Сабақта қолданылатын Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдері RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 100 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
1.«Дәлелденген эссе» әдісі - белгілі бір тақырып бойынша екі оқушы шығып, пікірталас өткізеді. ( тақырып жайында шолу жасап, оқушы пікірін тыңдап болып, таңдауларын жасағаннан кейін мұғалім немесе оқушы өзі пікір білдіруі керек. Бірі сол берілген тақырып бойынша теріс пікір (яғни жақтамайды, немесе келіспейді) айтса, ал екіншісі тура пікірде (яғни жақтайды, немесе келісетінін білдіреді) болады. Бұл оқушылар тоқтамастан, өз ойларын білдіріп, қарсыласына жауап қайтарып отыруы керек.
2. INSERT- әдісі «Түртіп алу жүйесі» - мәтінмен жұмыс кезінде орындаған жөн. Бұл әдісті пайдалану үшін мәтіннің талдануға ыңғайлы, баланың түсінігіне лайық, жете меңгере алатындай бірнеше мәліметтері болуы керек. Оқушы мәтінді оқу кезінде бірнеше белгілер қойып отырады. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.
«!» - білемін
«-» - келіспеймін
«+» - мен үшін жаңа
«?» - таң қалдым, сұрақ туды
Оқып, белгілеп болғаннан кейін оқушы жеке отырып кестені мәліметтермен жоғарыдағы үлгі бойынша толтырады. Артынан жұппен, топпен талқылау өткізеді.