ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
Жаратылыстану және география
институтының директоры
____________Х.Н. Жанбеков
«_____» _____________2015 ж.
|
6M011600 – география мамандығы
бойынша қабылдау емтиханның
БАҒДАРЛАМАСЫ
Алматы, 2015
Бағдарламаны құрастырушылар: г.ғ.д., профессор Каймулдинова К.Д.
г.ғ.к., аға оқытушы Боранқұлова Д.М.
Елтану және туризм кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды: № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі:
|
___________
|
Каймулдинова К.Д.
|
ЖГИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
|
___________
|
Мукатаева Ж.С.
|
Бағдарлама Жаратылыстану және география институтының Ғылыми Кеңесінің отырысында мәжілісінде талқыланды.
«___»____2015 ж., хаттама №____
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚАБЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Жер – Күн жүйесіндегі планета ретінде. Жердің айналуы мен оның салдарлары. Күн жүйесіндегі өзге планеталар ішіндегі Жердің орны. Күннен қашықтығы. Пішіні мен өлшемдері. Жер қозғалыстары. Орбиталық және осьтік қозғалыс. Күн мен түннің ауысуы, жыл мезгілдерінің ауысуы. Теңесу күндері.
Жердің құрылымы, құрамы, геологиялық дамуы жайында қазіргі көзқарастар. Литосфералың плиталардың тектоникасы жайындағы концепцияның негізгі жағдайлары. Жердің жасы, Жер құрылымы: ядро, мантия, жер қыртысы. Жер қыртысының құрамы: Магмалық, шөгінді, метаморфтық тау жыныстары. Жер қыртысының құрылымы: материктік және мұхиттық жер қыртысы. А. Вегенердің «материктер дрейфі гипотезасы». Қазіргі Жер бетінің қалыптасуы.
Жер бедерінің қалыптасуындағы тектоникалық процестердің рөлі. Неотектоника туралы түсінік. Жер бедерін қалыптастыратын ішкі күштер, олардың әрқайсысының ықпалы. Тектоникалық процестердің сипаты. Неотектоника – жаңа тектоникалық қозғалыстар. Неотектоникалық қозғалыстардың сипаты (көтерілу, төмен түсу және т.б.) және қарқындылығы.
Жер бедерін қалыптастырушы эндогендік және экзогендік факторлар. Жер бедерін қалыптастырушы эндогенді факторлары: Тектоникалық қозғалыстар: жер қыртысындағы қатпарлы, жарықшақты, тік және тербелмелі қозғалыстар. Жер қыртысындағы неотектоникалық қозғалыстардың жер бедерін қалыптастырудағы рөлі. Магматизм және жер бедері. Жер сілкінудің жер бедерін қалыптастырудағы орны. Жер бедерін қалыптастырушы экзогендік факторлары: химиялық, физикалық және органикалық үгілу. Флювийлік процестер мен оның түрлері. Карст, карстық бедер пішіндері . Гляциалдық процестер. Мәңгі тоң аймағындағы жер бедері, аридтік аймақтардағы бедер пішіндері.Теңіздің жағалық процестері.
Жер планетасы. Пішіні және өлшемі. Жердің ішкі құрылысы. Жердің пішіні. Геоид туралы түсінік. Жердің өлшемдері (экватор ұзындығы, радиус өлшемдері). Ішкі құрылысы: ядро, мантия. Жер магнетизмі.
Жер қыртысының даму кезеңдері. Геохронологиялық кесте. Жердің Архейлік кезеңдегі дамуы. Жердің протерозойлық кезеңдегі дамуы. Жердің палеозойлық кезеңдегі дамуы. Жердің мезозойлық кезеңдегі дамуы. Жердің кайнозойлық кезеңдегі дамуы. Абсолюттік және салыстырмалы жасты анықтау әдістері. Геохронология кесте туралы түсінік. Стратиграфия ұғымы. Абсолюттік және салыстырмалы геохронология. Зерттеу әдістері. Геохронологиялық кесте. Стратиграфиялық негізгі бөлімдер. Жердің және жер қыртысының жасын анықтау.
Минералдар және тау жыныстары. Тау жыныстарының жіктелуі. Жер қыртысының минералогиялық құрамы. Минералдар. Минералдардың физикалық қасиеттері. Моос шкаласы. Минералдардың шығу тегі. Минералдардың жіктелуі.Таужыныстары және олардың шығу тегіне қарай жіктелуі
Климат қалыптастырушы факторлар (күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы, жер бедері, мұхиттардың алыс және қашықтығы, төсеніш беттің сипаты). Күн радиациясы: тура, шашыранды және жиынтық радияция; Оның Күн сәулесінің түсу бұрышына тәуелділігі. Циклон, антициклон. Қысым белдеулері. Жер бедерінің климатқа әсері, климаттық «барьерлер». Мұхит ағыстарының климатқа әсері.
Атмосфера. Құрамы және құрылысы. Атмосфераны қорғау проблемалары. Жер атмосферасы жайлы жалпы мәліметтер. Атмосфераның құрамы мен құрылысы. Атмосфераның маңызы және оны қорғау.
Жер климаты. Б.П. Алисов бойынша климаттық белдеулер. Негізгі сипаттамалары. Жер шарының климаттық аудандастырылуына негіз болған принциптер. Климаттық белдеулер. Негізгі және өтпелі климаттық белдеулер. Жер шарындағы кең таралған климат типтері.
Жер бетінде атмосфералық қысымның таралуы және желдердің басым бағыттары. Атмосфералық қысым, өлшеу бірліктері, жер бетінде вертикалды және көлденең бағытта таралу заңдылықтары. Жоғары және төмен қысымды орталықтар. Ауа массаларының қозғалу себептері. Желдердің басым бағыттары және олардың маусымдық өзгерістері.
Адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде табиғаттың өзгеруі. Адамның шаруашылық әрекеті кері ықпалын тигізген аудандарды анықтау. Антропогендік және мәдени ландшафт.
Климаттың қазіргі ғаламдық мәселелері. Климаттың жаппай жылынуы, оған әсер ететін факторлар. «Жылыжай» (парник) эффектісі. Мұздықтардың еруі.
Дүниежүзілік Мұхит сулары, оның қасиеті. Негізгі ағыстары мен олардың маңызы. Мұхитты қорғау мәселелері. Дүниежүзілік мұхит – географиялық қабықтың біртұтас табиғат объектісі. Морфометриялық көрсеткіштері. Оның бөліктері. Мұхит суы тұздылығы. Су температурасы. Мұхиттағы су қозғалыстары. Толқындар. Ағыстар: жылы, суық. Пассаттық ағыстар, Батыс желдер ағысы. Мұхиттағы ағыстар циркуляциясы. Мұхитты қорғау мәселелері.
Жер шарындағы су айналымы, оның негізгі бөліктері мен маңызы. Үлкен және кіші су айналымдары. Айналым бөліктері. Беткі ағын, оның су айналымындағы маңызы.
Гидросфера, оның негізгі бөліктері. Гидросфераны қорғау проблемалар. Гидросфра. Гидросфера құрылысы, қасиеттері. Үлкен және кіші су айналымы. Дүниежүзілік мұхит суы, оның қасиеттері, табиғат ресурстары. Дүниежүзілік мұхит суларын қорғау проблемалары.
Су ресурстары. Жер бетіндегі тұщы су проблемасы. Тұщы су ресурсы. Оның таралу ерекшелігі. Тұщы судың ластануы және оны қорғау проблемалары.
Құрлық суы. Су ресурстары. Жер шарындағы тұщы су проблемасы.Жер шарындағы тұщы су проблемаласы. Өзендер. Жер асты сулары. Өзендердің қоректенуі және су режимі. Көлдер. Батпақтар. Мұздықтар. Су ресурстары. Тұщы су проблемасы тән аймақтар.
Биосфера, оның Жер дамуындағы маңызы. Биосфера туралы түсінік. В.И. Вернадскийдің биосфера жайындағы ілімі. «Ноосфера» ұғымы. Биосфераның жалпы географиялық заңдылықтары.
Топырақ жамылғысы. В.В. Докучаевтың топырақ жайындағы ілімі. Топырақ түзуші факторлар. Топырақ анықтамасы, оның құрамы, құнарлылығы. Топырақ түзілуіндегі таужыныстарының, жер бедері, климат, су, микроорганизмдер, өсімдік, жануарлардың ролі. Топырақ құрылымы, профилі, механикалық құрамы. Топырақ типтері. Жер бетінде топырақ типтерінің таралуы.
Дүние жүзінің географиялық белдеулері мен зоналары. Зоналылықты анықтаушы факторлар. Зоналар арасындағы негізгі ландшафттық айырмашылықтар. Географиялық белдеулер ұғымы. Табиғат зоналары.Зоналылықты анықтаушы факторлар. Зоналарға қысқаша сипаттама.
Географиялық қабық. Құрамы мен құрылымы. Негізгі заңдылықтары. Географиялық қабық туралы түсінік. Құрамдас бөліктері мен компоненттері. Олардың арасындағы өзара байланыс. Географиялық қабық заңдылықтары: біртұтастық, зоналылық, ырғақтылық, энергия және зат алмасу.
Географиялық қабықтың жалпы даму заңдылықтары. Географиялық қабық туралы түсінік. Құрамдас бөліктері мен компоненттері. Олардың арасындағы өзара байланыс. Географиялық қабық заңдылықтары: біртұтастық, зоналылық, ырғақтылық, энергия және зат алмасу.
Қазіргі географияның ғылымдар жүйесіндегі орны. География және оның салалары. Географияның басқа ғылымдармен байланысы. Жаңа зерттеу әдістері.
Географиялық карталардың мазмұны мен ерекшеліктері, оларың ғылыми және қолданбалы мәні. Карталардың жіктелуі. Географиялық атластар.
Картографиялық проекциялар және олардың түрлері. Картографиялық проеция жасау жолдары. Азимуттық проекция және олардыің түрлері. Конустық проекция және оның түрлері. Цилиндрлік проекция және оның жасалу жолдары. Поликонустық, псевдоазимуттық, псевдоконустық, псевдоцилиндрлік проекция түрлері.
Картаның математикалық негіздері.географиялық ендік және бойлық. Масштаб және оның түрлері. Сандық масштаб, атаулы масштаб, сызықтық масштаб, көлденең масштаб, ірі, орта, ұсақ масштаб түрлері. Географиялық координаталар туралы түсінік. Географиялық ендік және географиялық бойлық ұғымдары.
Ландшафтар туралы ілімі. Ландшафттардың марфологиясы жіктелуі.
География ғылымының негізгі даму кезеңдері. Антик дәуіріндегі сипаттаушы география. Орта ғасырлардағы саяхаттар. Карта жасау. Экспедициялық зерттеулер. Қазіргі заманғы география.
МАТЕРИКТЕР МЕН МҰХИТТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫ
Шетелдік Еуропа физикалық-географиялық сипаттама. Географиялық орны. Табиғатының басты белгілері. Шетелдік Еуропаның негізін құрайтын ежелгі платформалар. Қатпарлы құрылымдар. Гипсометриялық және орографиялық басты белгілері мен көрсеткіштері. Сыртқы күш әсерінен қалыптасқан жер бедері пішіндер. Климаттық жағдайы. Атлант мұхиты жағалауы, қоңыржай және субтропиктік белдеулердегі климаттық ерекшеліктері. Белдеулер бойынша климаттың ішкі айырмашылықтары. Ішкі сулары. Алтант мұхиты алаптарының өзен жүйелері. Басты су айрықтар. Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің қалыптасуы мен таралу ерекшелігі. Физикалық-географиялық аудандастырылуы. Ішкі табиғат айырмашылығы.
Шетелдік Азияға физикалық-географиялық сипаттама. Географиялық орны. Табиғатының басты белгілері. Шетелдік Азияның негізін құрайтын ежелгі платформалар. Қатпарлы құрылымдар; Гипсометриялық және орографиялық басты белгілері мен көрсеткіштері. Сыртқы күш әсерінен қалыптасқан жер бедері пішіндер. Климаттық жағдайы. Субтропиктік және субэкваторлық, экваторлық белдеулердегі климаттық ерекшеліктері. Белдеулер бойынша климаттың ішкі айырмашылықтары. Ішкі сулары. Тынық мұхиты, Атлант мұхиты алаптарының өзен жүйелері, басты су айрықтар. Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің қалыптасуы мен таралу ерекшелігі. Субтропиктер, тропиктік-экваторлық белдеулер деңгейіндегі зоналар жиынтығы. Физикалық-географиялық аудандастырылуы. Ішкі табиғат айырмашылығы.
Солтүстік Америкаға физикалық-географиялық сипаттама. Табиғатының басты белгілері. Материктің қалыптасуы мен табиғатының даму кезеңдері. Солтүстік Америка платформасы мн геосинклиналдық белдеулердің пайда болуы. Кордильердегі оротектоникалық белдеулер. Жамылғы және таулық мұз басу кезеңдері. Гипсометриялық және орографиялық көрсеткіштері. Солтүстік Американың климаттық жағдайы (Еуразиядан басты айырмашылығы). Ауа алмасуының меридиандық бағыты. Ауа температурасы, қысым мен басым желдер, жауын-шашынның жыл мезгілдеріне сәйкес таралу заңдылығы. Ураган, торнадо құбылыстары. Климаттық белдеулер. Солтүстік Американың ішкі сулары. Өзен торларының орналасуы. Алаптар. Солтүстік Американың Еуразиямен және Оңтүстік Америкамен құрлықтық байланысы, ол байланыстардың тіршілік дүниесі құрамына әсер. Материк ішіндегі зоналар жиынтығы. Реликт және эндемик өсімдіктер мен жануарлар. Физикалық-географиялық аудандастырылуы, ішкі табиғат айырмашылықтары.
Оңтүстік Американың физикалық-географиялық сипаттамасы. Табиғатының жалпы ерекшеліктері. Гондваналық Оңтүстік америка ежелгі платформасының дамуы. Анд қатпарлы белдеуінің дамуы. Материк жер бедерінің айқын екі бөлікке жазық-платформалық және батыстағы Анд қатпарлы белдеуіне бөлінуі, оларға сәйкес келетін жер бедері пішіндері. Климаттық аудандастыру. Биік таулық және Атлант мұхит жағалауындағы жазық жер климаты. Белдеулер ішіндегі климаттық айырмашылықтар. Гидрографиялық тордың таралу ерекшелігі. Амазонка өзен жүйесіне сипаттама. Қазіргі мұз басу аудандары. Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің белдеулер бойынша таралуы. Экватрлық және тропиктік белдеулердегі мәңгі жасыл ылғалды ормандар (гилея). Саванналар мен тропиктік сирек ормандар. Солтүстік (льянос) және оңтүстік жарты шар (кампос) саванналары арасындағы айырмашылықтар. Тропиктік және субтропиктік белдеулердегі шөлдер мен шөлейттер, жағалық шөлдер, пампа. Анд тауындағы биіктік белдеулік.
Африканың физикалық-географиялық сипаттамасы. Материк табиғатының жалпы ерекшеліктері. Гондваналық африка-Арабия ежелгі платформасының дамуы. Африка шегіндегі альпілік қатпарлы аймақ. Шығыс Африка грабендер жүйесінің түзілуі. Материктің жағалық пішіндегі өзгерістер. Жер бедерінің негізгі ерекшеліктері. Африка климатының өзіне тән ерекшеліктері. Экватордың екі жағындағы орны мен Еуразия материгімен көршілес орналасуының климаттық жағдайға тигізетін әсері. Африканың климаттық белдеулері. Экваторлық субэкваторлық, тропиктік және субтропиктік климаттық белдеулер. Агроклиматтық ресурстар. Ішкі сулардың материк бойынша таралуының әркелкілігі. Ағынның жауын-шашын мөлшері мен жер бедеріне тәуелділігі. Беткі ағын болмайтын аудандар, оның себебі. Уәдилер. Нл өзені. Шығыс африка көлдері. Африкадағы тіршілік дүниесінің өзіне тән басты белгілері. Голарктикалық, Палеотропиктік өсімдіктер дүниесі. Мадагаскар аралы мен Кап флорасының ерекшеліктері.
Солтүстік Мұзды Мұхитқа физикалық-географиялық сипаттама. Физикалық-географиялық орны, табиғатының басты ерекшелігі, мұхит түбінің жер бедері, климаты, ағыстары, органикалық дүниесі, табиғат ресурстары.
Аустралияға физикалық-географиялық сипаттама. Аустралия – Жер шарындағы ең кіші материк. Табиғатының басты белгілері. Матриктің қалыптасуы мен табиғатының даму кезеңдері. Табиғат ресурстары. Климаттық жағдайы мен ішкі климаттық айырмашылықтары. Климаттық белдеулері ме климат типтері. Органикалық дүниесінің құрамы. Эндемик жануарлар.
Мұхиттық аралдар, физикалық-географиялық сипаттамасы. «Мұхит аралдары» ұғымы. Тынық мұхитының орталық және батыс бөлігіндегі географиялық орны. Тынық мұхит табаны құрылымы мен байланысы. Аралдардың генетикалық типтері. Климаттық және табиғат жағдайларындағы орталық пен ерекшеліктері. Аралдардың пайдалы және мәдени өсімдіктері. Мұхит аралдарының физикалық-географиялық аудандастырылуы. Полинезия, Микронезия, Меланезия және Жаңа Зеландия.
Антарктида және Антарктика. Физикалық-географиялық сипаттама. Антарктика және Антарктида ұғымдары. Табиғатының басты ерекшеліктері. Тасты және Мұзды Антарктида. Антарктиданың қазіргі зерттелуі. Халықаралық геофизикалық жыл деңгейіндегі зерттеулер. Климаты мен органикалық дүниесі.
ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ
ТМД аумағының геологиялық және тектоникалық құрылымы. Кембрийге дейінгі қалыптасқан ежелгі платформалар. Палеозой қатпарлықтары. Эпигерциндік платформалар. Мезозой қатпарлығы. Кайнозой қатпарлықтары. ТМД аумағында антропоген дәуірінде болған негізгі оқиғалар.
Орта Сібірдің физикалық-географиялық сипаттамасы. Географиялық орны. Географиялық құрылысы. Сібір платформасы. Жер бедері. Климаты. Ішкі сулары. Тоңдану. Табиғат зоналары. Табиғат ресурстары.
Дүние жүзінің және ТМД лдерінің салыстырмалы түрде отын-энергетика кешеніне сипаттамасы. Отын-энергетика кешені туралы түсінік. Дүние жүзінің және ТМД елдерінің отын-энергетика кешенінің жағдайы. Отын және энергетика ресурстарының түрлері. ТМД және дүние жүзі бойынша көмірдің, газдың, мұнайдың, уранның сақталған қоры. Аудандарда өндірілетін отын-энергетика кешеніне экономикалық-географиялық баға беру. Электр жүйелері, электр станцияларының түрлері, электр энергетикасын орналастыру географиясы, ТМД энергетикалық жүйелер мен басты мәселелері.
Халықаралық экономикалық байланыстар: халықаралық туризм және капиталды тасымалдау, сыртқы сауда, кредит беру мен қызмет көрсету. Халықаралық экономикалық байланыстың түрлері. Дамушы және дамыған елдер арасындағы сыртқы экономикалық байланыс. Халықаралық туризмнің дүние жүзілік шаруашылықтағы сауда экономикалық байланыс ретінде. Сауда, сауда түрлері және халықаралық жүк тасымалдау. Дамыған елдер, ТМД, Батыс Еуропадан т.б. елдерден шыққан негізгі капитал ағымын орналастыру. Халықаралық ұйымдар және кредит беретін мемлекеттер.
Экономиканың дамуындағы көліктің маңызы мен ерекшелігі. Көлік түрі. Олардың қазіргі замандағы даму ерекшеліктері мен даму қарқыны. Сыртқы көлік магистралдары. Шаруашылық қалыптасуы мен дамуындағы көлік магистралдарының ерекшеліктері. Көлік түрлері мен орналасу ерекшеліктері. Қазіргі көлік жолдары. Жетекші жолдары мен магистралдары. Құбыр, автомобиль және темір жолдарының жобалары. Бір жүйелі көлік-коммуникациялық кешенін жасау.
ТМД негізгі шаруашылық құрылымы. ТМД негізгі шаруашылықтың даму салалары мен оның дамудағы қиындықтары. Өндірістік және ауыл шаруашылығы салалары және даму деңгейі. Нарықтық жағдайдағы шаруашылықтың жаңа салалар, шаруашылық салаларының құрылымдық өзгерістері. Өндіріс күштерінің заңдылықтары, принциптері мен факторлары. Шаруашылықтың комплексті-салалы секторлары. Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп салалары.
ТМД елдерінің саяси, экономикалық, саяси байланыстарының даму мәселелері мен болашағы. ТМД экономикалық-әлеуметтік мәселелер. Жаңа сыртқы экономикалық байланыстарының саяси аспектілері мен нарықтық шаруашылықтағы байланыстар, ортақ жасалынып жатқан жұмыстар. Халықаралық ұйымдар мен ТМД елдері арасындағы маңызы.
ТМД елдерінің металлургиялық кешені: металлургияның салалық құрылымы және оның дамуы. Металлургиялық базалар. Металлургиялық комплекс кешені. Түсті және қара металлургия салалары және даму деңгейі мен шығу тарихы. Негізгі металлургиялық базалар. Кен түрлері мен сақталған қорлары. Өндіріс орындары мен негізгі өндідру орталықтары.
ТМД елдеріндегі негізгі географиялық даму ерекшеліктері мен өндіріс орындарының орналасу ерекшеліктері. Өндіріс орындарын орналастыру және даму факторлары. Ауыл шаруашылығы мен өндірістік орындар арасындағы халықаралық байланыс. Өндіріс салаларындағы мәселелер.
ТМД елдері халықтар географиясы. Халықтар географиясына жалпы сипаттама (саны, шынайы өсу, құрылымы, құрамы). Өсу мен орналасуға әсер етуші факторлар және халық саны, тығыздығы. ТМД қалалары мен ерекшеліктері. Халықтың сыртқы және ішкі миграциясы. ТМД демографиялық мәселелері. Халықтың саны, өсуі, жыныс-жастық құрамы. Аумақ бойынша халықтар орналасуының ерекшеліктері.
ТМД елдерінің даму болашағы. Экономикалық, саяси және басқа байланыстарының даму проблемалары мен болашағы. Шикізат базалары, орналасу факторлары, ірі орталықтары.
ТМД елдері өнеркәсібі дамуы. Өнеркәсіптің дамуы мен орналасуының басты географиялық ерекшеліктері. Өнеркәсіп орналасуына әсер ететін факторлар. Өнеркәсіп орналасуының аумақтық ілгерлеушіліктері.
ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ГЕОГРАФИЯСЫ
Дүние жүзінің саяси картасы. Әлемнің саяси картасының қалыптасуы және мемлекеттердің қазіргі типологиясы. Саяси картаның қалыптасу кезеңдері: ежелгі, орта ғасырлық, жаңа жеке қазіргі заманғы. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасына қысқаша тарихи-географиялық шолу. Қазіргі саяси картадағы түйінді мәселелер. Дүние жүзі елдерін типке бөлу: дамыған, өтпелі экономикалы және дмушы елдер. Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтары. Дүние жүзі елдерінің жіктеліп топтастырылуы.
Халықтар географиясы. Халықтың нәсілдік, этностық және діни құрамы. Дүние жүзінде халықтың орналасуы. Халық тығыздығы, қоныстану ерекшеліктері. Урбандалу.
Азаматтың ғаламдық проблемалары: экологиялық және отын-энергетикалық проблемалар. Қоршаған ортаны қорғау және биосфераның тазалығын сақтау. Биосфераның құрауыштары: атмосфера, гидросфера, педосфераның ластануы және оларды қорғау шаралары. Табиғатты ұтымсыз пайдалану және антропогендік іс-әрекеттер. Техногендік апаттар және экологиялық жүйенің нашарлауы. Отын энергетикалық проблема мәселе. Көмірсутекті шикізат қорларының шектеулігі. Атом энергиясын және сарқылмайтын дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалану. Энергияны үнемдеуші технология және оның тиімді жаңа түрлерін іздестіру.
Халықаралық еңбек бөлінісі: халықаралық мамандығын өндірістерді орналастырудағы ҒТР-дың ықпалы. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі. Ғылыми – техникалық революция (ҒТР) ұғымы, оның айқындаушы белгілері. Техника мен технология дамуының жолдары. Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары. Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі адамның рөлі. Қазіргі ҒТР-дің халықаралық мамандануға және жұмыс күшіне әсерлері. Ақпараттық мәдениет және ғылыми техникалық байланыстар. ҒТР-дың шаруашылықтың салалық құрлымның өзгерісіне және өндірісті орналастырудағы аумақтық құрылым өзгерістеріне ықпалы. Қазақстанның халықаралық географиялық еңбек бөлінісі жүйесіндегі орны.
Халықаралық ұйымдар. Үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар. Бүкіләлемдік және аймақтық ұйымдар. Біріккен Ұлттар ұйымы және олардың халықаралық мекемелері. Еуродақ және оның маманданған ұйымдары. Саяси- әскери ұйым (НАТО) және экономикалық-салалық ұйым(ОПЕК), сол сияқты аймақтық ұйымдарға (АСЕАН, Араб лигасы), т.б. сипаттама. ТМД, Шанхай бірлестігі ұйымы, Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық, Еуразиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ОБСЕ), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (СВМДА).
Адамзаттың ғаламдық проблемалары: шикізат, дүниежүзілік мұхит байлығын және ғарышты игеру. Дүниежүзілік азық-түлік проблемасы. Ғаламдық азық-түлік бағдарламасы. Тамақ құрамының сапасы және энергетикалық қоректілігі. Шикізаттық проблема, минералдық ресурстардың шектеулігі және сарқылу мүмкіндігі. Шикізат қорын үнемдеу, оларды басқа түрлерімен алмастыру және үнемдеуші технологияларды жетілдіру мәселелері. Мұхитты пайдалану және адамзаттың оны игеру проблемалары: минералдық –ресурстық, биоресурстық, энергетикалық, көліктік, рекреациялық, экологиялық, ғылыми-танымдық бағыттары.
Дүниежүзілік шаруашылықтың аграрлық секторының орны мен маңызы, дүние жүзінің өсімдік және шаруашылығы, салалық құрамы, аграрлық қарым-қатынастар. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі. Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтың құрлымы, олардың аумақтың айырмашылықтары. Ауыл шаруашылығы-материалдық өндірістің негізгі саласы. Егін шаруашылығы: астық, бұршақ, көкөніс, бау-бақша, жеміс-жидек, майлы, цитрус, техникалық,т.б. дақылдар. Мүйіздігі ірі қара, жылқы, түйе, қой-ешкі, шошқа, балық, құс, марал, т.б. шаруашылықтар. Агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылық салаларының жеңіл және тамақ өнеркәсіптермен тығыз байланыстылығы.
«Үлкен жетілік» экономикалық блогының дүниежүзілік шаруашылықтағы рөлі мен маңызы. «Үлкен Жетілік» құрамы, жалпы сипаттамасы. Дүниежүзілік шаруашылықтағы орны: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік қызмет көрсету саласындағы алатын үлесі. Ұлтаралық бірлестіктер арқылы «Үлкен Жетілік» елдерінің әлемдік экономикаға ықпал етуі.
Жаңа индустриялы елдер. Дүниежүзілік шаруашылықтағы маңызы. Азия, Латын Америкасындағы жаңа индустриялы елдер, олардың экономикалық-әлеуметтік дамудағы ерекшеліктері. Осы елдердің дүние жүзілік шаруашылықтағы орны мен ерекшеліктері. Бразилия, Мексика, Оңтүстік Корея елдерінің шаруашылық салаларының құрылымы мен ұқсастықтары, ерекшеліктері.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫ
Қазақстан территориясының антик дәуіріндегі зерттелуі. Птоломей, Страбон, Геродот еңбектеріндегі Қазақстан аумағы туралы мәліметтер. Ежелгі карталарда қазақ жерінің бейнеленуі.
Қазақстан географиялық орны және оның табиғатына аумақтық ерекшеліктеріне әсері.
Қазақстанның геологиялық құрылысы. Негізгі тектоникалық құрылымы: кембрийге дейінгі және эпигерциндік платформалар, палеозойлық (каледондық және герциндік) қатпарлы облыстар.
Қазақстан аумағындағы кездесетін морфо-мүсіндер.
Қазақстанның жер бедері және олардың типтері. Қазіргі рельефінің қалыптасуына неотектоникалық процестің әсері.
Палеозойдағы Қазақстан аумағының дамуы. Тау жасалу қозғалыстары мен қатпарлықтар. Жер бедеріндегі өзгерістер. Теңіз трансгрессиялары. Палеозойлық құрылымдар.
Қазақстанның қазіргі жер бедері. Қазақстанның қазіргі жер бедерінің қалыптасу жолдарына қарай топтастырылуы (тектоникалық-денудациялық, денудациялық, аккумуляциялық және аккумуляциялық-денудациялық).
Қазақстан аумағын геоморфологиялық аудандастыру. Л.С. Берг, М.М. Өтемағанбетов, З.А. Сваричевская.
Қазақстан жеріндегі атмосфералық жауын-шашынның таралуы. Жауын-шашынның таралуы және оның жылдық мөлшері. Оның жыл мезгілдері бойынша өзгеруі. Жауын-шашынның табиғатқа әсері.
Қазақстан территориясындағы ауа қысымының таралуы және желдердің басым бағыттары. Ебі, Сайқан, Арыстанды-Қарабас, Шілік, Мұғалжар желдері. Желдердің шаруашылықтағы маңызы. География ғылымы жүйесіндегі «Қазақстан физикалық географиясының» орны мен ролі.
Қазақстан климаты. Қазақстан климатына жалпы сипаттама және климаттық аудандастырылуы.
Қазақстан аумағын климаттық аудандастыру. В.П. Алисов, Е.П. Кузнецов, М.М.Өтемағанбетов схемаларындағы аудандастыру принциптері.
Қазақстан өзен торы. Ағынның мұхитқа құятын және тұйық бассейндері. Өзендердің қоректенуіне және молдылығына қарай типке бөлінуі. Өзендердің шаруашылық маңызы.
Каспий, Арал, Балқаш көлдеріне физгеографиялық сипаттама. Географиялық орны. Жағалау сызығы. Пайда болу жағдайлары. Аралдары. Климаты. Суының қасиеттері. Органикалық дүниесі. Экологиялық жағдайы.
Қазақстан тауларындағы қазіргі мұз басулар. Таралу ерекшеліктері. Қар сызығының биіктігі. Мұздықтардың өзендердің қоректенуіндегі ролі.
Қазақстанның табиғат зоналары. Олардың қазіргі жағдайына кешенді сипаттама. Табиғат зоналарының таралу заңдылығы.
Қазақстанның жерасты сулары. Минералды және термальды сулар. Жерасты суларының шаруашылық маңызы.
Қазақстан аумағындағы температураның таралу заңдылығы (орташа жылдық, қаңтар және шілде температуралары). География ғылымы дамуының негізгі кезеңдері.
Қазақстанның көлдері, олардың таралу ерекшеліктері. Көл-қазан шұңқырларының типтері. Ащы және тұщы көлдер. Көлдердің шаруашылықтағы маңызы.
Қазақстанның топырақ жамылғысы. Оның таралу заңдылықтары. Азоналдық және интрозоналық топырақтар.
Қазақстан аумағындағы қорғалатын аумақтар. Қазақстан мемлекеттік тұрғыдан қорғауға алынған аймақтары. Ұлттық саябақтар, табиғи қорықтары, қорықшалар, табиғат ескерткіштері.
Топонимика-географиялық атаулар туралы ғылым. Халықтық географиялық терминдер негізінде жасалған атаулар. Қазақстандағы географиялық атаулардың негізгі топтары (оронимдер, ойконимдер, гидронимдер, зоонимдер,фитонимдер). Топонимдердің тілдік құрылымы. Ландшафттық терминдер негізінде жасалған атаулар.
Қазақстанды физикалық-географиялық аудандастыру. Қазақстанды физикалық-географиялық аудандастырудың таксономиялық бөліктер жүйесі. Қазастан тауларының биіктік табиғи белдеулері (Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу жотасы, Тянь-Шань).
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫ
Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары туралы түсінік. Оларғы экономикалық-географиялық баға беру. Табиғат ресурстарының топтастырылуы. (Қазақстан мысалында).
Қазақстан Республикасы халқы. Қазақстан Республикасы халқының орналасуындағы негізгі ерекшеліктері: халқының саны, тығыздығы, этностық құрамы, еңбек ресурстары, елді мекендер типтері.
Қазақстанның электр энергетикасы. Энергия көздері, орналасу факторлары, энергожүйелер, ірі электр станциялары.
Қазақстанның тамақ өнеркәсібі. Салалық құрамы, шикізат базасы, орналасу факторлары, басты орталықтары.
Қазақстанның химия өнеркәсібі. Маңызы, салалық құрамы, шикізат базасы, орналасу принциптері, басты орталықтары.
Қазақстанның агро-өнеркәсіптік кешені. Салалық құрамы мен шикізат базасы. Ауыл шаруашылық салаларының ТМД елдері экономикалық кеңістігіндегі аалатын орны.
Қазақстанды экономикалық-географиялық аудандастыру. Қазіргі құрамы. Қалыптасу прициптері. Әрбір ауданда қалыптасатын шаруашылықтың топтары, олардың мамандану жағдайлары.
Қазақстанның өсімдік шаруашылығы. Салалық құрамы, маңызы, ауыл шаруашылығына жарамды жердің құрылымы, дақылдардың басты таралған аудандары.
Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібіне сипаттама. Салалық құрамы, Қазақстан табиғатын географиялық тұрғыдан зерттеу кезеңдері.
Қазақстанның қара металлургиясы. Шикізат базасы, орналасу принциптері, комбинаттың түрлері, ірі орталықтары.
Қазақстанның түсті металлургиясы: салалық құрамы, минералды шикізат базасы, орналасу факторлары, негізгі орталықтары. Қазақстан мен ТМД экономикалық кеңістігіндегі оның алатын орны мен маңызы.
Қазақстанның машина жасау кешені: маңызы, салалық құрамы, қазіргі даму жағдайы, ірі кәсіпорындар.
Қазақстан өнеркәсібіне сипаттама: маңызы, салалық құрамы, оның қазіргі жетекші салаларының даму жағдайы. Қазақстан өнеркәсіп салаларындағы шетелдік фирма және компаиялар.
Қазақстанның мал шаруашылығы, қазіргі даму жағдайы. Мал түрлерінің негізгі таралған аудандары, оған әсер ететін факторлар. Тұран Жазығы мен Солтүстік Қазақ жазығына салыстырмалы түрде физикалық-географиялық сипаттама.
Қазақстанның көлік кешені: дамуының алғы шарттары, көлік түрлері, оларға тән ерекшеліктері. Негізгі магистралдары.
Оңтүстік Қазақстанға экономикалық-географиялық сипаттама табиғат жағдайы мен ресурстарына баға беру. Шаруашылықтың маманданған салаларына сипаттама.
Батыс Қазақстанға экономикалық-географиялық сипаттама табиғат жағдайы мен ресурстарына баға беру. Экологиялық проблемеалрының шешілуі. Маманданған шаруашылық салаларына сипаттама. География ғылыми жүйесіндегі «Қазақстан экономикалық және әлеуметтік географиясының» орны мен ролі.
Шығыс Қазақстанға экономикалық-географиялық сипаттама. Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары, шаруашылығының маманданған салалары.
Орталық Қазақстан ауданына экономикалық-географиялық сипаттама. Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына баға беру, шаруашылығының маманданған салаларына сипаттама.
Қазақстанның рекреациялық ресурстары. Рекреациялық шаруашылықты қалыптастырудағы ролі.
Солтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық сипаттама: табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына баға беру, шаруашылығының маманданған салаларына сипаттама.
Жасанды көлдер. Олардың салыну себебі. Шаруашылық маңызы. Бөгендер.
Қазақстан Республикасының экономикалық-географиялық жағдайы және тәуелсіздік алғаннан кейінгі өзгерістері.
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Географияны оқыту әдістемесі – педагагикалық ғылымдардың бiрi. Оның оқып-үйрену пәнi және зерттейтiн басты проблемалары. Географияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен: география, дидактика, психологиямен байланысы. Географияны оқыту әдістемесінің практикамен байланысы.
Әдістеме ғылымының зерттеу әдістері. Зерттеудiң теориялық әдістері: жүйелi-құрылымдық талдау, типологиялық тәсiл, тарихи, салыстыру, математикалық әдiс. Эмпиристiк әдістер: мектеп практикасын оқып үйрену, алдыңғы қатарлы әдістерды кеңейту және тарату; педагогикалық эксперимент. Әдістемелік зерттеудi құру логикасы.
Әдістеме ғылымының қазiргi кезеңдегi даму ерекшелiгi: зерттеудiң ғылыми-теориялық деңгеiнiң өсуi; экперименттiң ұдайы кең түрде пайдаланылуы; оқушының оқуына көңiл аудару; бiрнеше ғылыми ұжымдардың бiрiккен күшiмен iрi кешендi тақырыптарды жоспарлау және жүзеге асыру. Оқытушылардың географияны оқыту әдістемесі бойынша зерттеу жұмыстарына қатынасуы.
Географияны оқыту мақсаты. орта мектептегi географиялық бiлiмнiң құрылымы мен мазмұны
«Оқыту мақсаты» ұғымы. Географияны оқытудың бiлiмдiк, тәрбиелiк және дамытушы мақсаты. Географияның оқушыларға экономикалық, экологиялық, кәсiптiк бағдар және политехникалық бiлiм берудегi ролi.
«Географиялық бiлiм мазмұны» ұғымы. Оқу пәнi -ғылымның ерекше «педагогикалық проекциясы». Мектеп географиясының мазмұны-ұжымдық ғылыми iздену нәтижесi. Мектеп географиясы құрылымы. Бағдарламаның бiр бағытты-сатылы құрылуы. Курстардың бiр iздiлiгi, олардың мазмұндағы аса маңызды ерекшелiк.
Бағдарлама мен оқулықтарды географияны оқытудағы өлкетану, политехникалық, экологиялық және экономикалық принциптердiң орындалуы.
Мектеп географиясы курсының мазмұнына логикалық талдау. Мазмұнының негiзгi компоненттерi. Бiлiм, оның теориялық және эмпирикалық болып бөлiнуi; географияның барлық курстарында теориялық бiлiмдер ролiнiң күшейтiлуi. Iскерлiк. Мектеп географиясы мазмұнындағы iскерлiк өсу дәрежесiнiң себептерi.
Дүниетану идеясы. Бiлiм мазмұнындағы шығармашылық әрекеттiң iс-тәжiрибесi. Мектеп географиясы мазмұнындағы курс аралық және пән аралық байланыстар.
Орта мектепке арналған бағдарлама-мектеп географиясы мазмұнын анықтайтын негiзгi құжат. Бағдарламаның әдістемелік жабдықталуы.
Географияны оқыту әдістері. географияны
оқытудың жаңа технологиялары
Географияны оқыту әдістемесінде қабылданған оқыту әдістері классификациясы: бiлiм алу көздерiне және оқушылардың таным iс әрекетiне қарай (И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин дидактикалық негiзiнде). Оқушыларды өз бетiнше білім алуға, оқуға үйрету, өсiп келе жатқан жас ұрпақтардың өзбетiнше таным әрекетiн қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Оқушылардың таным әрекеттерi сипатына қарай ажыратылатын географияны оқыту әдістері: түсiндiру – иллюстрациялық, репродукциялық, проблемалық баяндау, iшiнара iздену және зерттеу. Әрбiр әдістің мiндетi, оқытушы мен оқушылардың iс-әрекеттерi, география оқыту процесiнде қолдану мүмкiндiгi, мысалдар.
Оқушылардың өз бетiнше жұмыс iстеуi үшiн берiлетiн типтiк және проблемалық (немесе творчестволық) тапсырмалар, олардың оқыту әдістерімен байланысы. Жекелеген оқыту құралдарымен (карта, цифрлық материалдар, картиналар, экран құралдарымен т. б) жұмыс iстеу.
Географияны оқыту процесiнде оқушылардың бiлiм және өзбетiнше таным iскерлiгiн игеру дәрежесi. Оларды сабаққа даярлану және өткiзу процесiнде пайдалануы.
Оқушыларды проблеманы шешу жолымен үйрету – проблемалы оқытудың басты белгiсi. Проблемалы оқытудың негiзгi ұғымдары: проблемалық ситуация, проблема, гипотеза. Географияны проблемалы оқытудың әр түрлi жолдары: оқушыларға жекеленген проблемалар қою және тақырыпты оқып-үйренуге түгелдей проблемалық тәсiл жасау.
Географиядан оқу процесiнде проблемаларды енгiзу әдiстерi. Оқушыларды проблемаларды шешуге үйрету, гипотезаны тұжырымдау және тексеру.
Мектеп практикасындағы оқыту әдістері. Iшiнара iздену және зерттеу әдістерін қолдану; проблемалы оқыту – география оқытушысының озат көрсеткiшi.
Географияны оқытудағы қолданылатын жаңа технологиялар. Гоеграфияны оқытудағы блоктық- модульдік технология. Мектеп география курстарының мазмұнының дамыта оқыту принцптері, олардың ерекшеліктері. Сарлап деңгейлеп оқыту, деңгейлік тапсырмалар құруға қойылатын негізгі талаптар.
Географияны оқыту процесiнде оқушыларда
бiлiм мен iскерлiк қалыптастыру
Теориялық бiлiмдер қалыптастыру. Географиялық ұғымдарды игеру ерекшелiктерi. Жалпы географиялық ұғымдар қалыптастырудың индукциялық және дедукциялық жолдары, лайықты жолдарды таңдау жағдайлары. Жеке ұғымдарды оқып-үйрену ерекшелiктерi. Географиялық ұғымдарды қалыптастыру әдiстерi, оқушылардың таным белсендiлiгiн ұйымдастыру және мазмұны.
Оқу материалы мазмұны мен оқыту жағдайларына байланысты себеп-салдар байланыстарын оқып- үйрену әдiстерi. Себеп – салдар байланыстарын игеру ерекшелiктерi мен көрсеткiштерi. Себеп-салдар байланыстарын анықтауда оқытудың негiзгi кезеңдерi.
Географиялық заңдылықтар туралы бiлiм қалыптастыру; бұл процестiң негiзгi кезеңдерiнiң сипаты және оқушылардың бiлiмдi игеруiндегi ерекшелiктер. Географиялық заңдылықтарды ашу әдiстерi.
Эмпирикалық бiлiм қалыптастырудағы өзгешелiктер. Жалпы және жеке географиялық түсiнiктер, оларды қалыптастыру әдiстерi. Географиялық түсiнiктер мен ұғымдардың байланысы. Мектептi қоршаған ортада байқауларды және көрнекiлiк оқыту құралдарын пайдалану.
Оқытушы мен оқушылардың педагогикалық ролiне байланысты географиялық фактiлермен жүргiзетiн жұмыстарының мазмұны.
Iскерлiк пен дағды қалыптастыру. Бұл процестiң географиялық бiлiмдi игерумен байланысы. Iскерлiк пен дағды қалыптастыру әдiстерi; картаның ролi; физикалық және экономикалық географиялық объектiлерге сипаттама берудiң қалыптасқан жоспарларымен жұмыс. Iскерлiкке үйретудiң жалпы кезеңдерi; оларды игеру көрсеткiштерi. Бағдарламадағы сарамандық жұмыстарды орындау-оқыту процесiнде iскерлiк қалыптастырудың кепiлi.
Бiлiм мен iскерлiк қалыптастыру және географияны оқыту принциптерiн жүзеге асыру арасындағы байланыс: өлке тану, политехникалық, экологиялық және экономикалық. Оқушыларда бiлiм мен iскерлiк қалыптастырудағы география оқытушыларының озат iс-тәжiрибелерi.
Географияны оқыту құралдары. География кабинетi
Мектеп географиясындағы оқыту құралдарының мiндетi. Оқыту құралдарын жасау процесiнде еске алынатын негiзгi факторлар. Географиялық объектiлер мен құбылыстарды бейнелеу тәсiлi жағынан оқыту құралдарын классификациялау. Оқыту құралдары негiзгi топтарының мiндетi мен пайдалану мақсаты жағынан сипаты.
Географияны оқытудың материалдық базасы. География кабинетi және оның оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы маңызы. География кабинетiнiң негiзгi элементтерi, олардың сипаты. Оқытушы мен оқушылардың жұмыс орындарын жабдықтауға қойылатын талаптар. Оқытушы столы мен сынып тақтасының ерекшелiктерi. Карта, сызба-нұсқа және қабырға картиналарын сақтауды ұйымдастыру. Техникалық оқыту құралдары комплектiсi, оларды орналастыру.
География оқытушысының география кабинетiндегi шаруашылық ұйымдастыру жұмысы және оның компоненттерi. Кабинеттi әр түрлi оқыту құралдарымен толықтыру жоспарын жасау. Кабинет құрудың негiзгi кезеңдерi.
География кабинетiн оқу және сыныптан тыс жұмыстар жүргiзуде пайдалану. География кабинетiн жабдықтаудағы география үйiрмесiнiң ролi.
Географияны оқытудың негiзгi құралдарымен жұмыс
Географиялық карталардың оқудағы мiндетi географиялық бiлiмнiң аса маңызды көзi. Картаны, олардың оқу процесiндегi ролi бойынша классификациялау: қабырға, столға жайылатын, мәтiнде берiлген және оқулыққа қосымша берiлген, электронды карталар; олардың мазмұны мен пайдалану ерекшелiктерi. Географиялық карталарды оқып үйрену мақсаты және олармен мектеп географиясы курстарында жүргiзiлген жұмыстар. «Картаны түсiну», «оқу» және «бiлу» ұғымдарының мазмұны.
Картаның мазмұны және картаны түсiнудi оқытудағы негiзгi әдiстерi. Картографиялық ұғымдар жүйесi. Картаны оқуға үйрету әдiстерi. Басты картографиялық iскерлiктер және олардың физикалық және экономикалық география курстары бойынша айырмашылығы. Картаны бiлудi қамтамасыз ететiн оқыту әдiстерi. Географиядағы iшiнара iздену және зерттеу әдістері мен проблемалы оқыту құрамында картамен жүргiзiлетiн жұмыстар.
География оқулықтары, олардың атқаратын қызметi. Оқулықтардың ғылыми мазмұны мен әдістемелік аппараттың сипаты. Мәтiннiң құрылымдық компоненттерi. Оқулықтың мәтiн және мәтiнен тыс компаненттерiмен жүргiзiлетiн негiзгi әдiстерi. Физикалық, экономикалық географиялардың мазмұнын және оқушылардың жас ерекшелiгiн ескерiп оқытудың әр сатысында мәтiнмен жұмыс iстеу әдiстерiнiң өзгеруi. Оқушылардың оқулықты пайдалануында творчестволық сипаттың күшеюi. Оқулықпен жүргiзiлетiн жұмыстарға қойылатын жалпы әдістемелік талаптар.
Қабырға картиналары мен экрандық құралдардың негiзгi мiндеттерi. Қабырға картиналары, оқу кинофильмдер, диафильмдер, диопозитивтер және транспоранттарымен жүргiзiлетiн жұмыстардың ерекшелiктерi. Оқытушының оларды пайдалануға даярлығы. Географияны оқытудың әр түрлi әдістемесін пайдалану кезiнде қабырға картиналары және экрандық құралдармен iстелетiн жұмыстар.
Физикалық және экономикалық география курстарындағы статистикалық көрсеткiштердiң маңызы және олармен оқыту процесiнде жүргiзiлетiн жұмыстар. Берiлу тәсiлiне байланысты мектеп географиясында статистикалық мәлiметтердiң негiзгi топтары. Жеке (топтастырылмаған) көрсеткiштермен жұмыс жүргiзу әдiстерi. Графиктер, диаграммалар және статистикалық таблицалардың танымдық мүмкiндiктерi, оларды оқу әдiстерi. Цифрлық материалдардың ерекшелiктерiн ескерiп графиктер, диаграммалар және статистикалық таблицаларды оқытудың мазмұны және жүйелiлiгi. Қазақстан экономикалық және әлеуметтiк географиясы курсындағы экономикалық есептер және олардың мақсаты. Экономикалық есептер құруға қажеттi цифр материалдарды алу көздерi. Географияны оқыту құралдарын пайдалану жөнiндегi оқытушылардың озат iс-тәжiрибелерi.
География сабағы
Сабақ-географияны оқытудың негiзгi формасы. Оқу жұмыстарын жоспарлау. Жоспарлау түрлерi. Оқушылардың өз беттерiнше жұмыс iстеуi мен творчестволық белсендiлiгiн дамытуда тақырыптық жоспарлаудың ролi; тақырыптық және күнделiктi сабақ жоспарларының өзара байланысы, күнделiктi сабақ жоспарында оқытушы мен оқушылар арасындағы байланыстың бейнеленуi. Оқытушының сабаққа даярлануы. Сабақтың мақсаты мен мазмұнын анықтау; оқыту әдістері мен құралдарын таңдап алу. География сабағында оқыту процесiн оптимизациялаудың негiзгi жолдары.
География сабағының сипаты. Оқушылардың бiлiмi мен iскерлiгiн тексеру, оның бақылаушылық және бiлiм беру қызметi. Тексерудiң мазмұны. Оқушылардың өз беттерiнше таным әрекетi деңгейлерiне байланысты тексеру сұрақтары мен тапсырмалардың әр түрлi дәрежеде болуы. Бiлiм мен iскерлiктi тексерудi ұйымдастыру формалары (жекелей, жалпылай, тығыздалған сұрақтар). Тексеру формаларын таңдаудың мазмұнға, жас ерекшелiкке және оқушылардың бiлiмi мен iскерлiгi қалыптасуына байланыстылығы. Ауызша, жазбаша және графикалық тексерулердi пайдалану. Тапсырмалардың түрлерi: толық жауап берудi талап ететiн сұрақтар мен тапсырмалар, құрылымдық, сауалнамалар. Бiлiм мен iскерлiктi тексеру процесiнде оқушылардың белсендiлiгiн арттыру әдiстерi (рецензиялау,түсiнiк беру т.б).
Жаңа материалды оқып - үйрену. Мектеп географиясы мазмұнының теориялық дәрежесi артуы мен байланысты жаңа материалды оқып-үйренуге қойылатын талаптар. Оқушылардың жаңа бiлiмдердi қабылдауға даярлығы (жаңа оқу материалын бұрын өтiлгендермен байланыстыра бiлу, проблемалық ситуациялар жасау, географиялық бiлiм мен iскерлiктiң практикалық маңызын ашу т.б). Оқып-үйренетiн материалды мағанасына қарай бөлшектерге бөлу, олардың әрқайсысынан танымдық тапсырмалар түзу. Бiлiм мен iскерлiктi қалыптастырудың әртүрлi кезеңiнде оқушылардың белсендiлiгiн арттыру әдiстерi: қабылдау, мәнiн түсiну, ойда сақтау, талдап қорыту және жүйеге келтiру, практикада қолдану. Жаңа материалды оқып-үйренуде проблема қою.
Бiлiм мен iскерлiктi бекiту. Бiлiмдi “үлгi бойынша” және творчестволық қолдануды талап ететiн сұрақтар мен тапсырмаларды пайдалану.
Үйге тапсырма беру; оның маңызы. Тапсырмаларды бiлiм көздерiне қарай классификациалау. Оқушыларға дифференциалды бағалай отырып жеке оқушыларға және топтарға берiлетiн үй тапсырмалары.
Географиядағы негiзгi сабақ түрлерiнiң сипаттамасы: аралас, жаңа материалды оқып-үйрену, қортындылап-қайталау; өз беттерiмен жүргiзетiн және сарамандық жұмыстар. Оқытудың лекция-семинар формалары, оларды Қазақстан және дүниежүзi экономикалық және әлеуметтiк географиясы курстарында пайдалану мүмкiндiктерi.
География оқытушыларының сабақты жетiлдiрудегi iс-тәжiрибесi, оны оқып-үйрену және көпшiлiккке тарату жолдары.
Географиядан сыныптан тыс жұмыстар. географиядан оқу топ серуендерi.
Сыныптан тыс жұмыстар-географияның оқу-тәрбие жұмыстарына қажеттi құрамды бөлiгi. Сыныптан тыс жұмыстардың бiлiмдiк-тәрбиелiк мақсаты: саяси-идеялық тәрбие, оқушылардың танымдық iскерлiгiн және географиядағы қызығушылығын дамыту, еңбек тәрбиесi, кәсiптiк бағдар беру, экологиялық тәрбие. Оқушылардың қоғамдық пайдалы iстерi ролiнiң артуы. Сыныптан тыс туристiк өлке тану жұмыстарының ерекше ролi.
Сыныптан тыс жұмыстардың негiзгi формаларының сипаты (географиялық үйiрме, сыныптан тыс оқу, конференция, сауық кештер, топ серуен -туристiк жұмыстар, ”география апталығы”, олимпиада т.б); мазмұны, жоспарлау және әртүрлi сыныптан тыс жұмыстарды жүргiзу әдістемесі. Оқушылардың жас ерекшелiктерiне байланысты сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелiктерi.
Сыныптан тыс жұмыстар жайындағы география оқытушыларының озат iс-тәжiрибесi, оны үйрену және көпшiлiкке тарату жолдары.
Топ серуен - мектепте географияны оқыту формаларының бiрi, оқытудағы өлке тану принципiн жүзеге асырудағы, оқушылардың география ғылымы зерттеу әдістерімен таныстырудағы, оларды тәрбиелеудегi және таным әрекеттерiн дамытудағы маңызы. Топ серуеннiң оқушыларды еңбекке баулудағы ролi. Мектеп бағдарламасындағы топ серуендер жүйесi, оның географияны оқыту мазмұнымен байланысы. Физикалық география топ серуендерi; олардың мақсаты, мазмұны және ҮI,ҮII,ҮIII сынып оқушыларына арналған сарамандық тапсырмалар. Қазақстан экономикалық және әлеуметтiк география курсындағы өнеркәсiп орындарына топ серуен, оның мақсаты, мазмұны, оқушыларға арналған сарамандық тапсырмалар. Топ серуен ұйымдастыру: оған оқытушы мен оқушылардың даярлығы, топ серуендi өткiзу, алынған нәтижесiн ретке келтiру.
Топ серуен өткiзудегi оқытушылардың озат iс тәжiрибелерi және жиналған материалдарды география сабақтарына пайдалану.
Физикалық географияның бастауыш курсы
Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың бiлiмдiк, тәрбиелiк дамыту мақсаттары.
Курстың құрылымы мен мазмұны. Жер геосфераларын оқып-үйрену-курсты құрудың негiзi. 6 сыныпта геосфераларды оқып үйрену жүйелiлiгi және педагогикалық дәлелi. Жалпы және жеке ұғымдардың ара қатынасы.
Өлке тану материалы – курс мазмұнының органикалық бөлiмi. Оқытудың экологиялық принципiн жүзеге асыру. Азаматтардың табиғатты сақтау, оның байлықтарын қорғау мiндеттерi жайында Қазақстан Республикасы Конститутциясы материалдарын пайдалану. Оқушылардың табиғатта өзiн-өзi ұстау ережелерiмен таныстыру туралы бағдарлама талаптары.
Әрбiр географиялық қабықты сипаттаудың типологиялық схемасы: вертикаль бағыттағы құрамы мен көлемi, негiзгi құбылыстар, адамның шаруашылық әрекетiнде пайдаланылуы, табиғатты қорғау шаралары.
Бiлiммен iскерлiк қалыптастыру. Оқушылардың бiлiмi мен iскерлiгiне қойылатын талаптар. Бiлiмдi қалыптастыруда жекелей жұмыс жүргiзудiң басым болуы-оқушылардың жас ерекшелiктерiнiң нәтижесi. Өлкетану материалы мен табиғатқа байқау жүргiзуге жүйелi түрде сүйену. Көрнекiлiк құралдарын кеңiнен пайдалану. Оқыту әдiстерiн жиi ауыстыру қажеттiгi.
Карта - оқып - үйрену объектiсi және бiлiм көзi. Картадан географиялық объектiлерге сипаттама берудiң қалыптасқан жоспары. Географиялық атауларды оқып үйрену әдiстерi. Оқушыларды кескiн карталарды толтыруға үйрету.
Оқулық және дәптермен жұмыс iстеу ерекшелiктерi. Ауа райы, феналогиялық және табиғаттың басқа да құбылыстарың күн түзбесiн жүргiзу. Табиғаттың жеке компоненттерi арасындағы өзара байланыстарды оқушыларды түсiнуiне бiртiндеп жеткiзу. Табиғи-аумақтық кешен туралы бiлiм қалыптастыру негiзiн қалаушы. «Табиғат компоненттерiнiң өзара байланысы» тақырыбын оқып-үйрену ерекшелiктерi. Бағдарламада көрсетiлетiн сарамандық жұмыстар жүйесi және оларды орындау әдістемесі. Сабақтың басым түрлерi.
Материктер мен мұхиттар географиясы курсы
Материктер мен мұхиттар географиясы курсын оқытудың бiлiмдiк, тәрбиелiк, дамыту мақсаттары.
Курстың құрылымы мен мазмұны. Курстың негiзгi бөлiмi-материктер мен мұхиттар табиғатының тұтас жiне өзiне тән табиғи комплекстерiнiң сипаты, халықтың аса маңызды белгiлерi және оның шаруашылық әрекетiндегi ерекшелiктер, қазiргi саяси карта. Картографиялық бiлiмнiң дамуы.
Материктер мен оның бөлiктерiн оқып үйрену үшiн теориялық фундамент ретiндегi «жер бедері мен климатының жалпы ерекшелiктерi» тақырыбының ролi. Қорытынды ретiндегi “жалпы географиялық заңдылықтар” тақырыбының жалпылау және дүниетану көзқарасы бағытындағы сипаты. Материктер мен мұхиттарды оқып - үйренудегi жүйелiлiк және педагогикалық дәлелi.
Бiлiм мен iскерлiк қалыптастыру, оқушылардың бiлiмi мен iскерлiгiне қойылатын талаптар. Бiлiм қалыптастырудың индукциялық және дидукциялық жолдарын ұштастыру; физикалық географияның бастауыш курсы мен пән iшiндегi байланысты орнату. Жалпы және жеке ұғымдарды қалыптастыруда өлке тану материалдарын пайдалану. Биология, тарих, физика және т.б. пәндермен пән аралық байланыстарды iске асыру әдiстерi. Оқыту процесiнде салыстырудың ролi.
Материктер мен мұхиттар географиясы курсындағы проблемалық тапсырмалар мен проблемалық тәсiл. Бағдарламада көрсетiлген жалпылай қайталауды жүргiзу әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |