Аймақты рекреациялық бағалау. Демалыс пен туризм дамуының табиғи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары. Табиғи, әлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялық ресурстар, олардың туризм дамуындағы ролі мен маңызы. Туристік-рекреациялық ресурстардың маңызды сипаттамалары.
Туристік аймақтарды аудандау. Тиімді ғылыми-дәлелденген туристік аумақтарды аудандастыруға байланысты халық шаруашылығының саласы ретінде туризмнің территориялық ұйымдастырылуы мен әсерлі дамуының тәуелділігі.
Туризмді дамыту және табиғатты қорғау. Территорияның рекреациялық сыйымдылығы мәселелері – халықтың демалыспен толық қамтылуын қамтамасыз ету және туризмге «агрессивтік» әсерлерден табиғатты қорғау сияқты бір-бірімен байланысты екі мәселені шешу қажеттілігімен байланысты қазіргі туризм географиясының өзекті және маңызды міндеттері.
Туризмді анықтау мәні. Туризм күрделі кеңістіктік әлеуметтік-экономикалық құбылыс пен күрделі қоғамдық шаруашылық жүйе ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: |