«Ғылыми-қор жұмысы» пәні
1.Қорды ғылыми ұйымдастыру. Музей қорының қалыптасуындағы негізгі жағдайлар. Қордың мазмұны және олардың музей профиліне сәйкес келуі. Қорды ғылыми ұйымдастырудың ерекшелігі. Музей коллекциясын жасау және оның түрлері. Музей қорларының құрамы мен құрылымы.
2. Музей заттары білім дерек ретінде. Музей деректерінің типтері. Музейдегі материалдық және материалдық емес ескерткіштер. Музей заттарын игеру негіздері. Музей заттарының ерекшелігі, типтілігі, раритеті. Ғылыми-қосымша материалдар. Туындылар және оның ролі. Макет, модель, муляж,құйма, реплика, жаңғыртпа.
3. Музей қорын зерттеу. Музей заттарының классификациясы, оның түрлері. Музейдегі заттар негізінде оларды топтау. Әрбiр затқа анықтама беру, оның құндылығын анықтау, заттағы мәліметтерді ақпараттық топтау. Интерпретация: мұражай заттарын білім көзі ретінде сыни талдау.
4. Музей заттарының атрибуциясы. Музей заттарын атрибуциялау. Оның маңызды белгiлерiнiң анықталуы. Мұражай заттарын анықтаудағы әдiстеме.
5. Қорды жүйелеу жұмыстарын ұйымдастыру. Жүйелеу әдістері. Жүйелеу түрлері. Коллекция түрлері. Әртүрлі бағыттағы музей қорларының жүйелеу бағыттары.
6. Музей қорын жүйелеудің ғылыми әдістерінің негіздері. Қорды жүйелеу кезеңдері. Фактілерді анықтау. Зерттеу нысанын анықтау. Музейлік құндылығы бар заттарды жүйелеудің негізгі мәселелері. Қорды жүйелеуде қор сатып алу комиссиясының ролі. Қорды жүйелеу деректері.
7. Музей қорын есепке алудың міндеттері. Қорды есепке алу міндеті. Музей қорын есепке алу ісінің қалыптасу тарихы. Негізгі заңдық құжаттар: қабылдау актісі, өткізу актісі, қабылдау кітабы, тіркеу кітабы. Қор құжатын тіркеу және сақтау тәртібі. Тіркеу құжатына заттың ғылыми дерегін түсіру. Қор құжатын санаққа алу әдісі және нұсқау түрлері.
8. Тіркеу құжаттамасы. Музей қорларын тіркеудің негізгі сатылары. Заттарды музейге қабылдау және оның алғашқы инвентаризациясы. Құжаттама түрлері, олардың бағытталуы, толтырылуы. Түсім кітаптары. Арнайы тіркеу кітабы. Тіркеу карточкасы – музей заттарын ғылыми сипаттау және тіркеу формасы.
9. Музей қорларын ғылыми каталогтау (Музей каталогтары және олардың жүйесі. Каталогтың бағытталуы, олардың қолданылу салалары. Каталог түрлері. Каталогтық карточкалар түрлері. Қағаз және элекьтронды каталогтар. ААЖ (автоматты ақпараттық жүйелер) құру.
10. Музей қорларын сақтау тәртіптері. Музей қорларын сақтау түсінігі. Музей ғимаратының жабдықталу және аумағының ерекшелігі. Қор ғимараттарын сақтау тәртібі. Музейдегі өрттен қорғану әдісі. Температуралық тәртіп. Ылғалдылық тәртіп. Жарық тәртібі. Ауа ластаушыларынан сақтау. Биологиялық тәртіп. Механикалық бұзылулардан сақтау. Қатерлі жағдайларда музей қорларын сақтау.
11. Музей қорларын сақтау жүйесі. Сақтаудың жеке және кешенді жүйесі. Қорлардыға заттарды деректердің түрлеріне, материалдарға, бағытталуына, мазмұнына қарай бөлу. Қор сақтау бөлімдерінің жабдықтары, түрлері. Заттарды экспозицияда сақтау ерекшеліктері.
12. Музей заттарын тасымалдау. Нақты бір заттарды тасымалдау мүмкіндігін анықтауда реставрациялық кеңестің алатын орны Заттардың топтарға бөлу. Музей заттарын буып түю. Заттардың салмағын, көлемін, салмағын есепке ала отырып буып түю. Музей заттарын қабылдап алу ерекшеліктері.
13. Музей заттарын консервациялау және қалпына келтіру. «Қалпына келтіру» терминінің түсінігі. Қалпына келтірудің негізгі мақсаты – заттың алғашқы бет-бейнесін қалпына кетіру. Музей заттарын қалпына келтіру әдістемесі. Қалпына келтіру жұмыстарының әдістері. Қалпына келтіру жұмыстарының құжаттамасы. Қалпына келтіру комиссиясының қызметтері.
Достарыңызбен бөлісу: |