Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаты мен міндеттері
6М041900 – Музей ісі және ескерткіштерді қорғау мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған емтихан сұрақтары олардың жалпы білімінің ортақ деңгейін және ғылыми білімінің деңгейінің дайындығын анықтауға арналған.
Міндеттері:
музей қызметінің теориялық-әдістемелік негізі және музеологиялық зерттеулер туралы білім деңгейін анықтау;
кешенді сараптау жасау, ғылыми әдебиеттер мен тарихи деректерді қолдану әдістерін игеру;
алған теориялық білімдерін қолда бар материалды талдауға қолдана білу;
музейлік мәселелерді салыстырмалы зерттеуде шығармашылық-сараптаушылық қабілетін қолдана білу;
зерттеу тақырыбы бойынша жиналған материалдарды сараптау және жүйелей білу;
музей қорларын комплектациялаудың бағыттары мен міндеттерін білу;
тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, консервациялау және реставрациялау туралы білімдер игеру;
отандық және шетелдік музеология бойынша еркін білімдерінің болуы.
Түсу емтиханының формасы – аралас, жазбаша-ауызша емтихан. Емтихан тапсырушы емтихан сұрақтары бойынша өзінің жауаптарын жауап парағына жазып, емтихан комиссиясына ауызша жауап береді. Апелляция берілген жағдайда жауап парағындағы жазбаша жауаптары қарастыруға негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |