БАҒдарламасы қарағанды мазмұны №



бет2/13
Дата13.08.2017
өлшемі3,41 Mb.
#23425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Кен өнеркәсібі

Саланың негізгі кәсіпорындары мыналар: «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі - «Оркен» ЖШС және «Гаухартас» ЖШС, «Импульс» ЖШС, «Бакыт и К» ЖШС, «Аманский щебеночный завод» ЖШС сияқты шағын кәсіпорындар.

«Оркен» ЖШС 4 бөлімшеден тұрады: Оркен өкілдігі – Атасу, Лисаковск, Кентобе және Атансор, бұлар темір рудасын қазу жұмыстарымен айналысады.
«Оркен» ЖШС темір рудалары кен орындарының қорлары
Кесте 3

«Оркен» ЖШС бөлімшелері

Құрамындағы темірдің орташа мөлшері, %

Баланстық қорлар, мың тонна

Нақты қазу кезіндегі қорлармен қамтамасыз етілу, жыл

Жоба үшін жылдық қажеттілік, млн. тонна

Атансор

39,90

29184

13

1,2

Лисаковское

34,26

1121990

барлық кезеңде

1,4

Кентобе

46,87

132409

15

0,6

Атасу (Батыс Каражал)







50

0,6 (2017 жылдан бастап жылына 6,5 млн. тоннаға дейін)

«Темиртауский электрометаллургический комбинат» АҚ құрамына: «Богач» карьерінде ферробалқыту өндірісі үшін марганец рудаларының кен орындарын өңдейтін «Марганец» руда басқармасы, металлургия өндірісі үшін аз қоқысты технологияларды пайдалана отырып, флюсалық әктасты қазуды және бөлшектеуді қамтамасыз ететін Оңтүстік-Топар руда басқармасы кіреді.

«Темиртауский электрометаллургический комбинат» АҚ-да өндірісті одан әрі дамыту мақсатында 450 млн. теңге көлемінде арнайы карьерлік техниканы жаңарту бойынша «Өндірісті қайта құру және дамыту бойынша бағдарлама» жасалған.

«Болат өндірісін жылына 6 млн. тоннаға дейін арттыра отырып, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ дамыту және жаңарту» жобасы аясында жұмыс жасап жатқан рудниктердің бірі – Атасу руднигін дамыту және жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл шараның мақсаты – 2013 жылға қарай руданы қазып алу деңгейін 1,6 млн. тоннадан 2,2 млн. тоннаға дейін арттыру.



Сонымен қатар, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ Лисаковск кен орнындағы темір рудаларын фосфордан айыру бойынша технологияларды енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр және 2011 жылы 0,3 млн. тоннаға дейін фосфордан айырылған темір рудасын қазып алу жоспарланып отыр.
Өңдеуші өнеркәсіп

Өңдеуші өнеркәсіптің негізін келесі салалар құрайды: қара металлургия (өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінің 86,1%), басқа металл емес минералды өнімдерді өндіру (3,6%), химия өнеркәсібі (1,3%) және тамақ өнеркәсібі (0,8%).

2005 жылдан 2009 жылға дейін өңдеуші өнеркәсіп өндірісі 148766,8 млн. теңгеден 247480,1 млн. теңгеге дейін өсті, өсу қарқыны 66,3% құрастырды.

2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істейтін адамдар саны 46638 адамға дейін немесе 12,9%-ға азайды. Қарастырылып отырған кезеңде өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбек ақы қоры 24044,4 млн. теңгеден 46734,2 млн. теңгеге дейін өсті. Еңбек өнімділігі 2005 ж. 2,78 млн. теңге болатын болса, 2009 ж. екі есе өсіп, 5,31 млн. теңгені құрастырды.

2009 жылы өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі 247480,1 млн. теңгені құрастырды немесе 2005 жылдың деңгейіне қарағанда 166,4% құрастырды.
2005-2009 жж. өңдеуші өнеркәсіптің негізгі экономикалық көрсеткіштері

Кесте 4

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млн. теңге

148766,8

155667,0

263087,3

311282,5

247480,1

Жалпы өндіріс көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіптің үлес салмағы

98,1

97,5

98,1

97,9

93,2

Еңбек ақы қоры, млн. теңге

24044,4

29935,8

39513,3

50484,4

46734,2

Жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік саны, адам

53590

51954

51513

50201

46638

Еңбек өнімділігі, мың теңге

2776,0

2996,2

5107,2

6200,7

5306,4


Тамақ өнеркәсібі

Бұл саладағы негізгі өндірушілер қатарына келесі кәсіпорындар кіреді: «Бидай-НАН ЛТД и Со» ЖШС, «Ren-Milk» ЖШС және «Аян-М» ЖШС, "Жер-Арна" ЖШС.

2005-2009 аралығындағы кезеңде тамақ өнеркәсібі өндірісінің 1177,1 млн. теңгеден 2013,1 млн. теңгеге дейін өскені байқалады, өсу қарқыны 71,02% құрастырды. Осы саланың кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдар саны 317 адамға көбейді, сонымен қатар, еңбек өнімділігі де артты.
2005-2009 жж. тамақ өнеркәсібінің негізгі экономикалық көрсеткіштері

Кесте 5

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Тамақ өнеркәсібі өндірісінің көлемі, млн. теңге

1177,1

1348,6

1497,5

1802,6

2013,1

Еңбек ақы қоры, млн. теңге

110254,6

154229,8

208234,4

303296,1

357722,3

Жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік саны, адам

562

750

769

786

879

Еңбек өнімділігі, мың теңге

2094,0

1798,0

1947,0

2293,0

2290,0

«Бидай НАН ЛТД и Со» ЖШС 2005 жылы Теміртау нан зауыты базасында құрылды. Негізгі қызмет түрі – нан, нан-тоқаш өнімдерін, пірәндік, печенье, торт және басқа да кондитерлік өнімдерді, алкогольсіз сусындарды өндіру.

Кәсіпорынның құрылымы келесідей: көлік бөлімі, сату қызметі, механикалық қызмет, нан-тоқаш өнімдері цехы, пірәндік цехы, кондитерлік цех, су құю цехы, дүкендер желісі.
«Бидай НАН ЛТД и Со» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

Кесте 6

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Өндіріс көлемі, млн. теңге

188,7

199,6

257,4

260,8

435,9

Еңбек ақы қоры, мың теңге

11038,1

33145,8

38704,4

70383,2

87095,7

Жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік саны, адам

92

211

191

219

231

Еңбек өнімділігі, мың теңге

2051,1

946,0

1347,6

1190,9

1887,0

2005-2009 жж. өндірісті кеңейту және жаңарту жұмыстары жүргізілді: қабатты өнімдерді өндіру бойынша өндіріс линиясы іске қосылды, сушки өндіру бойынша өндіріс линиясы іске қосылды.

2009ж. «Бидай-Нан ЛТД и Со» ЖШС негізгі капиталына 77,9 млн. теңге көлемінде инвестициялар салынды.

Өндірістік, әкімшілік және қосалқы ғимараттарда ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар, тозған және моральды ескірген активтерді жаңарту үшін жаңа негізгі құралдарды сатып алу негізінде 2011-2015 жж. кәсіпорынды дамыту жоспарланған.

«АЯН м» ЖШС кәсіпорны 2002 жылдан бастап сүт өнімдерін өндіруге мамандандырылған, сүт өнімдерінің барлық түрлерін шығарады: пастерленген сүт, 3 түрлі майлылығы бар (1%, 2,5%, 3,2%) айран, ұйытылған айран, йогурт, қаймақ, ірімшікті крем, ірімшік, сары май және т.б. Бұл кәсіпорын Қазақстанда сүт коктейлін шығару технологиясын меңгерген жалғыз кәсіпорын болып табылады. Технологиясында «СТЕРИОФЛОУ» сауда маркасының ерекше француз құрылғысын қолданады. Бұл технология бойынша бірыңғай жылыту және қатаң түрде қысым беру арқылы жылу тасымалдаушының интенсивті айналымы қамтамасыз етіледі, бұл пайдалы қасиеттері сақталған, сүт өнімдерінің негізгі құрамы болып табылатын ақуызы бұзылмаған, таза өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді.
«АЯН- м» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері Кесте 7

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Өндіріс көлемі, млн. теңге

137,9

185,8

199,1

185,1

298,9

Еңбек ақы қоры, мың теңге

11010,0

16522,0

19357,0

25128,0

37093,0

Жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік саны, адам

105

147

159

159

160

Еңбек өнімділігі, мың теңге

1313,3

1263,9

1252,2

1164,2

1868,1

Бөлшек сауданың ұлғаюы, жаңа сату нарықтарының пайда болуы және негізгі және қосалқы құрылғалардың жаңартылуы себебінен 2005-2010 жж. ақшалай және натуралды шамада көлемдердің артқаны байқалады.

Жаңа технологияларды енгізу, жаңа құрылғыларды сатып алу, сату нарығын кеңейту және өнімнің жаңа түрін ойлап тауып, оны енгізу есебінен алдағы уақытта кәсіпорын өндіріс көлемін арттырмақшы.

Сүт өнімдерін өндірумен айналысатын «Ren-Milk» ЖШС – бұл алдыңғы қатарлы технологиялары және қазіргі заманғы құрылғылары бар белсенді түрде дамып келе жатқан кәсіпорын.

«Ren-Milk» ЖШС жаңа технологияларды қолдана отырып, сүт өнімдерінің 45 жуық түрлерін өндіреді. Олардың негізгілері: сүт, айран, қатық, ірімшік, ірімшік сырлары, ірімшікті крем, сары май, «Сулугуни» сыры және балмұздақ. Барлық өнім қазіргі заманғы орамаларға оралып, салынады. Зауыт базасында жақсы жабдықталған өндірістік зертхана жұмыс істейді, өнімді сынақтан өткізуді бақылаудың барлық үрдістері қарастырылған. Кәсіпорын өнімі тек қана Теміртау қаласында ғана емес, сонымен қатар, жалпы Қарағанды облысында да танымал. Халыққа қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында фирмалық дүкендер желісі ашылған. «Ren-Milk» ЖШС кәсіпорны бірнеше рет «Качество по карагандински» атты аймақтық конкурсқа, «Лучший товар Казахстана» атты республикалық конкурсқа қатысып, жоғары дәрежелі марапаттауларға ие болған. Қазіргі кезде зауыт жұмысының негізгі мақсаты – тұтынушылардың табиғи, сапалы және пайдалы сүт өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.
«REN-milk» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

Кесте 8

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Өндіріс көлемі, млн. теңге

335,6

423,6

660,0

914,0

1129,1

Еңбек ақы қоры, мың теңге

66395,3

93435,0

136899,3

191613,0

228973,0

Жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік саны, адам

301

367

384

382

400

Еңбек өнімділігі, мың теңге

1115,0

1154,2

1718,8

2392,7

2822,8

Кәсіпорын белсенді түрде өсіп, дамып келе жатыр, бірте-бірте жаңарып келе жатыр, өндірістік қуаттар өсуде. Зауыттың келесі цехтарында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді: құю цехы, ірімшік және сыр өндіру цехы, сонымен қатар, ірімшікті сақтауға арналған төмен температуралы камералар мен тез қатыратын камералар. Қазіргі заманғы жаңа құрылғылар сатып алынған және әлі де сатып алынады: пастерлеуші-суытқыш құрылғылар, қышқыл сүт өнімдерін өндіруге арналған сыйымды құралдар, тұтас сүт өнімдерін құю үшін және орау үшін автоматтар, сонымен қатар, «Сулугуни» сырын орауға арналған вакуумдық орамалар, балмұздақты орауға арналған орау автоматтары, ерітілген сырларды, өндіру бойынша өндіріс линиясы іске қосылған.

Кәсіпорынның алдағы уақытта дамуында төмендегідей жұмыстар жүргізіледі: жаңа технологиялық линияларды іске қосу; қазандық цех, компрессорлы цех өндірісінің энергия сыйымды учаскелерін кезең бойынша қалпына келтіру; өңделген сүт өнімдерінің көлемін арттыру; логистиканың ұйымдастырушылық құрылымын тиімді ету; сүт өнімдерін сату географиясын кеңейту.
Металлургия өнеркәсібі бойынша келесі кәсіпорындар жұмыс жасайды: «АрселорМиттал Темиртау»АҚ, «Карвол» АҚ.
Металлургия өнеркәсібінің негізгі көрсеткіштері
Кесте 9

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Өндіріс көлемі, млн. теңге

133740,8

138634,9

236184,7

280024,0

228637,8

Еңбек ақы қоры, млн. теңге

10675,6

12520,5

15801,8

18899,8

18460,9

Жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік саны, адам

22410

21338

20895

20591

9385

Еңбек өнімділігі, мың теңге

6128,6

5960,5

5835,6

12294,7

9691,6

2005-2009 жж. аралығында өндіріс көлемі 133740,8 млн. теңгеден 228637,8 млн. теңгеге дейін жоғарылады. 2009 жылы қара металлургия өнеркәсібінде жұмыс істейтін адамдар саны 2005 жылмен салыстырғанда 19385 адамға дейін немесе 13,5%-ға азайды. Қарастырылып отырған кезеңде қара металлургия өндірісіндегі жұмысшылардың еңбек ақы қоры 10675,6 млн. теңгеден 18460,9 млн. теңгеге дейін жоғарылады. Еңбек өнімділігінің де артқаны байқалады, 2005 жылы 6128,6 мың теңге болатын болса, 2009 жылы 9691,6 мың теңге деңгейіне жетті.

2009 жылы, дағдарыс жағдайында, осы саладағы өндіріс көлемі 228,6 млрд. теңгені құрастырды немесе 2008 жылдың деңгейіне қарағанда 81,6% құрастырды. Бұның себебі: өнімге деген әлемдік баға мен сұраныстың төмен деңгейі. Келесі өнімдердің өндіріс көлемі төмендеді: шойын – 166,5 мың тоннаға немесе 5,4%-ға; болат – 126,9 мың тоннаға немесе 3,8%-ға; трубалар – 4,6 мың тоннаға немесе 8,3%-ға.

Саланың алдыңғы қатарлы кәсіпорны – «АрселорМиттал Темиртау» АҚ бойынша 2005 жылдан бастап 2009 жыл аралығында өндіріс көлемі қазіргі бағалармен есептегенде 136625 млн. теңгеден 186734 млн. теңгеге дейін немесе 36,6%-ға артты. Кәсіпорында жұмыс істейтін жұмысшылар саны 22293 адамнан 19267 адамға дейін азайды, бұл жұмысшылардың өз еркімен жұмыстан кету жүйесі бойынша жұмыстан кетуімен байланысты.


«АрселорМиттал Темиртау» АҚ Болат Департаментінің өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

Кесте 10

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Өндіріс көлемі, млн. теңге

136625

126488

121235

251698

186734

Еңбек ақы қоры, мың теңге

13908230

15140775

18668260

22292959

22718981

Жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік саны, адам

22293

21221

20775

20472

19267

Еңбек өнімділігі, мың теңге

6128,6

5960,5

5835,6

12294,7

9691,9

«АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 2009 жылы 186734,0 млн. теңгені құрастырды немесе 2008 жылға қарағанда 74,1%. Көлемнің азаю себебі: болат өніміне деген әлемдік сұраныстың төмендеуіне байланысты тегіс прокатты өндіру көлемінің 18,8%-ға, трубаларды өндіру көлемінің 25,9%-ға, ақ темірді өндіру көлемінің 17,5%-ға азаюы.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың ең үлкен үлес салмағы (51,2 % астам) «АрселорМиттал Темиртау» АҚ тиісті. 2008 жылы бұл кәсіпорынның негізгі капиталына 16,3 млрд. теңге көлемінде инвестиция салынған, бұл 2007 жылдың деңгейіне қарағанда 141,2% құрастырады (2007 ж. – 11,6 млрд. теңге). Инвестициялар сортты прокатты цех салуға бағытталған. 2009 жылы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ негізгі капиталына 20387,6 млн. теңге көлемінде инвестиция жұмсалды, бұл 2008 жылға қарағанда 124,8% құрайды (2008 ж. – 16327,6 млн. теңге).
Басқа металл емес минералды өнімдер өндірісі

Бұл саланың негізгі кәсіпорындары қатарына цемент және асбоцементті бұйымдарды өндірумен және сатумен айналысатын «ЦентралАзия Цемент» АҚ, «Карцемент» АҚ, «КЗАЦИ» АҚ жатады.


Басқа металл емес минералды өнімдер өндірісінің негізгі көрсеткіштері

Кесте 11

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Өндіріс көлемі, млн. теңге

7493,1

9059,2

15640,4

12946,3

9599,8

Еңбек ақы қоры, мың теңге

615312,5

837479,0

978537,0

1137508,9

991753,6

Жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік саны, адам

1802

2242

2250

1943

2078

Еңбек өнімділігі, мың теңге

4158,0

4040,0

6951,0

6663,0

4620,0

2005-2009 жж. басқа металл емес минералды өнімдер өндірісінің көлемі 7493,1 млн. теңгеден 9599,8 млн. теңгеге дейін артты, өсу қарқыны 28,1% құрастырды. Жұмысшылар саны 15,3%-ға артып, 2009 жылы 276 адамды құрады.

«ЦентралАзия Цемент» АҚ бойынша цемент өндірісі 16 мың тоннаға немесе 2,0%-ға төмендеді. «КЗАЦИ» ЖШС бойынша шифер өндірісі 1418,3 мың шаршы метрге немесе 56,4%-ға, ал асбоцементті трубалар 1,5 мың тоннаға немесе 20,7%-ға төмендеді. 2009 жылы «Карцемент» АҚ-да құрғақ әдіспен цемент өндіру бойынша 6-шы технологиялық линияны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, ал 2009 ж. наурыз айында ол іске қосылды. 2009 ж. наурыз айынан желтоқсан айына дейін кәсіпорын 292,7 мың тонна цемент шығарды.

«CentralAsiaCement» АҚ кәсіпорны 1998 ж. құрылған, Қарағанды облысы бойынша цемент өндіретін жалғыз кәсіпорын болып табылады, қуаттылығы жылына 1438,0 мың тонна. Кәсіпорын құрылымы келесі бөлімшелерден құралады: меншікті әктас пен саздақ карьерлерінен шикізат материалдарын алу; шикізатты ұнтақтау линиясы; шламды тарту бойынша линия; клинкер дайындау бойынша линия; гипсті араластыра отырып, клинкер түйірлерін ұнтақтау бойынша линия.


«CentralAsiaCement» АҚ өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

Кесте 12

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Өндіріс көлемі, млн. теңге

2403

2828

3796

4906

3923

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам

1354

1328

1298

1335

1000

Еңбек ақы қоры, мың теңге


522096

577030

770913

817599

580694

Еңбек өнімділігі, мың теңге

1774,7

2129,5

2924,5

3674,9

3923,0

«CentralAsiaCement» АҚ-ның негізгі капиталына 2008 жылы 736,4 млн. теңге көлемінде инвестиция салынған, бұл 2007 жылдың деңгейінен 1,9 есе артық (2007 ж. – 378,5 млн. теңге) болып табылады. Есептегі жылда кәсіпорын жаңа өндірістік құрылғылар сатып алған, ескі өндірістік құрылғыларда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Карцемент» АҚ кәсіпорны құрғақ әдіспен цемент өндірумен айналысады, 2009 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс жасайды.
«Карцемент» АҚ өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

Кесте 13

Көрсеткіш

2009ж.

Өндіріс көлемі, млн. теңге

1887,5

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам

259

Еңбек ақы қоры, млн. теңге


165,7

Еңбек өнімділігі, мың теңге

7287,6

«Карцемент» АҚ-ның негізгі капиталына 2008 жылы 7,8 млрд. теңге көлемінде инвестиция салынған, бұл 2007 жылғы деңгейден 1,5 есе артық (2007 ж. – 5,3 млрд. теңге) болып табылады. Инвестициялар «Құрғақ әдіспен цемент өндіру бойынша №6 технологиялық линияны қалпына келтіру» инвестициялық жобасын жүзеге асыруға бағытталды. Теміртау қаласы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі «Карцемент» АҚ-ның үлес салмағы – 24,5 % құрастырды. 2009 жылы «Карцемент» АҚ-ның негізгі капиталына 10032,9 млн. теңге көлемінде инвестиция салынды, бұл 2008 жылғы деңгейге қарағанда 128,1% (2008 ж. – 7834,7 млн. теңге) құрастырды. Құрғақ әдіспен цемент өндіру бойынша бесінші линияны қалпына келтіру жұмыстары 2008 жылдың маусым айында басталған. Қазіргі уақытта жоба бойынша 60 млн. АҚШ доллары меңгерілген. Алдын-ала есептеулерге сәйкес қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау үшін тағы да 30 млн. АҚШ доллары қажет етіледі. Бұл жобаны 2014-2015 жж. аяқтау жоспарланып отыр.

«КЗАЦИ» АҚ кәсіпорны асбоцементтік және темір-бетонды бұйымдарды шығарады. Өндірістік құрылымы 9 цехтан тұрады: шиферлі, трубалы, шикізатты, жөндеу-механикалық, бу-қазандық цехы, электр цехы, жалпы зауыттық цех, ЖБИ цехы.

2005-2009 жж. аралығында өндіріс көлемі 930,0 млн. теңгеден 1039,0 млн. теңгеге дейін артты. Бұл саладағы жұмысшылар саны 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 400 адамға дейін немесе 7,9%-ға қысқарды. Қарастырылып отырған кезеңде жұмысшылардың еңбек ақы қоры 81345,6 мың теңгеден 148045,8 мың теңгеге дейін артты. Еңбек өнімділігі 2005 жылы 2,14 млн. теңге болатын болса, 2009 жылы 2,60 млн. теңгені құрастырды.


«КЗАЦИ» АҚ өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

Кесте 14

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Өндіріс көлемі, млн. теңге

930,0

992,0

1065,0

1141,0

1039,0

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам

81345,6

104870,0

143111,2

144146,1

148045,8

Еңбек ақы қоры, мың теңге


434

421

424

377

400

Еңбек өнімділігі, мың теңге

2142,9

2356,3

2511,8

3026,5

2597,5

2006 жылдың желтоқсан айында темір-бетон бұйымдарды өндіру бойынша линия іске қосылды. 29 жаңа жұмыс орны ашылды.

2009 жылы қуаттылығы жылына 160 мың тонна клинкерсіз цементті өндіру бойынша жаңа цехтың жобасы дайындалған. Қаржыландырудың болмауына байланысты жоба тоқтатылды, 2011 жылы жұмыстар қайтадан басталады.

Алдағы уақытта кәсіпорынның дамуы бойынша келесі міндеттер атқарылады: қатты отынды үнемдеу мақсатында жаңа жылу агрегатын жасау, оны сынақтан өткізу және енгізу; өнеркәсіп қалдықтарынан өнімділігі 5 тонна/сағ клинкерсіз цемент алу мақсатында тарту диірменінің тәжірибелік үлгісін жасау, дайындау және сынақтан өткізу; асбоцементті трубаларды өндіру бойынша экструзиялық құрылғының зертханалық үлгісін жасау және дайындау; асбоцементті бұйымдарды өндіруде жасанды талшықтардан жасалған асбесттің орнын басушы агрегат жасау және енгізу; өнеркәсіп қалдықтарынан асбоцементті бұйымдарды қайта өңдеу және дайындау технологиясын өңдеу; аз шамада құрылыс бұйымдарын өндіру.

Қырық жыл бойы кеңестік ғалымдар мен инженерлердің көмегімен жетілдірілген поляк технологиясы бойынша 1962 жылы салынған «Промстройиндустрия» комбинатының базасында 2002 жылы «Темирстройиндустрия» ЖШС құрылды. Бұл кәсіпорынның алатын орны 56000 м2.

Шығарылатын негізгі өнім түрі – бетоннан жасалған бұйымдар, ірге блоктары, қалқалар, бөлектегіш плиталар, себілетін жылытқыш.

Газды бетон – бұл минаралды-тасты кеуекті жасанды материал, ол тамаша төзімді, энергия үнемдегіш және экологиялық жағымды қасиеттерге ие.

Кәсіпорын құрылымы төмендегідей негізгі цехтардан тұрады: газды бетон цехы, электр механикалық, дайындау және қосалқы цехтар – бұлар автоклавизациялау учаскелері, КИП және А зертханасы, зауыттық зертхана.

Кәсіпорынның көптеген диплом, мақтау қағаздары мен марапаттары бар, оның ішінде: «GOLD STAR» халықаралық құрмет жұлдызы (Мадрид қ., 1995 ж.), «Промстройиндустрия Астана 2004» көрмесінің дипломы, «Качество по Карагандински» аймақтық конкурстың құрмет жалаушасы (2005-2008 жж.).
«Темирстройиндустрия» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

Кесте 15

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Өндіріс көлемі, млн. теңге

158

227

279

63

85,8

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам

26325

29613

42065

20297

22568

Еңбек ақы қоры, мың теңге


143

145

135

62

70

Еңбек өнімділігі, мың теңге

1104,9

1565,5

2066,7

1016,1

1225,7

«Темирстройиндустрия» ЖШС-нің газды бетоннан жасалған құрылыстарының ұзақ өмірлігі тұрғын үй және өнеркәсіптік ғимараттар мен құрылыстарды салу тәжірибесімен дәлелденген.


Химия өнеркәсібі.

Өңдеуші өнеркәсіптің бұл саласы бойынша келесідей кәсіпорындарды атап өтуге болады: «ТЭМК» АҚ, «Экоминералс» ЖШС, «ТРЕК» ЖШС.

2005 жылдан бастап 2009 жылға дейін химия өнеркәсібінің өндіріс көлемі 3222,0 млн. теңгеден 5304,0 млн. теңгеге дейін артты.
2005-2009 жж. химия өнеркәсібінің негізгі көрсеткіштері
Кесте 16

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Химия өнеркәсібінің өндіріс көлемі, млн. теңге

3222,0

2586,0

4101,0

5454,0

5304,0

Еңбек ақы қоры, млн. теңге

357,8

492,1

617,4

704,9

963,2

Жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік саны, адам

1452

1508

1404

1369

1463

Еңбек өнімділігі, млн. теңге

2219,0

1714,9

2920,9

3983,9

3625,4

Бұл саланың негізгі кәсіпорны – «Темиртауский электрометаллургический комбинат» АҚ ( одан әрі «ТЭМК» АҚ), 1994 жылы құрылған. Кәсіпорын кальций карбидін, ферросиликомарганецті өндірумен және сатумен айналысады. «ТЭМК» АҚ.

«ТЭМК» ЖШС құрамына химия, металлургия және кен өнеркәсіптерінің келесідей кәсіпорындары кіреді: әктасты алу және оны өңдеу бойынша Оңтүстік-Топар руда басқармасы; марганец және темір-марганец рудаларын алу және өңдеу бойынша «Марганец» руда басқармасы; кальций карбидін және ферробалқымаларды өндіру бойынша Химико-металлургиялық зауыт; құрылыс материалдарын өндіру бойынша Ақмола филиалы.

Меншікті шикізат базасына және өндірістік қуаттарға ие бола отырып, «ТЭМК» ЖШС толық өндірістік цикл құрды, яғни Шикізат – Өндіріс – Дайын өнім.

«ТЭМК» ЖШС-нің барлық өнімдері Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаттарына ие. Комбинат шығаратын өнім сапасын аккредитациядан өткен сынақ орталығы бақылауға алады. Атмосфераға лақтырылатын залал заттарға бақылауды Химико-металлургиялық зауыттың санитарлық зертханасы жүзеге асырады.
«ТЭМК» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

Кесте 17

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Химия өнеркәсібінің өндіріс көлемі, млн. теңге

2975,0

2205,0

3741,0

5214,0

5013,0

Еңбек ақы қоры, мың теңге

286330,9

397511,5

516862,8

617936,7

880945,3

Жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік саны, адам

1265

1296

1215

1223

1330

Еңбек өнімділігі, млн. теңге

2351,8

1701,4

3079,0

4263,3

3769,2

Химико-металлургиялық зауыт компанияның алдыңғы қатарлы кәсіпорны болып табылады, онда технологиялық тізбек аяқталады, яғни дайын өнім өндіріледі.

Кәсіпорында өнімнің сегіз түрі өндіріледі, қосымша үйдің шатырын жабатын жабынқыш және қайнайтын әктас дайындалады. Өнімнің негізгі түрлері:

- кальций карбиді – өндірістік қуаты жылына 100000 тонна;

- ферросиликомарганец - өндірістік қуаты жылына 46000 тонна.

2005 жылдан 2009 жыл аралығында өндіріс көлемінің өскені байқалады, яғни 2975,0 млн. теңгеден 5013,0 млн. теңгеге дейін өсті, өсу қарқыны 68,5% құрастырды.

«ТЭМК» АҚ өндірісінің одан әрі дамуы мақсатында «Өндірісті қайта құру және дамыту бойынша Бағдарлама» жасалды. Бұл Бағдарлама аясында 2010 жылы қуаттылығы 30 МВТ марганец балқымаларын өндіру бойынша жаңа пеш салу жоспарланып отыр.

Жаңа пеш кешенін салу жөніндегі жобалық құжаттарды толтыру және келісім-шартқа отыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пеш кешенінің құрамы: пеш, құю цехы бөлімі және қол фильтрлерін орнату арқылы түтін газдарын газдан тазарту жүйесі.

Пештің жоба бойынша қуаты – жылына 46000 тонна марганец балқымалары.

Пештің салынуы жалпы өнім және сатылған өнім көлемін жылына 8500 млн. теңгеге дейін арттыруға және жылына 3 млрд. теңге қосымша пайда алуға мүмкіндік тудырады, осыған сәйкес бюджетке түсетін төлемдер де артады.

Сонымен қатар, жаңа пеш кешенінің салынуы қосымша 90 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік тудырады.

Жаңа пеш кешенін салуға қажетті шығындар алдын-ала есептеулер бойынша 3646,1 млн. теңгені құрастырмақ.

«ТРЕК» ЖШС – пластикалық майлағыш шығаратын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын 1996 жылы құрылған. Кәсіпорын өнімдері он жылдан астам уақыт бойы кен өнеркәсібі саласының, отын-энергетикалық кешеннің, қара және түсті металлургияның, ауыл шаруашылығының көптеген кәсіпорындарында пайдаланылуда. Кәсіпорында өнімді тұтынушыларға қолайлы, көлемі 30, 100 литр орамаларға салу бойынша механикаландырылған линия жабдықталған.


«ТРЕК» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

Кесте 18

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Өндіріс көлемі, млн. теңге

130,0

125,0

142,0

152,9

140,0

Жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік саны, адам

110

121

106

100

72

Еңбек ақы қоры, мың теңге

34243

45263

49727

53085

43775

Еңбек өнімділігі, млн. теңге

1181,8

1033,1

1339,1

1530,0

1944,4

2005-2009 жж. кезеңде өндіріс көлемі 130,0 млн. теңгеден 140,0 млн. теңгеге дейін өсті. 2009 жылы жұмысшылар саны 2005 жылмен салыстырғанда 72 адамға немесе 7,9 %-ға азайды. Өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақы қорының 34243 мың теңгеден 43775 мың теңгеге дейін артқаны байқалады. Еңбек өнімділігі 2005 ж. 1,13 млн. теңге болатын болса, 2009 ж. 1,94 млн. теңгені құрастырды.

Қазіргі уақытта «ТРЕК» ЖШС-де қазіргі заманғы технологиялар мен құрылғылардың, сынақтан өткізуші зертхананың бар екенін атап өтуге болады, кәсіпорын өзінің өндірістік қуаттарын күннен-күнге арттыруда, ассортиментін ұлғайтып жатыр және сату нарығын кеңейтіп жатыр. Өндірістік қуаты: жылына 1600 тонна пластикалық майлағыш.

«Экоминералс» ЖШС кәсіпорны цементке арналған қоспалар өндіреді.


«Экоминералс» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

Кесте 19

Көрсеткіш

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Өндіріс көлемі, млн. теңге

117,3

258,6

217,5

87,3

151,2

Еңбек ақы қоры, мың теңге

37198

42267

50832

33919

38496

Жұмысшылардың орташа жылдық тізімдік саны, адам

77

91

83

46

61

Еңбек өнімділігі, мың теңге

1519,5

2813,2

2626,5

1891,3

2475,4

2009 жылы кәсіпорында шикізатты кептіру технологиялық линиясын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді, дизельдік отыннан газ отынға ауысты. Шығындар 25747 мың теңгені құрастырды. Бұл шикізатқа кететін шығындарды азайтуға, еңбек шығындарын қысқартуға және сәйкесінше өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік тудырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет