5. Шәкіртақының құны және төлеу тәртібі, алу шарттары 5.1.
Байқаудың жеңімпаздарына (әрі қарай – шәкіртақы алушы) шәкіртақы төлеу барысы
Бірлестікпен ұйымдастырылады.
5.2.
Шәкіртақы құны Бірлестікпен бекітіледі.
5.3.
Шәкіртақы 1 оқу семестіріне беріледі (5 ай), ай сайын төленіп, әрі қарай
создырылмайды. Оқу семестрі дегеңіміз есепті жылдың қыркүйек айынан келесі жылдың
қаңтар айы аралығы немесе есепті жылдың ақпан айынан маусым айының аралығы. Шәкіртақы
айдың 15-не дейін кешіктірмей беріледі.
5.4.
Шәкіртақы Әріптесіміз-Банкпен шығарылған банк кәртішкесіне қолма-қолсыз төленеді.
Атқарушы директор төлеу барысын қадалап, таласты сұрақтарды шәкіртақы алу барысында
шешеді.
5.5.
Шәкіртақы алушы Ереженің 2.1., 2.2. и 2.3.тармақшасында көрсетілген талаптарға үнемі
сай болу керек. Ереженің 2.1., 2.2. и 2.3 тармақшасында көрсетілген параметрлер өзгерсе,
шәкіртақы алушы бұл өзгерістер болған күннен бастап бір ай ішінде Бірлестік әріптестеріне
жазбаша түрде хабарлау керек.
5.6.
Оқу семестрдің кез келген уақытында шәкіртақы алушының қаржылай жағдайы
жақсарса, не оқудан шығарылса, Ереженің 2.1., 2.2. және 2.3 тармақшасыдағы талаптарға сәйкес
келмейтін болса, шәкіртақы төленбейді, бірақ өткенде алған шәкіртақының соммасын қайтаруға
сұранбайды.
5.7.
Шәкіртақы алушы Moomkin.com сайтында тіркеліп, «Taiburyl» тобының мүшелеріне
кіру тиіс.
6. Шәкіртақы төленбейтін себептер 6.1
Шәкіртақы тек қана университеттің шынайы студенттеріне төленеді.
6.2
Шәкіртақы төленуі осы жағдайда тоқтатылады:
– оқу мониторинг барысында анықталған шәкіртақы алушының негізгі Ереженің талаптарына
сай болмауы;
– Университет студентті академиялық демалысқа шығуы;
– студенттің университтетен шығарылуы;
– студенттің басқа жоғары оқу орнына немесе мамандыққа аударылуы (ауысуы);
«TAIBURYL» ҚБ Студенттерге арналған «Айлық шәкіртақылар» Ережесі
- Бірлестікте қаражаттың мөлшері жетіспеуі.
6.3
Менеджер шәкіртақы алушыға шәкіртақы төленбес жайлы үкім шығарады, оның
құжаттарын талаптарға сай еместігін растап, барлық қағаздарды Басқарма Төрағасына
тапсырады. Шәкіртақы төленбеуі Басқарма Төрағасының үкімімен тоқтатылады.
6.4
Босатылған шәкіртақы университеттің басқа студентіне берілмейді. Босатылған
шәкіртақы құны Қоғамның есеп шотында келесі жылдың байқауына шәкіртақы төлеу
мақсатында қалады.
«TAIBURYL» ҚБ Студенттерге арналған «Айлық шәкіртақылар» Ережесі