Бағдарламасы алматы 2012 Бағдарлама «050419 Музей ісі және ескерткіштерді қорғау»


Білім беру бағдарламасының пререквизиттері



бет4/9
Дата07.02.2022
өлшемі126,5 Kb.
#85835
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
музей каз
музей каз, музей каз
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
Мамандық бойынша келесі базалық және кәсіптік пәндер пререквезиттері болып табылады: «Музейтануға кіріспе», «Қазақстан музейлерінің тарихы», «Ғылыми-қор жұмысы», «Музей экспозициясы».
4. Емтихан тақырыптарының атауы


«Музейтануға кіріспе» пәні

1. Музейтану ғылыми пән ретінде. Музейтанудың міндеттері. Зерттеу объектісі және музейтану пәні. «Музеография», «музеология», терминдері. Термины «музеография», «музеология». Музей ісінің тарихы және оған қатысты шетелдік және отандық авторлардың негізгі еңбектері.


2. Музейтанудың танымдық түсініктері. Музей ісі және оның бағыттары. Арнайы танымдар. Негізгі деректер.
3. Музейлер классификациясы. Музейлердің кәсіптік түрлері: техникалық, тарихи, өнер және т.б. Музей типтері. Ашық аспан астындағы музейлер. Музей-қорықтар. Музей-үйлер. Мемориалдық музейлер. Музей квартиралар.
4. Музей және оның қызметі. Музейлердің әлеуметтiк қызметі. Құжаттау қызметтері. Бiлiм беру және тәрбиелік қызметі. Негізгі қызмет бағыттары: танымдық, үгiт-насихат, адамгершiлiк-тәрбиелiк, эстетикалық-тәрбиелiк. Музейлердің әлеуметтiк қызметтерді дамытуы. Әлеуметтiк мәдениет қызметiндегi музейдің мәдени-ағарту жұмысының ролi. Музей және қоғам. Адамның әлеуметтік дамуындағы музейлердің ролi.
5. Музей ісінің тарихы. Музейлердің пайда болуының алғышарттары. Музей сөзiнiң этимологиясы. Музейлердің пайда болу тарихының негiзгi тұжырымдамалары. Тарихи дамудың әртүрлi кезеңдерiндегі музей iсiнiң тарихы. Алғашқы музейлер. Алғашқы жаратылыстану тарихи музейлердің, «кунсткмера» және кабинеттердің пайда болуы.
6. XVIII-XIX ғғ. әлем музейлері. Музей жинақтарының мазмұны, тарихы, классификациясы. Көркемөнер музейлерінің қалыптастыру. Ұлттық музейлерді қалыптастыру және ұйымдастыру. ХІХ-ХХ ғғ. басындағы музей ісінің тарихында бүкiләлемдiк көрмелердiң ролі. Арнайы мамандандырылған музейлердің дамуы. Европа елдерінде музей ісінің дамуы. Лувр, Прадо, Британ музейі, Дрезден сурет галереясының қалыптасу тарихы.
7. КСРО-дағы музей ісінің дамуы. Қазан төңкерiсінен кейiн музей iсi мазмұнының өзгерiсi. Музей құндылықтарының ұлттық көрінісі. Мемлекеттiк музейлер желiсiнiң қалыптасуы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы музейлер қызметi. Соғыс жылдарынан кейінгі музейлер. 1960-80 жылдардағы КСРО-дағы музей ісі. Музей туралы жаңа ережелердің жазылуы мен қабылдануы.
8. Қазақстандағы музей ісі. Қазақстандағы музейлердің қалыптасуының тарихи-мәдени алғышарттары. Төңкерiске дейiнгі Қазақстан музейлері. Кеңес үкiметi жылдарында музей iсiнің ұйымдастырылуы. ҚР Мемлекеттiк Орталық музейінің тарихы, оның коллекциясының тарихы және қазiргi қызметі. А.Қастеев атындағы өнер музейі және оның қызметiнiң бағыттары.Жаңа музейлердің қалыптасуы. Ірi музейлер және ҚР музей-қорықтары.
9. Халықаралық музей ұйымдарының қызметі. Музейлердің халықаралық кеңесі (ICOM). Жарғы, мақсаттар және ИКОМ міндеттері. ИКОМ құрылымы және қызметі. ИКОМОС - ескерткiштер мен тарихи орындарды қорғау жөніндегі Халықаралық кеңес. Жарғы, мақсат және ИКОМОС міндеттері. Музей iсiн дамытудың негiзгi басым бағыттары.
10. Ғылыми-қор жұмысы. Музей қорының ұғымы. Классификация және систематизациясы. Сараптау. Сақтау және қорғау. Музей заттарын консервациялау және реставрациялау. Тасымалдау.
11. Экспозициялық жұмысы. Музей экспозициясы ұғымы. Экспозиция ісі тарихы. Жобалау әдісі. Ғылыми, көркем және жұмыс жобасы. Экспозициядағы қазіргі заманғы технологиялар.
12. Музейлердің ғылыми-ағартушылық жұмысы. Музей педагогикасының тарихы. Музейдегі мәдени-ағарту жұмысының мәні. Оның түрлерi. Экскурсиялық тәжiрибенiң қалыптасу тарихы. Экскурсиялардың түрлерi. Экскурсияны өткiзудің әдiстемесі, экскурсия өткiзудің формасы.
13. Музейдің ғылыми-зерттеу жұмысы. Міндеттері. Жоспар жасау. Составление планов. Жинақтау, өңдеу, сақтау және музей қорын қолдану жұмыстарын ғылыми қамтамасыз ету. Экспозиция және көрме жоспарлауда ғылыми-зерттеу жұмысының ролі. Ағартушылық жұмыста ғылыми зерттеу нәтижелерінің енгізілуі.
14. Музейлік менеджмент және маркетинг. Музейдегі басқару. Комерциялық емес мекемелер маркетингі. Музей жарнамасы. Музей дүкені. Қосымша табыс көздері. Фандрейзинг.
15. Коллекционирование как явление культуры. Коллекция ұғымы. Коллекция жинаудың себептерi. Коллекция жинаудың бағыттары: ғылыми, оқу, әуесқойлық. Коллекция жинаудың бағыттары: өнер, жаратылыстану-ғылыми, «ерекше заттар» кабинеттерін жасау. Коллекция жинаудың түрлері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет