Сабақ: Суретпен таныстырамын
Тақырыбы: Мәтін және оның түрлері (Суретші Марат).
|
Мектеп: №5 Ақмол орта мектебі.
|
Күні: 16.11.2017 ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Какимжанова Нурбану Аскаровна
|
Сынып: 2 ж
|
Қатысып отырғандары 23
|
Келмегендер саны
|
Осы сабақта қол жеткізілуге тиіс мақсаттары
|
2. 1.2.1. Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. (айтылым, тыңдалым)
2.2.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. (оқылым)
2.3.1.1. Мұғалімнің көмегімен сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу.(жазылым)
2.4.2.6. Сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу.
|
Бағалау критерийлері
|
Дискрипторлар
|
Жеке, жұптық, топтық тапсырмалар орындайды.
|
Мәтінді оқиды.
Мәтін түрлеріне ажыратады. Сипаттауды үйренеді.
Заттарды салыстыра сипаттайды және салыстыра сипаттауды олардың ерекшелігі мен нақты белгілері бойынша табады.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Ресурстар
|
Барлық оқушылар: Оқулықтағы тапсырманы орындайды, тақырыпты меңгереді.
Басым бөлігі: Тақырыптың маңызы туралы айтып береді.
Кейбіреуі: Білімді сыныптастарына түсіндіріп,оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
|
Оқулық, сурет, кеспе қағаздар, кестелер, ойын, кері байланыс.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Дискуссия сұрақтары:
· Өлеңде кім туралы айтылған?
· Марат бояумен не істеді?
· Ол қандай сурет салды?
· Неліктен әр түрлі бояу өз орнын тапты?
|
Осының алдындағы оқу, меңгерілген білім.
Мәтін, оның түрлері туралы түсінік қалыптасты
|
Пән аралық байланыс:
Бейнелеу, әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері.
Әдіс-тәсілдер:
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік, рефлексия.
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспарланатын жұмыс (өз тапсырмаларыңызды жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басы (5 минут)
|
Ширату жаттығуы:
Психологиялық ахуал орнату.
Біз бақытты баламыз
Биікке қанат қағамыз
Болашаққа талпынып,
Оттай лаулап жанамыз.
Мақсатымыз - білім алу
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
5-ке қолды жеткізу.
|
Шаттық шеңбері.
|
Ортасы (25 минут)
|
Демек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы мәтін туралы болады.
Ендеше, сабағымыздың мақсатын болжап көрейікші... Болжау.
Сабақтың мақсатын анықтау.
Интертақтада сабақтың мақсаты жазылып тұрады.
Өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы пысықтау.
|
Оқушылар айтады.
Слайд-2
|
|
Білу және түсіну (10 минут)
Оқулықпен жұмыс.Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.
Әр шумақты бөліп оқыту, тізбектеп оқыту.
Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіреді.Бұл сөздерді бірінің орнына бірін алмастырып қолдануға бола ма? Алуан, әртүрлі.
Алдымен әр шумақ бойынша әңгімелетемін,содан кейін сұрақтарға жауап жазады.
1 - шумақ Әңгімелету.
2 - шумақ Сипаттау.
3 - шумақ Пайымдау.
(Мәтін түрлерін ажыратады.)
Мәтінге ат қою: Суретші Марат.
Мәтін ішінде түсініксіз сөз бар ма?
Бүгінгі білім сандығына саламыз.
Біз мәтінді оқыдық, талдадық, ат қойдық,түрлеріне ажыраттық, енді жазайық.
Сұрақтарға жауап жазу.
Тақтаға 3 топтан үш оқушы шығып жазады.
Топпен жұмыс
1 Топ –Үй сөзін топтастырады.
2 Топ - Үйдің суретін салады.
3 Топ- «Бес жолды өлең» құрастырады.
1. Зат е. - Үй.
2. Сын е – Зәулім үй.
3. Етістік.- Зәулім үй салынды.
4. Зәулім үй әдемі болды.
5. Баспана
|
Топпен жұмыс
Дәптермен жұмыс, Тақтамен жұмыс.
Слайд - 3
Постермен жұмыс 3 оқушы шығып қорғайды.
|
|
Сергіту сәті. «Зәулім үй» ойыны».
Сәл сергіп алайық, ортаға шығайық.
Ортаға 1-топ үйдің төбесін, 2-топ қабырғасын, 3-топ дуалды геометриялық фигуралар арқылы құрастырамыз.
Оң жағымда алма бағы
Оңға мойын бұрамыз
Сол жағымда дуал
Солға мойын бұрамыз
Ортасында зәулім үй.
|
|
|
Өзіндік жұмыс (Ө Ж).
Мәтінді оқиды. Мәтін түрлерін анықтап, белгілейді.
Қарлығаштар
Күн ашықта қарлығаштар ұшқанын тоқтата қойса,онда көп кешікпей дауыл тұрады.Төмендеп ұшса,көп ұзамай жауын жауады.
Сипаттау Пайымдау Әңгімелеу
Кестемен жұмыс.
|
Слайд – 4
Қалыптастырушы бағалау
Слайд - 5
|
|
Суретпен жұмыс. Оқулық бойынша бұл заттарды дұрыс салыстыра алды ма? Олардың қателерін тауып, өз жауабын ұсынады.
|
Слайд - 6
|
Сабақтың соңы
10 минут
|
Қорытынды.
Есіңе сақта!
Ережені өздері қорытып шығады.
(Үлгерімі төмен оқушыға көңіл бөлу)
«Кемпірқосақ» ойыны
«Мен .... туралы айтқым келеді, ...... деп бастайды.
Сипаттап айтады.
Рефлексия «Алақан» Экранда шығады.
Бас бармақ: Не ұнады?
Балаң үйрек: Жаңа не білдім?
Ортантерек: «Не жөнінде ойландыңыз?
Шылдыршүмек: Өз қоржыныма салдым?
Кішкентай бөбек: Не білгім келеді?
Бүгінгі мақсатымызға жеттік пе?
|
Слайд - 7
Жеке жұмыс (ж.ж)
Слайд - 8
|
|
Бағалау: «Менің көңіл-күйім баспалдағы»
Экраннан шығады:
Оқушылар аттарын стикерге жазып, баспалдаққа өз таңдауы бойынша жапсырады.
Мұғалімнің бағалауы: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыштармен бағалаймын.
Үйге тапсырма: 83-бет. 20-жат.
Сабақ аяқталды.
|
Слайд - 9
|