Бағдарламасы алматы 2012 Бұл бағдарламаны «6М05011200 -химия»


Емтихан өткізу түрі – жазбаша



бет3/25
Дата08.04.2022
өлшемі125 Kb.
#138401
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
химия образов 2

Емтихан өткізу түрі – жазбаша


2. Магистратураға түсуге үміткерлердің дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар

6М011200-«Химия» мамандығы бойынша оқуға түскісі келетін үміткерлердің келесідей білімдері, біліктіліктері мен дағдылары, творчестволық және эмоциональдық-бағалылық тәжірибелері біріге келе химияның түйіндік және пәндік құзыреттілікке қосқан үлесі болу қажет:


- атом-молекулалық ілімнің негізін, химияның негізгі стехиометриялық заңдарын және оларды химия есептерін шығарғанда қолдана білу;
- атом құрылысы теориясын білу және периодтық заңды қолдана отырып, кез келген элементтің электрондық конфигурациясын жаза білу;
- элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің периодтық кестенің топтары мен периодтары бойынша өзгерулерінің жалпы заңдылықтарын білу;
- химиялық байланыс теорияларының (ВБ, МО) негізгі қағидаларын білу және оларды жай гомо- және гетеронуклеарлық молекулалардағы химиялық байланыстың табиғатын сипаттау үшін қолдана білу;
- химиялық процестердің жүруінің негізгі заңдылықтарын білу (химиялық термодинамика мен химиялық кинетика) және оларды қолдана отырып, химиялық реакциялардың жүру шарттары мен ықтималдығын анықтай білу;
- тотығу-тотықсыздану реакциялары теориясының негізгі қағидаларын білу және олардың стехиометриялық коэффициенттерін таба білу;
- элементтер мен олардың маңызды қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттерін, сонымен қатар олардың қолданылуын білу;
- металдардың табиғатта кездесуінің негізгі түрлерін, оларды алудың негізгі әдістерін білу;
- комплексті қосылыстардың негізгі класстарын, олардың құрылымы мен химиялық байланысының табиғатын, олардың физикалық және химиялық қасиеттерін, номенклатурасын және қолданылуын білу;
- электрохимия негіздері мен Фарадей заңдарын және оларды электролизге байланысты есептерді шығаруға қолдана білу;
- қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, химиялық экспериментті дайында» және өткізе білу;
- органикалық қосылыстардың құрылыс теориясын білу және олардың маңызды қасиеттерін болжай білу;
- органикалық реакциялардың негізгі типтерін және олардың жүру шарттарын білу;
- органикалық қосылыстардың негізгі класстарының арасындағы генетикалық байланысты білу;
- органикалық қосылыстардың негізгі класстарының номенклатурасын білу;
- белгілі бір қасиеттері бар химиялық қосылыстарды синтездеудің негізгі принциптерін білу;
- оқытудың дидактикалық жүйесінің негізгі компоненттерін және ең маңызды дидактикалық принциптерді білу;
- орта және жоғарғы мектепте химияны оқытудың мазмұнын таңдау принциптерін білу,
- дәстүрлі және осы күнгі оқу құралдарын (компьютер, Интерактивті тақта, Интернет және т.б.) қолдана білу;
- Қазақстан Республикасының орта және жоғары мектептегі оқу процесін реттейтін ең маңызды нормативтік-құқықтық документтерін білу;
- Химиялық білі беру дамуының бүкіләлемдік тенденцияларын білу;
- орта мектеп химия пәнінің оқу-әдістемелік комплексін құрастыра білу;
- химиядан сабақ бере, практикалық жұмыс жүргізе және оларға сараптама жасай білу;
- химияны оқытудың осы күнгі технологияларын және оны сабақта қолдана білу;
- мектептің химия курсы есептерін шығара білу;
- химияны оқыту нәтижелеріне диагностика жасай білу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет