Бағдарламасы алматы 2016 Бағдарлама «6M050300-Психология»


«Әлеуметтік психология» пәні



бет26/44
Дата07.02.2022
өлшемі78,47 Kb.
#87272
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Байланысты:
6М050300 каз

«Әлеуметтік психология» пәні
1. Әлеуметтік психология ғылым ретінде. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде даму тарихы. Антикалық философияда (Платон, Аристотель), классикалық философияның түрлі ағымдарындағы әлеуметтік-психологиялық идеялардың пайда болуы. XIX ғасырда әлеуметтік психологияның ғылымның дербес саласы болып бөлінуі. Сол дәуірдегі ғылымның басқа салаларымен байланысы. Ерте әлеуметтік-психологиялық теориялар, олардың пайда болуының тарихи контексті. Халықтар психологиясы. Бұқара психологиясы. Әлеуметтік мінез-құлық инстинктінің теориясы. Бүгінгі күннің тұрғысынан осы теорияларды бағалау. Әлеуметтік психологиядағы эксперименттік тәжірибенінің пайда болуы. Америка Құрама Штаттарында, Батыс Еуропа мен Ресейдегі бірінші әлеуметтік-психологиялық эксперименттер. Шығыс пен Батыс елдерінде ХХ ғасырда әлеуметтік психологияның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы. Әлеуметтік психологияның басқа мінез-құлық ғылымдарымен байланысы. Әлеуметтік психология негізгі қалыптасқан теориялық бағыттары және оның қазіргі заманғы трансформациялануы.


2. Әлеуметтік психологияда тұлғаны зерттеу ерекшеліктері: әлеуметтік бағдар (аттитюд). Әлеуметтік бағдар немесе аттитюд: ұғымның пайда болу тарихы және мәселені зерттеу. Аттитюдтар мен құндылықтардың арақатынасы. «Бағдар» ұғымын жалпы психологиялық және әлеуметтік-психологиялық түсіндірудегі айырмашылықтары. Әлеуметтік психологияда аттитюдтті қазіргі заманда түсіну. Әлеуметтік бағдардың құрылымдық компоненттері. Аттитюдтің негізгі қызметтері. Әлеуметтік бағдардың қалыптасуының қайнар көздерін туралы теориялық түсінік. Мінез-құлық әлеуметтік бағдардың өзгеру факторы ретінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет