3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
Бұл бағдарламаны игеру «5В050100-Әлеуметтану» мамандығы бойынша жалпы білім беру бағдарламасының келесі міндетті пәндерімен дайындалған:
TAT 2202Теориялық әлеуметтану тарихы 3 кредит
QAQ 3206 Қоғамның әлеуметтік құрылымы 3 кредит
EA 3306 Экономикалық әлеуметтану 3 кредит
ZhA 3304 Жастар әлеуметтануы 3 кредит
4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Теориялық әлеуметтану тарихы» пәні
Позитивистік әлеуметтанудың ерекшелiктерi. О.Конттың әлеуметтануы
Позитивистік әлеуметтанудың бастаулары. Огюст Конттың әлеуметтанулық доктринасының пайда болуының әлеуметтiк-экономикалық және әлеуметтiк-мәдени алғышарттары. О. Конт бойынша әлеуметтанудың пәні, міндеттері және әдістері. Позитивизм ғылымның дәлелдемесі ретінде. «Үш кезең» Заңы.
К. Маркстiң формация теориясы
Маркстың әлеуметтанулық доктринасының пайда болуының әлеуметтiк-экономикалық және әлеуметтiк-мәдени алғышарттары.Адам және қоғам. Тарихтың материалистiк түсiніктері. Әдiстеме. Әлеуметтiк жүйелер теориясы. Әлеуметтiк даму теориясы. Әлеуметтiк революция. Класстар және класстық күрес теориясы.
3. Э. Дюркгеймнiң органикалық және механикалық ынтымақтастығы
Э. Дюркгейм шығармашылығының теориялық алғышарттары, оның әлеуметтiк ұстанымы. Дюркгейм бойынша әлеуметтанудың пәні мен әдісі, оның қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны. Әлеуметтік факт түсінігі, әлеуметтік факттің табиғаты мен түрлері. «Социологизм» әлеуметтанудың философиялық дәлелі ретінде. Себептi және функционалдық талдау.
4. Г. Спенсердiң әлеуметтанулық жүйесi
Г. Спенсердiң түсiндірмесіндегі әлеуметтану пәні. Теориялық құрылымдағы негізгі принциптер: қоғамды организм ретінде түсіну және қоғамды физиологиялық модель бойынша үлгілеу. Қоғам мен биологиялық организмнің ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Эволюция заңды органикалық процесс ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: |