Білмеймін 1-шумақ



Дата26.01.2020
өлшемі31,11 Kb.
Білмеймін
1-шумақ

Сенің маған сезімдерің суыды ма, білмеймін.

Үнсіз тағы қалдың, жаным, жауабыңды білмеймін.

Сен де кетсең жүрегімді, мына менің, жаралап.

Махаббатсыз мына дүние не боларын білмеймін.
Тағдыр бізді сынау үшін қосты ма екен, білмеймін.

Бақыт құсы ұшып бізден кетті ме екен, білмеймін.

Екеумізді қоспаса, егер, ғашық еткен бұл өмір,

Махаббатсыз мына дүние не боларын білмеймін.



Қайырмасы:

Білмеймін.

Жолдардан адастық па?!

Білмеймін.

Біз бірге жарастық па?!

Білмеймін.

Жан-жаққа кетті қос тағдыр.
Білмеймін.

Қай жерден қате кеттік?!

Білмеймін.

Біз неге үміт еттік?!

Білмеймін.

Жан-жаққа кетті қос тағдыр.



2-шумақ

Жүрегіміз сүю үшін жаралды ма, білмеймін.

Сезім бойға, екеуміздің, таралды ма, білмеймін.

Шын ғашық боп жүрген едік, біз кенеттен қоштастық.

Махаббатсыз мына дүние не боларын білмеймін.
Сүйіп тұрып, біз тағдырға жеңілдік пе, білмеймін.

Шын ғашықтар бір-біріне жете ме екен, білмеймін.

Баянды боп бітпесе, егер, ғашықтардың дастаны.

Махаббатсыз мына дүние не боларын білмеймін.


Ғашық
1-шумақ

Өкінбеймін мына өмірге жолықтырған өзіңді.

Сені ұнатып қалғандаймын, алып қашпа көзіңді.

Бірақ, әттең, жеткізбейсің, мен соңыңнан келемін,

Сені ойлай жас жүрегім тағы-тағы езілді.

Қандай сұлу күлгенің.

Жалғыз өзің сүйгенім.

Менен артық өзіңді,

Ұнататын кіііім?!
Қайырмасы:

Жүрегім, бір өзіңді таңдайды.

Сезімін тағы өзіңе арнайды.

Басқасы сендей маған ем болмас,

Жанымда сен болмасаң, болмайды.
2-шумақ

Ғашық болған жүрегім ойлай береді өзіңді.

Қызғанбаймын өзіңнен сүйем деген сөзімді.

Мейлі, мені қаншама, қинасаң да өзің біл,

Сені сүйген жүрегім бәріне де төзімді.

Қандай сұлу күлгенің.

Жалғыз өзің сүйгенім.

Менен артық өзіңді,

Ұнататын кіііім?!

Жылайды біздің жүрек.
1-шумақ

Көзжасың төгіп тұрып, кете бардың.

Үнсіз боп, іштей күйіп мен де қалдым.

Еріксіз езілген-ай екі жүрек,

Келе ме тағдырыңа көне салғың.
Жеңілдік неге мұнша біздер жылдам.

Армандар қайда кетті бірге қылған.

Махаббат құрбаны ма екі жүрек,

Жете алмай бір-біріне жылап тұрған.


Қайырмасы:

Жылайды біздің жүрек, жаңбырдай тамшылап.

Жалғыздық сол жүректі соғады қамшылап.

Екеуміз енді мүлдем кездеспесек,

Шыдамай біздің жүрек сөнеді қан жылап.
2-шумақ

Қалайша сөнер біздің жүректер соғысы.

Қоштасу ма екен жаным, толқындар тоғысы.

Оралмас, мейлі, бізге алғашқы махаббат.

Арманға айналмасын ғашықтар соңғысы.
Үміттер үзілмеген кеудемізде.

Бақытты болармыз-ау, бәлкім, біз де.



Жылаған жүректерде еш кінә жоқ.

Сынағын берген болар тағдыр бізге.

Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет