Бағдарламасы ағылшын тілінен аударғанда "Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу"



бет17/22
Дата03.11.2022
өлшемі370,41 Kb.
#156348
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Әдістер

85. Дайындал...Назар сал…Оқыңдар!
Әр оқушы берілген тақырыпты түсіндіруге көмектесетін заттар жинағын алады. Сіздің тапсырманы жоспарлау үшін 5 минутыңыз бар.
Кейбір әдіс-тәсілдерді өткізу үлгісі
1 Уақыт шеңбері
Мақсаты:
Идеялар, тәжірибелер және ойлармен бөлісу. Өз-өзіңді және басқаларды түсіну алға бастыру. Топ сұрақтарын құрастыру.
Ұйымдастыру:
Барлығы орындықта немесе еденде шеңбер құрып отырады. Сөйлеуші ғана ұстайтын зат бар (мысалы, доп).
Жаттығудың сипаттамасы:
Мұғалім оқушылар сияқты орындықта немесе еденде отыр. Бұл мына ерекше сынып тапсырмасында мұғалімнің директор емес, делдал екенін білдіреді. Мұғалім Уақыт шеңберіндегі құрылымдық ережелерінің сақталуына, әр оқушының эмоциясын қорғауға және лайықты тапсырмаларды дайындауға жауапты. Егер оқушылар ережелерді үнемі бұза берсе, мұғалім тапсырманы аяқтауға дайын болуы керек.
Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже – талқылауға барлығы түгелдей қатысулары керек. Бұл бірініші болып өткізілуге тиісті тапсырмалардың бірі. Негізгі үш ережені талқылау керек:

  • Тек біреу ғана сөйлеу керек – әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек.

  • Егер сіз бір тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді» басқаға бере аласыз.

Ешқандай қатты ескерту болмауы керек.
2. Балалар философиясы
Мақсаты:
БФ балаларды (немесе ересектерді) сыни, байыппен, шығармашыл және бірлесіп ойлауға ынталандыруға бағытталған. Бұл мұғалімге қатысушылар сұрақтарды өздері құрастырып және өздері қоятын және «қалай оқу керектігін үйренетін» «сұраныстар қоғамын» құруға көмектеседі. (Уилл Орд - http://www.thinkingeducation.co.uk/p4c.htm )
Ұйымдастыру:
Орындықтарды шеңбер етіп қойыңыздар, (егер қажет болса) сөйлеушіні білдіретін бір затты алыңыз (мысалы, доп). Бөлме ішінде оқушыларға арналған ынталандыру материалдарын орналастырыңыз.
Жаттығудың сипаттамасы: Тақырыппен таныстырып, үдерісті түсіндіріңіз. Оқушыларға ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек. Оқушылар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс тақырыпқа/пәнге қатысты сұрақтарды ойластыру үшін, оларға бір екі минут беріледі. Осылайша дауыс беру және сұрақтарды талқылау анықталады. Мұғалім сұрақтарды дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, делдал ретінде қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет