Бұл анықтамалар міндетті түрде жиналу тиіс. Анықтамалардың уақыты мен берілген мезгілі байқау өтіп жүрген кезінде болу керек. Бір айдан асып кеткен анықтамалар қабылданбайды. I. Тапсыруға берілетін, қажетті құжаттар тізімі: Нотариалдық бекітілген Жеке куәлігінің көшірмесі Деканаттың таңбасымен бекітілген ҰБТ қортындысының көшірмесі (деканат) Оқу орнынан мәлімдеме (деканат), сондай-ақ оқу үлгерімінің мәлімдемесі (транскрипт) Еңбек кітапшасының көшірмесі (еңбек тәжірбиесі болған сәтте) Нотариалдық бекітілген диплом көшірмесі транскриптімен бірге (магистрлерге) Үміткердің атына не болмаса оның жұбайының атына жазылған пәтер мүлігінің бары/жоғы жайлы Анықтама; (ҚР ХҚКО) Бірге жинаған жылжымайтын мүлігінің болуы жайлы Анықтама (үйленгендерге, тұрмысқа шыққандарға) Соңғы 6 ай ішіндегі үміткердің атына не болмаса жұбайының атына жазылған Автокөлігінің бары/жоғы жайлы Анықтама; (ҚР АрнайыХҚКО) Сотталуы бар/жоқ жайлы Анықтама (ХҚКО) Үміткердің жұмыс орнынан жалақысы жайлы анықтама және соңғы 1 жылда зейнетқордан алынған анықтама (бар болса) Жұбайының жұмыс орнынан жалақысы жайлы анықтама және соңғы 1 жылда зейнетқордан алынған анықтама (бар болса) Ата-анасының жұмыс орнынан жалақысы жайлы анықтама және соңғы 1 жылда зейнетқордан алынған анықтама (бар болса) Неке қидыру құжатының көшірмесі (бар болса) Балаларының туу куәліктерінің көшірмесі (бар болса)