11. «Кластер» немесе «Топтастыру» , «Жинақтау әдісі» - ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау. Бұл стратегия топпен де жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы. Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру.
а) жұпта талқылау
ә) топта ой бөлісу
б) Ортақ пікірлерін плакатқа маркермен жазып, тақтаға іліп қойып түсіндіру немесе қысқаша ойларын айту.
12. «Sinkuein» /«Синквейн» тәсілі. / немесе «Бес жолды өлең» әдісі - оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.Немесе:
* Зат есім-1
* Сын есім-2
* Етістік-3
* Мағыналас сөз-1
* Мәндес сөз-1 / немесе т.б./
13. «Геометриялық фигуралар» әдісі- бұл әдістің құралдары геометриялық пішіндер. Мақсаты: оқушының сөздік қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту. Себебі бала оқылып отырған мәтіннің кейіпкерлерінің мінез-құлқына, сипаттама бере отырып қорытынды жасайды. Кейіпкерлерді түрлі фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын табады. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады. Алғашқы кездерде бүкіл сынып ұжымымен өткізуге болады.
14. «РАФТ» әдісі - жеке жұмыс ретінде, жұпта немесе топта жұмыс ретінде ұсынуға болады. Ол сыныптың қабілетіне байланысты. Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с
-Р- рөл-оқушы
-А- аудитория- адамдар
-Ф- форма (хат, үндеу, ойтолғау, т.б. өз қалаулары бойынша)
-Т- тақырып