларды қолданылуын зерттеу

9.3 Микробиология және биотехнология (1 сағат)

Биотехнологиялық үдерістін жалпы сызбасы және өнімдері (медицина, өнеркәсіп және ауылшаруашылық) және биотехнология өнімдері

9.4.3.1- биотехнологиялық үдерісінің жалпы сызбасын инсулин өндіру мысалында сипаттау;

9.4.3.2 -биотехнологияда өндірілетін өнімдерге мысал келтіру



9.3 Биофизика (2 сағат)

Тірі ағзалардағы электрлік үдерістер. Электрорецепторлар және электрлі мүшелер. Тірі ағзалардағы электрлі үдерістерді зерттеуде мультимедианы қолдану

9.4.4.1- тірі ағзалардағы электрлік үдерістерді зерттеу

Нейрокомпьютерлік интерфейс. Компьютер мен ми арасындағы ақпарат алмасу жүйесі

9.4.4.2 -«компьютер-ми» интерфейс технологиясының ерекшеліктерін зерттеу

4-тоқсан

9.4 Қозғалыс

(2 сағат)



Бұлшық еттің жұмысы. Негізгі бұлшық еттердің жұмысын өзіндік бақылау, иық белдеуінің қол қозғалысындағы рөлі. Статикалық және динамикалық жұмыс кезіндегі бұлшық еттің қажуы.

9.1.6.1- Қол бұлшық еттерінің максималды жұмыс күшін және күшке төзімділігін зерттеу;

9.1.6.2 -бұлшық еттің жұмысына оның жиырылу жиілігіне тәуелділігін зерттеу



9.4 Өсу және даму

(3 сағат)



Құрсақтық даму. Ұрықтық дамудың алғашқы кезеңдері. Ұрықтың қалыптасуы мен дамуы

9.2.3.1 -ұрықтың дамуындағы плацентаның маңызын түсіндіру;

9.2.3.2 -эмбрион мен ұрықтың дамуын салыстыру



Шылым шегу, есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері

9.2.3.3 -адам ұрығының дамуына шылым шегу, алкоголь мен басқа есірткілер әсерінің салдарын түсіндіру

9.4 Көбею

(6 сағат)



Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі

9.2.1.1 -адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттау

Аталық және аналық гаметалардың құрылысы

9.2.1.2 -аталық және аналық жыныс жасушаларының құрылысын зерттеу

Екінші реттік жыныстық белгілер. Ұлдар мен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу

9.2.1.3 -жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау

Менструалдық цикл: овуляция, етеккір. Менструалдық циклындағы эстроген мен прогестерон гормондарының маңызы

9.2.1.4- менструалдық цикл мен экстроген және прогестеронның маңызын сипаттау

Контрацепция түрлері және олардың қолданылуы

9.2.1.5 -контрацепцияның маңызы мен түрлерін түсіндіру

Жыныстық жолмен берілетін аурулар: жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі.

сифилис, гонорея, гепатит В,С



9.2.1.6 -жыныстық жолмен таралатын аурулардың салдары мен алдын алу шараларын түсіндіру

9.4 Эволюциялық даму (5 сағат)

Эволюциялық ұғымдардың қалыптасуы және дамуы. Ғалымдардың қосқан үлесі. Ч.Дарвин және оның түрлердің пайда болуы туралы ілімі. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары. Эволюцияның синтетикалық теориясының пайда болуы. Эволюция ілімін дәлелдеуші заманауи ілімдер

9.2.5.1 -К. Линней мен Ж.Б. Ламарк еңбектерінің негізгі қағидаларын оқып зерттеу;

9.2.5.2- Ч. Дарвин еңбектерінің негізгі қағидаларын оқып зерттеу



Эволюцияның қозғаушы күштері. Табиғи сұрыпталу нәтижесіндегі бейімделушілік. Эволюциялық үдерістегі өзгергіштіктің (мутациялық, комбинтивтік) рөлі. Табиғи сұрыпталу, оның түрлері (қозғаушы және тұрақтандырушы). Тіршілік үшін күрес (түрішілік, түраралық). Бейімделушілік. Қорғаныш рең: бүркеніш рең, мимикрия, сақтандырушы рең

9.2.5.3 -эволюцияның қозғаушы күштерін сипаттау;

9.2.5.4 -ағзалардың бейімделудегі табиғи сұрыпталудың рөлін сипаттау



«Түр» ұғымының анықтамасы.Түрдің құрылымы. Түр критерийлері.

«Түр түзілу» ұғымы. Түр түзілудің себептері



9.2.5.5- түрдің құрылымы мен критерийлерін сипаттау;

9.2.5.6 -түрдің пайда болуы себептері мен тәсілдерін түсіндіру



Жердегі тіршіліктің пайда болуы, дамуы

9.2.5.7 -Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдерін зерделеу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет