Бағдарламасы алматы 2012 Бұл бағдарламаны «6М05011200 -химия»



бет17/25
Дата08.04.2022
өлшемі125 Kb.
#138401
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Байланысты:
химия образов 2

«Органикалық химия» пәні
25. Алкандар.
Алкандардағы С-С және С-Н байланыстарының табиғаты. Алкандардың конформациясы және конформерлері туралы түсінік. Қанықпаған көмірсутектер. Алкендер, алкиндер, алкадиендер.
26. Спирттер.
Спирттердің қасиеттері. Спирттер әлсіз О-Н қышқылдар ретінде. Спирттер Льюис негіздері ретінде. Бір атомды спирттердің химиялық қасиеттері. Екі атомды спирттер, олардың химиялық қасиеттері. Глицерин және оның туындылары. Жай эфирлер. Оксирандар.
27. Фенолдар.
Фенолдар О-Н қышқылдар ретінде, орын басушылардың фенолдың қышқылдық қасиеттеріне әсері. Фенолдардың ароматтық ядроларындағы электрофильдік орын басу реакциялары. Хинондар. О-және п-хинондарды, антрахинонды алу. Хинондар Дильс-Альдер реакцияларындағы диенофильдер ретінде.
28. Карбонилдер.
Карбонил тобының құрылысы, оның полярлығы және полюстенуі. Альдегидтер мен кетондардың карбонил тобы бойынша нуклефоильдік қосылу механизмі туралы жалпы түсініктер.Кето-енольдық таутомерия, галогендеу, сутектің изотоптық алмасу реакцияларындағы альдегидтер мен кетондардың енольдануы және оптикалық белсенді кетондардың рацемизациясы. Осы реакциялардың қышқылдық және негіздік катализі. Қышқылдық және сілтілік орталардағы альдоль-кротондық конденсация, реакцияның механизмі. Карбонил тобының мен альдегидтер мен кетондардың α-СН байланысы реакцияларының қышқылдық негіздік катализі. Карбоксил тобының құрылысы. Қышқылдардың физико-химиялық қасиеттері: ассоциация, диссоциация, орын басушылардың қышқылдыққа әсері.
29. Карбон қышқылдары.
Карбоксил тобының құрылысы. Қышқылдардың физико-химиялық қасиеттері: асоциация, диссоциация, орын басушылардың қышқылдыққа әсері. Карбон қышқылдарының туындылары: галогенангидридтер, ангидридтер, күрделі эфирлер, қышқыл амидтері, нитрилдер.
30. Нитроқосылыстар.
Нитроалкандар. Нитротоптың құрылысы, Нитроалкандардың қышқылдығы мен таутомериясы. Нитроалкандардың химиялық қасиеттері. Тотықсызданудың аралық өнімдерінің қайтала топталуы. Бензидин қайта топталуы. Ароматтық нитроқосылыстар. Нитроарендердің қышқыл және сілтілік орталарда тотықсыздануы. Полинитроарендердегі бір нитротоптың тотықсыздануы. Полинитроқосылыстар қатысында заряд тасымал комплекстер.
31. Аминдер.
Амин тобының құрылысы. Амин тобының негіздігі және нуклеофильдігі. Ароматтық сақинадағы орын басушылар эффектінің аминдердің негіздігіне әсері. Алифаттық аминдер мен ароматтық аминдердің негіздік қасиеттерін салыстыру. Аминотоп қатысатын реакциялар. Аминоарендер қатарында жүретін электрофильдік орын басу реакциялары.
32. Диазоқосылыстар.
Электрондық құрылысының ерекшеліктері. Біріншілік ароматтық аминдердегі диазоттау реакциялары. Диазоқосылыстардың азот бөле жүретін реакциялары. Азосочетание.
33. Аминқышқылдары.
Аминқышқылдарының қышқылдық – негіздік және амфотерлік реакциялары. Пептидтердің номенклатурасы. Полипептидтерді синтездеудің негізгі принциптері. Белоктардың біріншілік, екіншілік және үшіншілік құрылыстары.
34. Бесмүшелік гетероциклдар.
Бір гетероатомды бес мүшелік гетероциклдар. Электрофильдік алмасу реакцияларының ориентациясы. Пиридин. Пиридин ядросындағы электрофильдік орын басу. Пиридиндердің нуклеофильдік реакциялары.
35. Моносахаридтер мен полисахаридтер.
Альдоз бен кетоздардың стереохимиясы Фишер проекцияларында. Альдогексоздардың циклдік жартылай ацетальдары. α- и β-Аномерлер. Моносахаридтер ерітінділеріндегі циклдік және ашық формалардың таутомериясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет