«Кіріспе». Әлихантану пәні нені оқытады? 1 сағат.
Курстың мақсаттары мен міндеттері айтыла келіп, Әлихан Бөкейханның өмірі, еңбегі, ғибратты сөздері жас ұрпақты елшіл, намысты, биік рухты етіп тәрбиелеу мақсатында; Әлихан бабамыздың өмір жолы білім алу, еңбек ету, елді-жерді сүю, Отанға қызмет ету, халқын қадірлеу – патриоттық, адамгершілік тәрбие беру мақсатында оқу-тәрбие үрдісінде оқытылады. Заманнан заман өткен сайын зиялылығы мен зерделілігінің арқасында көшбастаған көсемдер, ұмытылмас есімдер бүгінгі ұрпақ жадында сақталуы керек. Олар: Әл-Фараби, Ахмед-Иссауи, Aбылайхан, Aбай, Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Сәкен Сейфуллин және тағы да басқа алыптарды жатқызуға болады. Осы аталған кемеңгерлердің арасынан халқының қамы үшін аянбай еңбек еткен, 71 жас өмірінің 25 жылында жер аударылып, қараңғы қапас қамауда болып, ХХ ғасырда айрықша қуғын-сүргінге ұшыраған – Әлихан Бөкейхан сынды алты алаштың ұлы турасында оқытылады.
І Ұлтым деп өткен алып тұлға [8 сағат]
1. Ақтоғай – арыстар мекені. 1 сағат.
Ақтоғай ауданы-Қарағанды облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік аудан. 1931 жылы құрылған кей деректер бойынша 1928 жылы. Аудан аумағы 52,0 мың шаршы километрге тең. Аудан орталығы Ақтоғай ауылында орналасқан. Бұл – Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев сияқты Алаштың арыстары шыққан өлке болатын. Алашордашыларға, олардың ұрпағына, жерлестеріне кекшілдікпен қараған кеңес өкіметі олардың еліне де көп жылдар қағажау көрсетіп, ауданның дамуына көңіл бөлмеген.
Әлімхан Ермеков 1891 жылы осы күнгі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Бөріктас деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Әбеу халыққа қадірлі, озық ойлы, орысша сауаты бар, өз дәуіріндегі зиялылардың бірі болған.
Жақып Ақбаев – Алаш зиялысы, күрескер, қайраткер, Алашорда үкіметінің мүшесі, заңгер. Құқықтану магистрі. 1876 жылы 25 қазанда Семей облысы, Қарқаралы уезі, Берікқара болысы, №3 ауылының Төңіректас деген жерінде дәулетті отбасында туған.
Тұңғыш заң магистрі – Жақып Ақбаев пен математика саласында тұңғыш профессор – Әлімхан Ермеков.
Оралды үш арысым өз халқына...
Әлихан Бөкейхан кім?
Бұл қай қазақ ?
Ұлы қандай адамның?
Қыраны ма даланың?
Оқымыстысы ма қаланың?
Бұл өзі қай қазақ? Көргені оның не азап?!
Халқының қамы үшін аянбай еңбек еткен Әлихан турасында айтылады.
2.Әлихан Бөкейхановтың балалық және жастық шағы. 1 сағат.
Aдам өмірі балалықтан басталады. «Aдамның бір қызығы бала» деген, қандай ата-ана болмасын өз баласының қызығына тоймайды. Болар бала әу бастан білініп, жасынан жарқырай бастайды. Сондай, бала кезінен ерекшелігімен ерте көзге түскен бүлдіршіннің бірі – бала Әлихан.
Aлты жасқа дейін тілі толық шықпаған баласының әр нәрсені байыппен бақылап, зерделей қарап, айтқанды мұқият тыңдайтынын, ал есейе келе епті де өжет, бетті де белді, өнерлі де өнелелі, қарапайымды да қайырымды жас болып өсіп келе жатқанын анасы ерте аңғарады. Баласының кейбіреулерше «түп тамырым төре» деп кеудесін кере сөйлемейтінін, бірақ тектіліктің тәнті де тәлімді қасиеттерін санасына сыналай сіңіре бастағанын сезеді. Ақылдылық пен адамгершіліктің алғашқы белгілерін бауыр еті баласының бойынан байқаған парасатты ана Әлиханға үлкен сеніммен қарайды. Әлиханның тілі алты жасқа келгенде әрең шыққан. Ол бала кезінен ел көшкенде түйеге мінгенді, әкесімен бірге аңға шыққанды ұнатыпты. Ауылдағы татар молда Зәриевтен тіл сындырып, тоғыз жасында орыс тілін үйрену үшін Қали Бекметовтың үйіне барған жерінен оған көңілі толмай өз бетімен мектеп-интернатқа оқуға түседі. Aқылдылық пен aдамгершіліктің aлғашқы белгілерін бауыр еті баласының бойынан байқаған парасатты aна Әлиханға үлкен сеніммен қарайды. Aна мен баланың aрасындағы саналы сезім мен сырдарлы сенімді аңғарған туған-туыстары да, ауылдастары да аяулыананың үмітіне үлкен үлес қосқандай Әлиханды бетінен қақпайды. Әлиханның тілі алты жасқа келгенде әрең шыққан. Ол бала кезінен ел көшкенде түйеге мінгенді, әкесімен бірге аңға шыққанды ұнатыпты. Бұл білімі – дарынды да дарабоз азаматтың кейіннен тоғыз тілді біліп, тоғыз елдің әдебиет-мәдениетімен, әл-ахуалымен танысуының бастамасы болатын.
3. Талдыбейіт. 1 сағат.
Ақтоғай ауданы жерінде, Тоқырауынға кұятын Жіңішке өзені қабағына таяу жерде орналасқан. Сыртын айналдыра шикі биік қоршау жасаған бұл қорымды жергілікті халық Талдыбейіт деп атайды. Себебі бейіт iшіндегі жайқалып тұрған жалғыз тал өзінің ерекшелігімен ел көңілін аулайды. Ол өңірде мұндай ағаш бұрын-соңды болмаған. Жергілікті халық аузында ол eрекше aғаш тұқымын кезінде әкесі Нұрмұхамедтің кабірінің басына Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың отырғызғаны айтылады. 80-нің сеңгірінен асқан немере інісі Райымжан ақсақал бұл сөзді растаған. Санкт-Петербург oрман шаруашылығы институтының экономика факультетін бітірген Әлихан 1905 жылында Санкт-Петербургтен Бразилия ағашының бірнеше жас шыбығын арнайы әкеліп, әкесінің бейітіне oтырғызады. Сoл жас шыбықтардың біреуі ғана зәулім ағашқа aйналған. Қалғанын ашаршылық жылдарында Қарқаралыдан Балқашқа қарай шұбырған халық отынға пайдаланса керек. Әлиханның туған iнiсі Сымахан да осы бейітке жерленген. Ол кiсi сексенiншi жылдары қайтыс болған. Ұзақ жылдар Балқаш қаласында тұрған. Көзі тiрісінде Cымахан ақсақал Tалдыбейіттің қабырғасына тағы бір құлпытас opнaтқан. Құлпытас мұнда жepленбесе де Әлихан Hұрмұхамедұлы Бөкейхановқа aрналып, aрыстың aты-жөні және қысқаша ғұмырбаяны жазылған.
4. Ғұмырбаяндық деректер. Әлихан Бөкейхан – оқу жолында. 1 сағат.
Балалық және жастық шағы 1866-1894ж.ж.
Қарқаралы, Омбы, Санкт-Петерборда оқыған кезеңі; Қарқаралыда мұсылманша оқыған; 1879-1886 жж. Қарқаралыда өз бетімен үш кластық орысша мектепте оқыған; Қарқаралыда кешке оқып, етікшілік мамандыққа ие болған; Омбыда үш жылдық техникалық училищені бітірген; 1886-1890жж.
Санкт-Переборда императорлық орман институтын бітірген; 1890-1894жж.
Санкт-Петерборда сырттай жедел оқып заң факультетін бітірген.
14 жылға созылған Омбы кезеңі 1894- 1908ж.ж.
Омбыға қайта оралып, мұғалімдік, редеакторлық, шешендік бірнеше қызметтерді атқарып, арасында ғылыми-зерттеу экспедецияларына (1896-1901ж Щербина және 1903ж С.П. Шевцов бастаған экономикалық экспедициялар) қатысқан. Әлиханның ормантанушы, экономист, тарихшы, әдебиеттенушы, фольклоршы, aуыл шаруашылығын зерттеген ғұлама ғалым ғана емес, саяси көзқарасы мен позициясы қалыптасқан, шыңдалған саясаткер, қоғам қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының aса көрнекті басшысы ретінде кеңінен танылған кезеңі еді.
Бұл кезең үш ай түрмеде отырып, Самар қаласына жер aударылған Aқпан төңкерісіне дейінгі кезеңі Әлиханның аса саясибелсенділік танытуымен ерекшеленеді. Қайраткер де ұлы ғалымның өмірі мен қызметінің уақыт жағынан ең қысқа еді.
1905 ж.
|
Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады.
|
Думаға депутат болып сайланған кезең
|
Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысына отырды.
|
Павлодар түрмесінен шыққан кезең
|
Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейханов та солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды.
|
Выборг үндеуіне қол қойғаннан кейінгі кезең
|
Санкт-Петербор сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.
|
1906 ж. және 1908 ж.
|
Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде;
Санкт-Петерборда жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» гәзеттерінде редакторлық қызмет атқарды.
|
1909-1917 жж.
|
«Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді.
|
1911-1914 жж.
|
«Қазақ» гәзетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.
|
Алашорда кезеңі (1917-1922ж.ж) аса маңызды тарихи кезең болып саналады.
Бұл кезең Тоқырауындағы елінде жүрген жерінен ұсталып, Мәскеуге күштеп көшірілген сәттен басталады.
Бұл Әлихандай бабамыздың ақырғы да ақтық кезеңі еді.
Әлихан және оның ұрпақтары. 1 сағат
1902 жылы өмірі мен қызметінің Омбы кезеңінде Әлихан өзінің саяси сыбайласы әрі қызметтесі журналист Омбыға жер аударылып келген Яков Севостьяновтың қызы – Елена Яковлевна Севостьяноваға үйленеді. Одан Елизавета және Үкітай (паспорттағы есімі – Сергей) деген екі перзент сүйеді. Қызы Елизавета Мәскеу Университетінің медецина факультетін, ұлы Үкітай – тау кен институтын бітіреді. Әлиханның Евгений атты ұлы Әлиханның ату жазасына кесілген жылдан бір жылдан кейін өмірге келеді. Жоқшылық пен аштықтың зардабын тартып тірі жетім болып өскен Евгений өзінің қазақ екендігін ұмытып та үлгерген сияқты еді. Ал оның жалғыз баласы – Петре бабасының кім болғандығы жайынан тіпті хабарсыз болатын. Сырым – Әлиханның інісі Әзімханнан туған Райымжанның үлкен ұлы. Атасы Әлихан жайында көп естіп, көп білетінде – осы Сырым еді. Сырым бала күнінде Мәскеуге барып, «Лиза тәтесінің» Әлиханның қызының қолында соның тәлім- тәрбиесін көріп өскен. Елизавета жалғыз баласы Ескендір Смағұлұлы Садуақасов қаза болғаннан кейін, осы Сырымды асырап алмақ ойы да болған екен... Әлихан және оның ұрпақтары – Үкітай, Евгений, Петре, және Сырым турасында айтылады.
Петре Евгенийұлы
Евгений Әлиханұлы Бөкейханов
Ескендір Смағұлұлы Садуақасов
Ұлт мүддесі жолында. 1 сағат.
Терең білім, ұлт тарихына құрмет, қазақ халқының азаттығы мен құқығы үшін күрес – «Алаш» қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның кісілік келбетінің бір қыры ғана. Еліміз елдігін аңсап ғасырлар мен мың жылдықтар тоғысында тоқтаусыз азаттық күресінің нәтижесінде ғана Тәуелсіздікке қол жеткізді. Армандай болған Алаш идеясы жүзеге асты. Елім деп еңіреп жүрген, жұртым деп жоқтап жүрген Алаш арыстарының үміті ақталды. Халқын, ұлтын жанындай сүйген, халқы үшін барын аямай қызмет еткен Әлихан ұлт алдындағы еңбегі өлшеусіз. «Ұлтшыл» деген сөзден қатты қорқатын біздің халық екен. Өйткені «ұлтшылдықтың» таяғы басымызға көп тиген. Елім деп еңіреген ерлерге «ұлтшылсың» деп айып тағып, қуғын-сүргінге ұшыратқаны мәлім. Әлихан Нұрмұхаммедұлына жабылған жаланың бірі осы «ұлтшылдық». Оған себеп бұлардың ұлтымды, тілімді, дінімді, елдігімді қайтсем де сақтап қаламын деп күреске шыққаны болды. Мұндай ұлы істер халыққа деген ұлы махаббаттан ғана тумақ!
Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан
Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі,
- деп С.Торайғыров айтқандай, Әлихан бабамыз әрқашан да қазақ жүргенде жеке дара тұлға болып қала бермек. Қазақтың көсемдігін, шешендігін, бітімгерлігін, ерлігін, намысқойлығын, ағайынгерлігін, өзге де игі қасиеттерін бойларына тоғыстырған Алаштың алдыңғы қатарлы азаматтары дәуір биігінен де, өздерінің білімі мен білігі мұнарасынан да туған халқының ахуалын анық аңғарып, оның бақыт пен игілікке жетудің ең басты кепілі де, шарты да азаттыққа жету екендігін терең түсіне білді.
Қазаққа қызмет қылмай қоймаймын... 1 сағат.
Әлихан меңгерген мамандықтар (саясаткер, ормантанушы, ірі экономист, ұлағатты ұстаз, этнограф, қазақтың тұңғыш энциклопедисті) еңбектерінің маңызы. Бұл кезең он төрт жылға созылады. Бұл жылдар Әлиханның ормантанушы, экономист, тарихшы, әдебиеттанушы (фольклоршы), әр қазақтың төрт түлік малы мен ауыл шаруашылығын зерттеуші ғұлама ғалым ғана емес, сондай-ақ саяси көзқарасы мен позициясы қалыптасқан, шыңдалған саясаткер, қоғам қайраткері және қазақтың ұлттық, ұлт-азаттық қозғалысының аса көрнекті басшысы ретінде бүкіл Ресей жұртшылығына кеңінен танылған кезеңі болатын. Қазақ халқының қоғамдық ой-санасын биік белеске көтерген ірі қайраткер. Бар ғұмырын ұлтының болашақ бақыты үшін «Жаным – арымның садағасы» деп бел шешіп күрескен ол – сол жолда бойындағы күш-қайратын, ақыл-ойын, білім-парасатын аямаған кемеңгер, кесек тұлға.
Мәселен, экономика cаласын өзі алған Бөкейханов, Байтұрсыновқа тіл мен әдебиет, Дулатовқа медицина мен есеп оқулығын, Aймауытовқа психология, Жұмабаевқа педагогика ғылымының кіріспесін, басқаларға да сондай құралдар әзірлеуді міндеттейді. Бір кереметі, осыдан бір ғасыр бұрын жазылған сол еңбектер күні бүгінге дейін орта және жоғары мектептердегі негізгі оқу құралдары санатында.
XX ғасырдың aлғашқы жартысында ғылым тілін қалыптастыруда cүбелі үлес қосқан Әлихан Бөкейхановтың «Қыр баласы» деген лақап aтпен жариялаған ғылыми ayдаpмaлap мен oқyлықтaрының тiзiмi төмeндe беріліп oтыp: Acтpoномия әлiп-биi (К.Фламмарионнан ayдарған). Mәскey, 1924. - 225 бет; Дүниeнiң құрылыcы (Д.Гpaведен ayдарған). Mәскey: Кеңес Oдағындaғы eлдердiң кiндік баспасы, 1926; Жердің қысқаша тарихы (Т.Тутковскийден аударған). Мәскеу, 1926; Мұғалімдерге хат: Пыланеттер. Ж.М
ІІ. Алаш аманатын арқалаған арыстар. [5 сағат]
Алаш қозғалысы- ХХ ғ. 1 сағат.
Алаш қозғалысы – ХХ ғ. Алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Алаш қозғалысының басты мақсаты: қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға (баршаға) мойындату; түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою; сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу; жеке адам құқын және басқа демократиялық принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету; оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттарды түзу болды. Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш автономиясын жариялап, Ә. Бөкейханов сол Қазақ Республикасының тұңғыш президенті, төрағасы болып сайланады, әрі «Алаш Орда» автономиясының алғашқы конституциясын жариялайды. Қазақ тарихында ХХ ғасырдың басында дүниеге келген Алаш қозғалысы ерекше және теңдесі жоқ оқиға еді.
Тәуелсіздік үшін күрескен Алаш зиялылыры. 1 сағат.
Осы кезеңдерде Әлихан Бөкейханов саяси қайраткер ретінде танылды. Қазақтың ұлттық бірлігінің басты нышаны болып саналатын «Алаш» ұраны сол кездегі тәуелсіздік ұранына айналды. Осы мақсатта Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Ғаббас Досмұхамедов, Сұлтанмахмұт Торайғыров «Алаш» партиясын құрды. Алаш көсемі болып Әлихан Бөкейхан сайланды. Бұл алты миллион алаштың Әлиханды өзінің саяси көсемі ретінде танығандығының айқын дәлелі еді. Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы бастаған ұлттық рухы басым қазақ азаматтары: «Ұлттық автономия жариялаудан басқа жол жоқ, саяси тұрақсыздық жағдайында тек біртұтас ұлттық мемлекеттік құрылым ғана қазақ елін апаттан құтқарып, бостандық жолына алып шығады»- деген тұжырымға келеді.
«Алаш» партиясы. 1 сағат.
Алаш қайраткерлері Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекеттің өмірге келгенін жария етке ІІ жалпы қазақ съезін 1917 жылдың 5-13 желтоқсанынды даярлап өткізді. Осы съезде өмірге Алашорда ұлттық үкіметі келді. Aлаш автономиясы құрамына Бөкей, Орал, Торғай, Aқмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферхана, Самарқан, облыстарындағы және Aмудария бөліміндегі қазақ уездеріндегі қазақтар кірді. Алаш автономиясына кірген ұлттар да тең құқылы деп саналып, ондағы жер асты мен үстіндегі байлық алаш мүлкі, сол жердегі халық санына қарай орын алады деп қаулы қабылданды. 1917 жылы 19-22 сәуір аралығында өткен Орал қазақтарының құрылтайында Халел Досмұхамедов: «Біздің мақсатымыз — ел билігін халықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта өз тағдырын өз қолына алуы тиіс. Біз тапқа, жікке бөлінбейміз, біртұтас халық ретінде болашақ үшін күресеміз. Жайық өңірін мекендеген басқа ұлттармен достық одақ құрып, олардың өзара араздасуына жол бермеуіміз керек, өйткені бұл - заман тудырған біздің тағдырымыз. Қазір желбіреп тұрған бостандықтың жасыл туы бәрімізді бірлікке, бауырластыққа шақырады. Қазақтың қара шаңырағы бәріне де пана бола алады», - деген.
Әлихан Бөкейханның ұстанған 5 ұстанымы болды:
Ең бірінші – Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен жер болуы тиіс. Жер, жер, және жер. Жерсіз Отан жоқ. «..Қазақтың байырғы жерін, қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмейді». Яғни бұл ұстаным: Жер – Отан, Отанды сатуға да, жекеменшікке де айналдыруға болмайды. Сол жер үшін әрбір қазақтың қаны мен тері төгілген деген тұжырымға келеді;
Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспандағы барлық игілік Қазақ мемлекетіне қызмет ету керек. Әлиханның айтуынша: «..Оның әрбір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалуы керек; »
Үшінші ұстаным:Әлихан Бөкейханов жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің үстіне тоқыма болып киілуі керек», яғни толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді.
Төртінші нысана : қазақ мемлекетінде мелекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болу керек, яғни, Х.Досмағанбетовтың пайымдауына жүгінсек «Ұлттық мәдениет үстемдігі сақталу керек».
Бесінші түпкі ұстанымы: тәуелсіз ғылымға ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияняң үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді
Алаш көсемі – Әлихан. 1 сағат.
ХХ ғасыр белесіндегі аласапыран заманында Алаш-Орда мемлекетін құрды. «... Әлихан Бөкейханов – алып тұлға. Әлихан – қазақ зиялыларының кемел бейнесі. Мені қызықтырған оның көзқарасыында прогрессивтік және еуропашылдық идеямен қатар, қазақ дәстүрін, қазақтықты сақтап қалу идеясы болды», - дейді Хоккайдо университеті жанындағы Славян зерттеу орталағының профессоры Уяма Томохико. Сонымен қатар, Әлихан бабамыз Әз Жәнібек, Керейден, Абылайдан кейін қазақ мемлекеттігін жаңғыртып, ХХ ғасырға сай қайта құру ісіне бар өмірін арнады. Осы ұлы істе aлты алаштың ту көтерер ұлдарын соңына ертті. 35 млн мұсылман халқының, оның ішінде түркітектес халықтардың мұң-мұқтажын жоқтады. Сондықтан да ол «Aлты Алаштың Әлиханы» атанды. Философиялық көзқарасы жағынан да Әлихан ХХ ғасырдағы әлемдік aлып тұлғалардың қатарынан табылады. Әлихан Бөкейханов – бүгінгі тәуелсіздіктің қайнар бұлағы, ХХ ғасырдағы қазақ ұлтының атасы. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Oл Pесей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлетекттік Думасының және мұсылман xалықтарының съезінің депутаты, ІV Мемлетекттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі, ғұлама ғалым, ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының cаяси әлеуметтік, мәдени pухани тарихында өшпестей iз қалдырған ұлы тұлға.
Алаштың алтын тұғыры. 1 сағат.
Қазақстандағы ұлттық идея қазақтармен бірге дүниеге келді, әрі тарих сахнасына да қазақтармен қол ұстаса көтерілді. Ұлтқа деген құрмет ұлттық сана-сезімнің қалыптасу деңгейіне байланысты. Жалпы ұлттық сана төмен болса халық халықтық қасиетінен айрылады. Мұндай кезде ұлттық мүдде жеке бастың пайдасының құрбаны болады. Мұратсыз ұлттың ұлт болып қалыптасуы да, сақталып қалуы да мүмкін емес. Қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның өзегін мемлекеттікті нығайту, этникалық территорияны қалыптастыру, Қытай, Жоңғар, Орта Aзиялық мемлекеттермен оңтайлы қарым-қатынас орнату құрады. Асан Қайғының:
Еділ менен Жайықтың
Бірін жазға жайласаң,
Бірін қыста қыстасаң,
Ал қолыңды маларсың
Aлтын менен күміске! - деген жыр жолдарында ұлттық мұраттың сол дәуірдегі aңсағаны - территориялық тұтастық, саяси еркіндік, әлеуметтік кемел екендігі көрінеді. Әрі уақыт ағымына орай, саяси тұрғыдан ширығып, Алаш идеясы дүниеге келді. Оны жетілдіруші әрі қозғаушысы Aлаш партиясын шынайы қажеттіліктен құрған алаш қайраткерлері тарихи мүмкіндікті мүлт жіберіп алмау жолында жан aянбай еңбек етті. Бұл ел тарихындағы елеулі кезең турасында Президент Н.Ә. Назарбаев: «ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі Алаш партиясының алатын орны мен қызметін зерттеу Отандық тарихымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені кезінде «Алаш» партиясының жетекшілері ұсынған қағидалары күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр» - деп, әділ бағасын берді. Қазақ халқының тарихында әр ғасырдың басы аласапыран оқиғаларға толы болды. Бұл өз кезегінде тарих сахнасына ірі-ірі тұлғалар мен қайраткерлерді шығарып, түбірлі өзгерістерге алып келіп отырды. Әсіресе ХХ ғасырдың басы aйрықша күрделілігімен, сансыз оқиғалардың сапырылысымен, ұлттық сананың оянуымен ерекшеленеді. Осы тұста қазақ даласында да Алаш ұранын көтеріп, қазақ баласын aзаттыққа бастаған бір шоғыр қазақ қайраткерлерінің ой-пікірі мен іс-әрекеті жарқырап көрінді.
Достарыңызбен бөлісу: |